Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Көп таңбалы сандар 2022


Көптаңбалы сандарды оқыту әдістемесіне арналған сабақ жоспары



бет4/5
Дата28.07.2022
өлшемі62,59 Kb.
#37952
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
көп таңбалы сандар

1.2 Көптаңбалы сандарды оқыту әдістемесіне арналған сабақ жоспары




Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Миллиондар класы.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі

Мақсаты: оқушыларда «класс» деген түсінікті қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи және жаза білу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру; есептеу дағдыларын дамыту.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.



Үй тапсырмасын пысықтау



1). Көркем жазу. 5, 9, 0 цифрларын пайдалана отырып, үш таңбалы сандарды жаз (509, 590, 950, 905) санды жазыңдар. Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(509, 950). Бұл сандар қай класқа жатады? Бірінші кластың разрядтарын атаңдар (жүздік, ондық, бірлік). Бірінші класты басқаша қалай атауға болады? (бірліктер класы)

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

1. Ауызша жұмыс. - 999 999 – дан кейінгі келесі санды атаңдар.
- 1 000 000 – миллион. Миллион санын қалай жазу керек?

Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты – миллиондар класын немесе үшінші класты құрайды.

Разрядтар және кластар кестесін қараңдар. Кестеде жазылған сандарды оқыңдар. № 1. (321 456 789; 21 456 789; 1 456 789; 456 789; 56 789; 6 789; 789; 89; 9;)


Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін, оны ойша кластарға бөліп алу керек, ол үшін оң жақтан бастап үш цифрдан бөліп алады. Мыс: 198 656 123

Көп таңбалы сандарды солдан оңға қарай кластарының атауымен оқиды: жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз елу алты мың жүз жиырма үш (бірліктер класын атамайды)


Оқулықпен жұмыс. № 1. (ә). Сандарды оқы: 250 000; 25 000; 14 145 120; 445 103; 148 100.
б). төмендегі сандарды жаз:
5 ондық мың 214 бірлік = 50 214; 1 миллион 3 жүздік мың = 1 300 000;
3 миллион 5 мың = 3 005 000.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет