Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Мамандық: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет1/5
Дата19.04.2023
өлшемі53,65 Kb.
#84708
  1   2   3   4   5
Байланысты:
сыни тұрғыдан (1) (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ
ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

«Қорғауға жіберілді»


«____»_____20__ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету


Мамандық: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілік: 01111 3 «Ағылшынша білімі бар математика мұғалімі»


Пәні: математиканы оқыту теориясымен әдістемесі
Дайындаған: Саттыбаева Эльмира Серікқызы
Тобы: МБ-19-1
Ғылыми жетекшісі: Қозыбакова.А.П
Бағасы:

Ақтау 2023ж



МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ..................................................................................................... 2

II Сыни ойлау жайлы түсінік

    1. Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту……………………….4

2.2 Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тиімділігі……18
III Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі
2.1 Сыни тұрғыдан ойлауға технологиясының ерекшеліктері………23
2.2 Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту……………………………………………………………………….25

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................28


  1. Кіріспе

Бәрімізге белгілі, адам өзге мақұлықтан ойлай білу қабілетінің болуымен ерекшеленеді. Адам баласына ойлану, өз бетінше шешім қабылдау, өз ісіне есеп беру тән. Біз қалай ойланамыз? Қалай ойлану бізді мақсатымызға жетелейді? Бүгінгі білім беру үдерісінде сыни ойлау тіркесінің енгеніне біраз болды. Мұндағы «сын» сөзі сынау немесе белгілі бір пікірді теріске шығару дегенді білдірмейді. Сыни ойлау дегеніміз не істеу керек және неге сену керек дегенді білдіретін рефлективті танымдық әрекет. Сыни ойлау не жайлы ойлауды емес, қалай ойлауды қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Басқаша айтсақ, бұл терең ойлау дегенді білдіреді. Ол маңызды мәселелерді талқылау мен тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни ойлау мәселенің табиғатын түсінуге көңіл бөледі. Мәселені шешу нақты бір салаға бағытталса, сыни ойлау жалпы деңгейде орын алады және бірнеше саланы қатар қамтиды.

Сыни ойлаудың тамыры сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәстүрден бастау алады. Ол кезде білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдаланған. Мұны біз бүгінгі білім беруде Сократтық әдіс деп атап, қолданып жүрміз. ХХ ғасырда бұл проблеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теория мектебі қарастырды. Ал Джон Дьюи болса, білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі. Ол оқу бағдарламаларының оқушының ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болатынын мойындады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы көптеген білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бұл тәжірибені жүйеге келтірген Дженни Стил, Куртис Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Пиаже, Выготский теорияларын басшылыққа алады. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстанда 1997–1998 жж. бері таныла бастады. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген.


Сыни тұрғыдан ойлау – оқушының өзгелердің ойына сыни көзқараспен қарап, алған білімін талдап, салыстырып, дәлелдеп, жеке әрі бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыларды кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Бұл технология бойынша білім дайын күйінде беріле салмауы тиіс. Зерттеушілер сыни ойлаудың түрлі компоненттерін алға тартады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары: білім, инференция, бағалау және метатаным. Осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік. Мәселеге қатысты кейбір білім жеке адамдардың сұрақ қойып, жаңа ақпаратты бағалауына көмектеседі. Білім назарды сыни ойлауға бағыттауға түрткі болады. Сыни ойлай білудің нәтижесінде адамдар жаңа білімге қол жеткізеді. Сын тұрғысынан ойлау пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу керек болған жағдайда орын алады. Инференция деп екі немесе одан көп білім бірліктерінің арасына байланыс орнатуды айтамыз. Инференция жасау адамдардың мәселені жақсы және тереңірек түсінуіне әсер етеді. Бағалау – талдау, шешім шығару және деректерді салыстыру сияқты процестерді білдіреді. Талдау арқылы біз шешілуі қажет мәселеге қатысы бар ақпаратты анықтап, таңдаймыз. Шешім шығару ақпараттың дұрыстығын бағалау арқылы қате пікірді жоюды білдіреді.
Салыстыру дегеніміз қолдағы ақпаратты салыстырып, оны өзімізге түсінікті түрде ұйымдастыру. Метатаным – сыни ойлау үшін аса маңызды. Алдыңғы дәрістерімізде біз метатанымның «ойлау жайлы ойлау» екендігі жайлы айтқан болатынбыз. Метатанымдық әрекеттер бізге ойлау процесін бақылап, шығарған шешімдеріміздің дұрыстығын білуге көмектеседі. Метатанымдық әрекеттер арқылы біз мәселе жайлы толық ойладық деген шешімге келе аламыз. Мұндай шешімге келмеу – біздің шешім шығаруға дайын еместігімізді және әлі де көп ақпарат керек екендігін білдіреді. Метатаным дегеніміз менталдық әрекеттерді әдейі, ырықты түрде басқару. Метатанымға тапсырмалардың сәтті іске асқаны жайлы білім мен оны бақылау жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет