Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Көп таңбалы сандар 2022



бет3/5
Дата28.07.2022
өлшемі62,59 Kb.
#37952
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
көп таңбалы сандар

Зерттеу көздері. Ғылыми зеpттеулеpде бастауыш сынып оқушыларына арналған көп таңбалы сандар жайлы жазылған мақалалаp, ғылыми зеpттеулеp, ғылыми әдебиеттеp қатаpынан алынды. Және де бастауыш сыныптарға арналған оқулықтардан, «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытуды 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, 1 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
.

Математика сабағында көптаңбалы сандарды оқыту әдістемесі
1.1 Көп таңбалы сандар
.Оларды оқу, жазу және салыстыру тақырыбында разрядтар мен кластаржайында түсінік беру және көп таңбалы сандарды заттардың әр түрлі санау бірлігін пайдаланып санау; көп таңбалы сандарды оқу, жазу және сандармен шамаларды салыстыру; көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру; шамаларды (ұзындық, масса, аудан, көлем, уақыт) өлшеу және кейбір шамалардың жаңа бірлігін енгізу, тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер сияқты мәселелер қарастырылады. Разрядтар мен кластар жайындағы түсінік әр түрлі санау бірлігін негізге ала отырып санаудың нәтижесінде біртіндеп енгізіледі, бірліктермен санау арқылы- бір таңбалы сандар, яғни бірінші разряд бірліктері, ал ондықтармен санау арқылы- ондықтар, яғни екінші разряд бірліктері және т.с.с. жалғастыра береміз де, әр разрядтың реттік номерін анықтап, атауын енгіземіз. Алғашқы үш разряд: бірліктер,ондықтар және жүздіктер-бірліктер класын, бірінші класты құрайды. Жүздіктің онын алсақ, 1000шығады, бұл бірліктер класының бірлігі емес, мыңдар класының бірлігі. Келесі үш разряд: бірлік мыңдар, ондық мыңдар,жүздік мыңдар класын,екінші класты құрайды. Жүздік мыңның онын алсақ, 1миллион болады, бұл мыңдар клксының бірлігі емес, келесі миллиондар класының бірлігі.Осы тақырыптан бастап 4-сынып математикасының соңғы тақырыбына дейінгі қарастырылатын сандар алғашқы екі класпен (бірліктер және мыңдықтар) шектеледі. Ал оқу жылының соңына қарай алғашқы үш класс(үшінші миллиондар класы) көлеміндегі миллиардқа дейіңгі сандарды қарастыру көзделеді. Үш таңбалы сандарды қарастырған кезде құрылған бірліктер, ондықтар және жүздіктер кестесі сияқты, келесі разряд бірліктерін және екі класты қамтитын кесте құрылады да, сол арқылы көп таңбалы санның құрылуы, құрамы,оқылуы, жазылуы және қай разряд, қай класс бірліктері екендігін анықтау жүзеге асырылады.Көп таңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсету, яғни оны разрядтық қосылғыштарға жіктеу мен разряд немесе класс бірліктері бойынша, яғни жіктелуі бойынша санды жазып көрсету немесе атау, бір-біріне өзара кері түрлендірулер көп таңбалы сандарды нөмірлеу жайында бағдарлама талаптарына сай білім беруге септігін тигізеді. Сандардың құрылуын және оны шығарып алуды, құрылымын түзуді және жіктеуді оқытып- үйрету көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру сияқты мәселелерді қарастырудың негізін құрайтын білімнің қатарына жатады. Осыларды игерген оқушы ілгеріде қарастырылатын білім, білік және дағдыларды қиындықсыз меңгеріп кетеді. Көп таңбалы сандарды оқу мен жазу жоғары разрядтан басталады. Алайда, сандарды оқу мен жазуға қатысты ерекшеліетер бар.Көп таңбалы сандарды оқу үшін алдымен оң жақтан бастап үш цифрдан топтарға бөліп алу керек. Екінші топтағы (оңнан солға қарай есептегенде) цифрлардың санына қарай, енінші-мыңдар класының бірлігін оқып, оған кластың аты қоса айтылады, әрі қарай бірінші-бірліктер класының бірлігін оқиды (бірінші кластың аты қоса айтылмайды). Ал көп таңбалы санды жазу үшін алдымен аталған кластың бірліктері жазылады. Көп таңбалы санды оқу, жазу және салыстыру «класс», «разряд», «разрядтық сан», «кластық сан» сияқты ұғымдармен байланысты. Сондықтан көрнекілікке сүйене отырып, бірлік, ондық, жүздік-бірінші класты, яғни бірліктер класын, ал бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар- екінші класты, яғни мыңдар класын құрайтынын ерекше атап өткен жөн. Сонымен бірге төмендегі кестені пайдалана отырып, сәйкес білімді тиянақтай түсу керек .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет