Курстық жұмыс тақырыбы: «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту»


Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту әдістемесі



бет5/8
Дата18.05.2022
өлшемі52,61 Kb.
#34945
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
курс раб пед

2.2.Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту әдістемесі
Бәріне белгілі, ойын – балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, дамыту құралы. Ойын барысында байқаусыз, аса міндеттемей оқу үрдісіне қажетті кейбір психологиялық қасиеттер қалыптаса бастайды. Олар: ойлау, зейін, есте сақтау, қиял. Сонымен қатар оқу жұмысының дағдылары қалыптасады. Қызықты материалды тиімді пайдаланған жағдайда сабақтың сапасы көтеріледі; оқушылардың ойлау әрекеті белсене түседі. П.П.Блонский былай деген: «Ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ақыл әрекетінің дамуына ойын негіз болады». Оқуда ойын үдерісі оқу үрдерісімен тығыз қиылысуы керектігін әрқашан есепке алып отырамын.
Сондықтан ойындарды сабақтың тақырыбын мақсат көздеушілігі және оларды өткізу мақсаты бойынша жіктеп, топтастырамын. Мысалы: математика сабақтарында:

  1. Оқытатын және бақылайтын ойындар

Бұл ойындарды жаңа білімді оқыған кезде және алған білімді қайталау кезінде тез есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргіземін.
А) «Күн мен түн»
Ә) «Үндемес»
Б) «Жоғалған санды тап»
2. Қозғалмалы және аз қозғалатын ойындар
Бұл ойындар балаларға мұқият және белсенді болуға көмектеседі. Мәселен:
А) «Шынжырды жалғастыр»
Бұл ойынды балалар орындарында отырып ойнайды.Әр бала кезектеп кез келген сөзді айтады. Бірақ әрбір келесі оқушы алдыңғы балалардың айтқан сөздерін ұғып, қайталауға қажет.
Мысал: 1- ші бала доп
2- ші бала доп, қалам
3- ші бала доп, қалам, терезе …т.с.с. ойын жалғаса береді.
Ә) «Кім жақсы?» ойынын 2-3- ші сыныптарда кең түрде пайдаланамын. Әсіресе көбейту кестесін өткен мерзімде. Ойынның шарты мынадай:3,13,23, 30-ды және 3- ке бөлінетін сандардың орнына «мен жақсы» деп секіріп қалуы керек. Ойын барысында балалар үштің кестесін тез ұғып алады және мұқият бола түседі. Бұл ойынды басқа да санға көбейту кестесімен алмастыруға болады
3. “Жылдамдық” және “сапалық”ойындары
Бұл ойындар жарыс, эстафета түрінде жүргізіледі. Балалардың бойында белсенділікті арттыра түсемін және дұрыс жауапты бірінші айтуға құштарлықтары туады. Мысалы:
А) “Шапшаң бол – босқа қалма”(+, - ,*, / кестесі)
Ә) “Белгісіз санды тап”
4. “Топтық және жеке ойындар”
Бұл ойындар ұжымдық сезімді тәрбиелейді, жолдастарымен бірлескен әрекетке қатысуға деген ынталары арта түседі. Мысалы:
А)”Есепте, неше геометриялық фигуралардан құралған”
Ә)”Бірдей жауаптары бар есептерді тап”
Бұл ойын менің оқушыларыма өте ұнайды. Ойынға беріліп, салынып ойнаған кезде, алдарындағы есепті қалай тез есептеп кеткендерін өздері де байқамай қалады. Ойда шапшаң және дұрыс есептеу дағдылары қалыптасады. Мысалы:
Қазақ тілі сабақтарында “деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа” деген қағиданы негізге ала отырып, ойындарды бірте- бірте күрделендіре түсемін. Мысалы:
А)”Қай әріпті жоғалттым?”
Ә)”Қай буынды жоғалттым?”
Б)”Қай сөзді жоғалттым?”
В)”Қайда менің өз жағым?”ойынын сергіту сәті орнына да өткізіп жіберуге болады.
5. Ойынды таңдау
Ойынды таңдау бірінші кезекте балаға байланысты, яғни оған не керек, қандай тәрбие керек және оның ерекшелігі неде? Егер ұжымдық ойынды таңдайтын болсақ ойнаушылардың құрамы қандай, интеллектуалды дамулары, дене бітімдері, жас ерекшеліктері, қызығушылықтары қандай екенін білу өте қажет.
Ойынды таңдау тәуліктің уақытына байланысты. Егер ерте таң болса балалар ұйқыдан оянып үлгермеген, сол себепті қимыл- қозғалысты талап ететін ойынды ұсынған жөн. Ал егер 2 – ші – 3- ші сабақтар болса, аз қимыл- қозғалысты талап ететін ойындарды, логикалық есептер, ойын негізінде құрылған сабақ т.с.с. қолдануға болады. Ал 4- ші –5 – ші сабақтарда балалар шаршап, энергиялары төмендей түседі, бұл жағдайда бір орында, нақты бір затқа байланысты ойындарды қарастырған жөн болады. Ойын мақсаты- шығармашылықты талап ету, жаңа білімді меңгерту, өткен материалды тәжірибеде қолдана алу. Ойын барысында түрткілерді ауыстырып отыру қалыпты нәрсе, өйткені балалар біріншіден қуаныш алу үшін, екіншіден білімді меңгеру үшін ойынға қатысады.Ойында бала бір – бірімен байланысқан түрлі деңгейдегі мақсаттарды жүзеге асырады.
Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үдерісінің өзінен ляззат алу. Бұл мақсатта қуаныш сыйлайтын кез келген белсенділікке дайындықтарын анықтайтын белгілер көрінеді.
Екінші деңгейдей мақсаты- функционалды, ол ойын ережелерін орындаумен байланысты, сюжеттерді, рөлдерді көрсету.
Үшінші деңгейдей мақсаты – ойынның шығармашылық міндеттерін көрсетеді – тауып алу, шешу, нәтижелер мен жетістіктерге жету.
6. Ойынды ұсыну
Ойынды ұсынудағы басты міндет – баланың ойынға деген қызығу-шылығын ояту. Ойын тәсілдері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Қызығушылықты- алдымен ойынға арналған құрал- жабдық тудырады. Ойынды ұсынуға, оның нәтижелері мен әрекет ету техникасы жатады.
Ойынды түсіндіретін уақыт өте жауапты. Түсіндіру өте қысқа және нақты болу керек. Ойын басталар алдында ғана түсіндірілуі керек. Түсінді-руге- ойынның аты, мазмұны, негізгі ережелері, соның ішінде ойнаушылар-дың әрекеті, құрал- жабдықтың атқаратын қызметі жатады.
7. Ойындағы рөлдерді бөлу, топқа, командаларға жіктеу
Ойынды өткізуге арнап бөлінген топты – ойын ұжымы деп атайды. Топқа бөлуді және командаларға жіктеуді талап етпейтін ойындар да бар. Ұжым – ұжым етіп бөлуде өзінің әдебін сақтау керек, қызығушылықтарын, баланың бір – бірінің қарым- қатынастарын есепке алып отыру керек. Өзімнің тәжірибемде мұндай жағдайларда жребий тастаймын немесе санамақты қолданамын.
Топтық ойын рөлдерін бөлгенде келесіні ескеріп отыру керек:
1. Беделдері төмен балаларға – беделдерін нығайтуға арналған рөлді беру;
2.Белсенді емес, баяу балаларға- белсенділікті қажет ететін рөлдерді беру;
3.Тәртіпсіз балаларға- өзін ұйымдастыра алатын рөлдерді беру керек;
4.Жаңадан келген балаларға немесе өз бойын басқалардан бөлек ұстап, үнемі шетте жүретін балаларға- өзін көрсете алатын, басқалармен достасып кететін рөлдерді бөліп беру.
Ойын барысында менменшілдіктің пайда болуын болдырмау қажет. Бағынбаушылық ойынды бұзады. Әрбір рөлдің өзінің атқаратын әрекеті болу керек, керісінше жағдайда бала ойыннан шығып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет