Курстық жұмыс тақырыбы: «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту»



бет2/8
Дата18.05.2022
өлшемі52,61 Kb.
#34945
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
курс раб пед

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін ойындар арқылы жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу, тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:

  • Ойын – оқытудың жаңа технологиясының маңызды бөлігі ретінде қарастыру;

  • Оқу жұмысындағы ойын технологиясының қолданудың тиімділігін зерделеу;

  • Оқу жұмысындағы ойынның атқаратын негізгі қызметтерін айқындау;

  • Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін көрсету.

Зерттеу нысаны: ойын оқыту әдісі
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптардағы оқыту әдісі ретінде – ойын технологиясы
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі ойын туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бастауыш сыныптардағы оқыту әдісі ретінде – ойын технологиясы
1.1.Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама
Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай бағыттарда қолданылады:

  • Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту;

  • Оқыту мақсаты (дидактика) – бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың бірі.

Чех педагогы Ян Амос Коменский ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды.
Еңбек үстінде адамның көптеген техникалық ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында олар түрлі жолдармен жорыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектепте оқитын балалар сабақ үстінде байқатады. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді бала қайдан алады. Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады. Ойын – балалар іс-әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады дейді. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын үстінде өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады, түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстіде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.
Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
А.С.Макаренконың айтуынша ойында баланың физикалық, психоло-гиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп. Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар – оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді.
Танымдық ойындардың кез келген түрі оқушылар үшін пайдалы, олар ойын арқылы өз күшін, қабілетін тексере алады. Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:

  • ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;

  • оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;

  • оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;

  • оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;

  • ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады.

Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:

  • тәрбиелік мақсаты;

  • қолданылатын көрнекіліктер;

  • уақытты үнемдеу;

  • ойын қызықты бола ма?

  • оқушылардың белсенділігін бақылау.

Ойын барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын нәтижелі болады. Оқу мақсатына қарай ойын лексика-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Лексика-фонетикалық ойындардың мақсаты – оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау. Бұл ойын түрін сабақтың бастапқы сатысында қолданылуға болады. Ал сабақтың соңғы сатысында ойды жүйелі жеткізуге үйрету үшін грамматикалық ойындар қолданылады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.
Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

  • ойын-сауық;

  • коммуникативті немесе қарым-қатынастық;

  • диагностикалық;

  • коррекциялық;

  • әлеуметтендіру.

Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Ойын – күрделі философиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Философиялық еңбектерде ойын әр түрлі көзқараста, пікірде түсіндіріледі. Мысалы, сонау ерте замаңғы грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Грек философы Гиппократ ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік – шахмат ойнап отырған бала». Келесі грек ойшылы Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын – әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.
Осының негізінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:

Психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қарастырады;
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу: еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теория-лық тұрғыдан алып қарағанда, педагогиялық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып-үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі; педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
«Технология» - латынның «техне»-өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»-ғылым деген сөзінен шыққан. 60-70- жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:
- педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісі (С.Сполдинг);
- педагогикалық технология – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер-оның құрамды бөлігі ғана (В.Беспалько);
- педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесінің шығарма-шылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), т.б.
Сонымен педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құрумен, оқу-тәрбие процесін жобалаумен айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын, қайта жаңғыртылатын оқу-тәрбие процесін жобалауды көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жүйесін құрайды. Оның негізгі құрылымы мыналар болып табылады: а) тұжырымдамалық негізі; ә) мазмұндық бөлімі (мақсаты, мазмұны); б) әрекеттілік (процессуальдық) бөлімі-технологиялық процесс (оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің әдістері мен формалары; мұғалімнің оқу-тәрбие процесін басқару әдістері мен формалары; оқу-тәрбие процесінің диагностикасы).
Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық және материалдық шарттарға байланысты. Педагогикалық технологияның табысты болуын анықтайтын педагогикалық шарттарға, ең алдымен педагогтың дербес ерекшеліктерін – тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығушылықтарын т.с.с. жатқызуға болады. Сонымен бірге оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі де ерекше мәнге ие болады.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.
Оқыту білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Солардың бірі – педагогикалық үрдісті технологияландыру.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастыруды, білімді еңбекпен ұштастырып, іс- әрекеттің саналылығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді.
Оқыту технологиясы – оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педогогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалынған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылады.
Педагогикалық технология – оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы.
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының оқу – тәрбие процесін жаңашылдық тұрғысынан ұйымдастыру және оқушының оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік беретін әр түрлі жаңа технологиялар бойынша жүргізуді қажет етеді. Соның бірі бастауыш сынып оқушылары-ның математика пәніне деген қызығушылығын арттыратын, олардың таным-дық іс - әрекетін белсендіріп, қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптас-тыратын ойын технологиялары болып табылады.
Ойын технологиялары – оқу – тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Ойын технологиялары мәнді өмір жағдаяттарын жобалау және оның шешуін іздестіруге құрылады, жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: рольдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және дидактикалық ойындар, іскерлік ойындар.
Ойын технологияларының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.
Мазмұны: білімдік, танымдық, шығармашылық, репродуктивтік.
Әдістері: пәндік, сюжеттік, рольдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік
Тұжырымдамалық ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамына сүйенеді
Ойын технологияларының мүмкіндіктері: тәрбиелік, дамытушы, эвристикалық. Олар бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруге игі әсерін тигізеді және оқушылардың танымдық іс - әрекетін белсендіріп, білімді саналы менгеруін қамтамасыз етеді.
Ойын технологиялары белсенді тұлғааралық қарым - қатынас пен өзін өзі анықтау үшін өте қажет. Әрбір пәнді оқыту барысында ойындарды пайдалану болашақ мұғалімдерге өздерінің іскерлік сапалары мен тұлғалық қасиеттерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Ойын технологияларын оқыту процесінде қолдану. Ойынды оқыту процесінде белсендіру және жетілдіру құралы ретінде мына жағдайларда қолданылады:

  • оқу пәнінің ұғымдарын, тақырыптарын және тұтас бөлімдерін меңгеру үшін дербес технология ретінде;

  • жалпы технологияның бір бөлігі ретінде;

  • сабақ және оның бір бөлігі ретінде;

  • аудиторядан тыс жұмыстар үшін дербес технология ретінде.

Ойын технологияларының бағыттары:
- оқу – танымдық іс - әрекет ойын ережесіне бағынады;
- дидактикалық мақсат оқушылар ойын арқылы, оны шешу арқылы қамтиды;
- оқушының оқу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылып, оқу әрекетіндегі дидактикалық мақсатты ойынмен алмастырып, ойын арқылы жүзеге асырылатын жарыс, сайыс элементтері енгізіледі ;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет