Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда қазақ тіліндегі жалғауларды оқытудың тиімді жолдары»



бет7/17
Дата29.03.2022
өлшемі2,78 Mb.
#29170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Барыс септікке 2 сағат

Табыс септікке 2 сағат

Жатыс септікке 2 сағат

Шығыс септікке 2 сағат Көмектес септікке 2 сағат

Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі 1 сағат

Зат есімнің жіктелуі 2 сағат

Етістіктің жіктелуі 2 сағат

Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы

Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш рет жазып, оның әуелгі терминологиясын қалыптастырған айтулы ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанымен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматикасына тыңнан түрен салған, оның барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап, негізгі жүйесін қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлы болды.

Ахмет Байтұрсынұлының қосымшаны жалғау және жұрнақ деп бөлуінің грамматикалық жағынан ғана емес, танымдық түсінік туғызуы мен терминдегі халықтық сипатты танытуда да үлкен маңызы бар. Қосымша сөзін таңдап алуының да осындай өзгеше ерекшелігі бар деп есептейміз. Қосымша сөзінің атау ретінде беретін мағынасы мен термин ретінде беретін мағыналарының негіздемесі (мотивациясы) жақын. Негізгі мағыналары ортақ болғандықтан, қосымша терминін естігенде әңгіменің жалпы не туралы болатыны туралы тыңдаушыда белгілі дәрежеде алдын ала түсінік қалыптасады.

Ахмет Байтұрсынұлы салған ізбен қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздерін зерделеу саласында Т.Шонанов, Ш.Х.Сарыбаев, С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев сынды ғалымдар еңбек етті. Бұлар А.Байтұрсынұлынан кейінгі әдіскер ғалымдардың алғашқы шоғыры еді. “Әдістеме” деп аталатын ғылымның бастауында тұрған бұл ғалымдардың еңбектері кеңінен зерделеуді, уақыт пен заман ұстанған саясат астарындағы қиын кездің өзінде тіл туралы толғамды ой айта алғандығын байыптап салмақтауды қажет етеді. Бұл кезең сондай-ақ, жазу таңбаларының үздіксіз ауысып жатуымен де ерекшеленеді. С.Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет