Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп информатика курсында алгоритмдеу мен бағдарламауды зерттеудің жалпы тәсілдері»


Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту



бет4/16
Дата25.05.2023
өлшемі104,36 Kb.
#97016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Мектеп информатика курсында алгоритмдеу мен бағдарламауды зерттеудің жалпы тәсілдері курстық жұмысы

1.2 Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту

Ойын түрлері: 


Танымдық ойындар Информатиканы оқытудың негізі болып ойын саналады. «Ойын» сөзі курс ұғымына кездейсоқ енген жоқ. Психологтардың дәлелдеулері бойынша 6-10 жастағы балалардың негізгі әрекеті ойын болып саналады. Оқыту – күрделі және көпжақты процесс. 
Әр ойынның басты мақсаты – материалды түсініп, бекітуге көмектесу. 
Мысал ретінде 1,2,3-сыныптарда өтілетін ойындарды қарастырайық. 
«Балық, құс, аң,...» ойыны Сыныпта жүргізуші «балық, құс, аң...» деген сөздерді айтып өтеді. Кенет бір сөзде тоқтап оқушыны көрсетеді. Оқушы не балықты, не құсты, не аңды атайды (ол жүргізушінің қай сөзде тоқтағанына байланысты).
Ойынның мақсаты: 
 балалар өздеріне таныс жануарларды атауға үйренеді; 
таныс емес жануарларды таниды
 сыныптастарын зейін қойып тыңдауға үйренеді; 
 дұрыс жауапты тез тануға үйренеді; 
 сыныптастардың жауабын дұрыс бағалауға үйренеді. 
Бұл ойынды өзгертуге де болады. «Гүлдер, ағаштар, көкөністер, жемістер...» және тағы басқа. 
«Қатарды жалғастыр» ойыны 
Жүргізуші оқушыларға бір топтағы заттардың қатарын атайды (4-5түрін). 
Балалар бұл заттардың жалпы атауларын атап, қатарды жалғастырулары қажет. Мысалы, жүргізуші мынадай қатарды ұсынады: қаз, үйрек, торғай, қарға,.. немесе Астана, Москва, Лондон,...
«Күн-түн» ойыны .Балалар көзін жұмып, шынтақтарын үстел үстіне қояды. Жүргізуші он саны аясындағы сандарды алу және қосуға байланысты есептер айтады. Балалар көздерін ашпай саусақтарымен жауаптарын көрсету керек. Жүргізуші сыныпта жүріп балалардың қолдарын түртіп, жауаптың дұрыс не бұрыстығын айтады. Ойынның мақсаты - балалардың көру аппаратын қоспай, есепті ауызша шығара білуге үйрету. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір үлкен адамдар да саусақпен жауапты көрсетуге қиналады. 


1.3 Информатиканы оқыту әдістемесі

Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс «педагогикалық технология» деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Сауатты өмір – дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері өкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде.


Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің бапрлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жеке сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.
Ал бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зхерттеуді керек етеді.
Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкелері бағдарламауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мекиеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту, 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шығып, 1986 ж. информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.
Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жалдары А.П.Ершов, В.Н.Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Ал 1998 жылдан бері 7-9 сыныптарға арналған информатика оқулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет