Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Мамандық: 0111000 «Негізгі орта білім беру»


Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту



бет4/5
Дата19.04.2023
өлшемі53,65 Kb.
#84708
1   2   3   4   5
3.2 Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Сыни ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс деп аталатын кезеңдерден тұрады. Сыни ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы 60 түрлі стратегиялардан, әдістерден тұрады. Олардың мақсаты шығармашылық ойлауды дамыту. Шығармашылық (немесе шығармашылық ойлау) осы тарауда сөз болған басқа мәселелермен тығыз байланысты.
Шығармашылық ойлау жаңа идеяны дамытуды, мәселені шешуді, құнды және жеке адам мен әлеуметтік топқа сай келетін нәтижені қамтиды. Зерттеушілер бұл екі өлшемнен басқа шығармашылыққа қажетті болуы мүмкін компоненттермен келіспейді. Мәселені шешу сияқты, шығармашылық та шешімге бастайды. Алайда мәселені шешу кезінде шешімнің жаңа болуы міндетті емес. Олар әбден қарастырылған және дәлелденген болуы керек. Шығармашылық ойлау құнды және қолдануға болатын нәтижелерді қамтығанымен, ол шешім шығаруды емес, мәселені тереңірек зерттеуді талап етеді. Шығармашылықтың бірнеше түрі бар болғандықтан, оны жеке құбылыс деуге болмайды. Ақпаратты өңдеу теориясы сияқты, шығармашылық та білімді қалыптастырып, білімді ҰМЖ тораптарындағы басқа біліммен байланыстыруға қатысады. Концептілердің жаңа немесе ерекше тәсіл арқылы бірігуі шығармашылықтың барлық түріне әсер етеді. Басты мәселе оқушыларды шығармашылыққа үйретуге бола ма деген мәселеге байланысты. Басқа да танымдық процестер сияқты шығармашылық қабілетті арттыруға болады. Түрлі ойлау тәсілін (үйретудің конвергентті ойлаумен, яғни ықтимал шешімдерді азайту арқылы ережеге сүйене отырып, ойлаумен салыстырғанда маңыздылығы жоғары.
Сонымен қатар адамдар өз бетімен жеке жұмыс істегеннен гөрі топпен жұмыс жасаған кезде шығармашылықтың артатыны анықталған. Шығармашылыққа мотивациялық факторлар да әсер етеді. Ішкі мотивация шығармашылықты жеңілдетсе, сыртқы мотивация жайлы олай дей алмаймыз. Кейбір зерттеулер шығармашылық ойлау үшін оқушыларды мадақтау шығармашылықтың артуына алып келе ме, әлде жоқ па деген мәселені зерттеп көрді. Зерттеу жұмыстарында бұл мәселеге келгенде бір ізділік жоқ (алайда, олардың балалардың шығармашылық ойлауына әсер ететіні анық. Мәселені шығармашылық тұрғыдан шешу үлгісін шығармашылықтың жалпы құрылымы ретінде қабылдауға болады. Аталмыш үлгі үш негізгі компонентті қамтиды. Олар: мәселені түсіну, идеяның тууы және әрекет етуге дайындалу. Аталмыш процеске метатанымдық компоненттер (мыс., жоспарлау, бақылау, мінез-құлықты жетілдіру) де атсалысады. Мәселені түсіну мәселені шешуге қажетті жалпы мақсаттан немесе бағыттан басталады.
Маңызды деректерге пікірлерге қол жеткізгеннен кейін, нақты мақсат немесе сұрақ аныталады. Идеяның пайда болудың негізгі ерекшелігі ретінде мақсатқа жетуге қажетті тәсілдерге бастайтын түрлі ойлау тәсілін айтуға болады. Әрекет етуге дайындалу ықтимал нұсқаларды қарастырып, қарсылықты жеңуге көмектесетін көздер мен жолдарды іздеп табуды қамтиды. Ой талқы дегеніміз ықтимал мәселені шешу жолдарын жасауға көмектесетін мәселені шешудің жалпы жолдары. Ой талқы төмендегі кезеңдерді қамтиды: • Мәселені анықтау. • Неғұрлым көп шешімдерді алға тарту. Бірақ бағалаудың қажеті жоқ. • Ықтимал шешімді бағалауға қажетті өлшемдерді таңдау. • Жақсы шешім таңдау үшін осы өлшемді қолдану. Ой талқының сәтті болуы үшін идея әбден қалыптасып біткенге дейін оқушылар оларды талқыға салмайды.
Адамның мәселеге қатысты білімі де ой талқының нәтижесіне әсер етеді. Себебі сол мәселе жайлы неғұрлым көп білім болса, соғұрлым көп ықтимал шешім мен олардың жарамдылығын тексеруге арналған өлшемдер пайда болады. Ой талқыны жеке адам да қолдана алғанымен, топтық жұмысқа қолданған жағдайда ол көбірек шешімге алып келеді. Сондай-ақ мектепке қатысты көптеген білім беру және әкімшілік шешім шығару кезінде де ой талқыны қолдануға болады. Түрлі және бірегей идеяның болуы өте пайдалы. Мысалы, мектептің жаңа директоры мұғалімдердің қарым-қатынасының төмен екендігін байқады делік. Осыған байланысты мұғалімдер де араларында коммуникацияның жоқ екенімен келіседі. Бірлестік жетекшілері директормен кездесіп, мынадай шешімге келеді: мұғалімдермен апта сайын кездесіп тұру, апталық ақпараттық парағын жіберіп тұру, хабарландыру тақтасына ақпараттар жазу, бірлестік жетекшілерімен апта сайын кездесіп тұру, электрондық хабарламаларды жиі жіберіп отыру, ортақ пошта бойынша хабарландырулар беру.
Эдвард Глейзер сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратынын болжап берді: • Мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру; • Логикалық зерттеу мен пайым әдістерін білу; • Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар. Сыни ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет