Курстық жұмыс Тақырыбы: Жазылым әрекетін қалыптастырудың әдістемесі Мамандық шифры


Жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері, тиімділігі



бет6/7
Дата26.12.2022
өлшемі76,49 Kb.
#59592
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
курсовой гульнур А (копия)

1.4 Жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері, тиімділігі
Жалпы жазылым әрекетін дамыту үшін жасалатын, қолданылатын тапсырмаларға бірнеше мысалдар келтіре аламыз.Мәселен;
-оқушыларға таныс ертегі,әңгіме, өлеңдердің ішінен бір-екеуін жаздыру;
-сөздердің орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;
-тілдік тақырыптар аясында шығармашылық тапсырмалар(ребус,пиктограмма,сөзжұмбақ,сәйкестендіру,тес тапсырмаалары) құрастырып жазу;
-Тыңдалған және оқылған мәтіннен немесе көрген фильмнен алған әсерін жазу;
-мәтіндегі қиын сөздерден сөздік құрастырып жазу;
-сыныптың қабырға газетіне шағын мақала жазу;
-мәтіндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзертіп,аяқтап жазу;
-сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау;
-шағын хат жазу;
-есте сақтау арқылы жазу;
-жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру.
Солардың бірнешесіне тоқталар болсақ,мазмұндама, шығарма, өлең жазу, мәтін жазу, реферат, сөзжұмбақ, түсінік жазу, диктант. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережелерге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтып, оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме диктант есту арқылы болады және көру арқылы жазатын түрлері де бар. Ол былай жүргізіледі, алдымен кітаптан бір үзінді алып, оны оқытып, оқығаннан кейін жатқа жаздыру, олардың қаншалықты дұрыс жазылғанын тексеру қажет немесе тақтаға тақырыпқа байланысты сөздер жазып, оны көшіріп, қайта дәптерге жаздыру. Бұл балалардың сауатты жазуын, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Диктант түрлері:
1. Шығармашылық диктант
2. Өзіндік диктант
3. Бақылау диктанты
4. Еркін диктант
5. Шолу диктант
Терме диктант. Текст ішінен өтілетін ережеге сай сөздер мен сөз тізбектері немесе сөйлемдерді теріп жазу үшін қажет. Терме диктант фонетика, лексиканы және грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Баланың ақыл — ойын дамытуға көмектеседі.
Өздік диктант. Бұрыннан белгілі мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысын жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Шығармашылық диктант. Оқушылардың өз бетімен жазған жұмыстарында қателер жібермеуге дағдыландыру үшін, өз ойларын сауатты жазуға машықтандыру үшін жүргізіледі. Мысалы тақтаға жеке сөздерді жазып, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау немесе суреттер іліп, сол суреттерге қарап сөйлем құратып жаздыру.
Еркін диктант. Оқыған текстің мазмұнын оқушылардың өз беттерімен жазу үшін беріледі. Сын жұмысының бұл түрі оқушылардың тілін байытады, дұрыс, қатесіз жазуға төселдіреді. Оқушыларға тексті бір рет оқып беріп, біреуіне мазмұнын айтқызып, содан кейін еркін диктантты жаздыру керек. Еркін диктант жаздыру шығарма, мазмұндама жаздыруға үйретеді.
Шолу диктанты. Бұрын оқып кеткен тақырыптарды пысықтау үшін қолданылады.
Бақылау диктанты. Орфография мен пунктуациясын және грамматикасын, оқушылардың білімін сынау үшін, олардың қандай дәрежеде сауатты екенін білу үшін жүргізіледі. Сын жұмысының тексті балалардың білім дәрежесіне сай болуы кжазба жұмыстарының тағы бір түрі — мазмұндама.
1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Бұл мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жазылады.2. Сурет бойынша мазмұндама. Мұндай мазмұндаманы жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді. Мақсаты: бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу. Суретті мазмұндама оқушы шығармашылығын дамытуды жетілдірер бір құрал.3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал. Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін дамытуға да әсерін тигізеді.Оқушылардың жазба тілін дамытудың тағы бір түрі — шығарма. Шығарма белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспар арқылы баяндау керек.Балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа бөлуге болады:
1. Экскурсия бойынша2. Оқушылардың естіген, оқыған әңгімесіне байланысты.3. Өнер саласына байланысты.4. Суретке қарап жазу.
Ең тиімдісі экскурсия бойынша шығарма жазу. Экскурсия бойынша шығарма жазу табиғатқа саяхатқа шығып, ондағы құбылыстар мен жыл мезгілдеріне байланысты жаздырылады. Мысалы: қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки, шанамен сырғанау сияқты қызық ойындары туралы жаздырылады. Шығарманың бұл түрінің тиімділігі балалардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамытудың, сонымен бірге табиғаттың сұлулығын қызықтай білуге, аялай білуге, эстетикалық тәрбие беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың дұрыс нәтиже беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың жаңа жүйесі, жаңа технологиясының алатын орны ерекше



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет