Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда қазақ тіліндегі жалғауларды оқытудың тиімді жолдары»



бет10/17
Дата29.03.2022
өлшемі2,78 Mb.
#29170
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:

Біріншіден, оқушыларға мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын үлестіріп береміз:

Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға.

Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен –дар, -лер болып тұр?

Күректер, кілемдер сөздеріндегі көптік жалғауының түрлеріне талдау жаса.

Көптік жалғауы қандай жағдайда д дыбысынан басталады, мысал келтір.



Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.

Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет