Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Мамандық: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет2/5
Дата19.04.2023
өлшемі53,65 Kb.
#84708
1   2   3   4   5
Байланысты:
сыни тұрғыдан (1) (1)

II Сыни ойлау жайлы түсінік
2.1 Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту
Елбасымыз өз жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру үшін білім беру жүйесін дамытудың маңыздылығын ашып көрсетті. Жылдам өзгеріп жатқан әлемде білім беру саласына қойылатын қазіргі заманғы талаптар жоғары деңгейдегі ойлауды қажет ететіндігі айтпасақ та белгілі. «Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» деп Г. Галилей айтқандай шығармашыл мұғалім оқушыға дайын білім бермейді, оның өз қабілеті мен ойлау жүйесін саналы түрде дамытуға бағытталған оқытудың жаңа жолдарын қарастырады. «Сындарлы оқыту» технологиясының жеті модулінің бірі «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тақырыпты бір сарындағы қайталау түрінде ғана қарастырмай, тақырыпты талдауды, салыстырып-зерттеуді ұсынады. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және ой елегінен өткізуді қамтиды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық-49 бет).
Американ профессоры Дэвид Клустер (2009) «Сыни ойлауды» былай түсіндіреді: «Сыни тұрғыдан ойлау-өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек.» (С.Мирсеитова,Ә.Іргебаева, 2009, 109-бет)Яғни, оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап, ақпараттарды тек түсінуге ғана үйретпей, сыни көзбен қарауға дағдыландыру қажет.Сондықтан өз сабақтарымды жоспарлағанда оқушының сыни ойлауын дамыту мақсатында сыни ой тудыратын сұрақтар немесе тапсырмалардың болуын қадағаладым.Есту, ауызша айту, оқыту, көру, жазу, салыстыру, жинақтау арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үдерісінде оқушы бірте-бірте шыңдала түседі.
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі басқа модульдермен тығыз байланыста іске асады. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдің бірі- диалогтық оқытуды пайдалану кезінде бір-бірімен байланысқан, тізбектелген сұрақтар қоя отырып оқушыны ойланып, өзіндік жауабын беруге бағыттап отырам. Ауызша айту арқылы баланың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін сабақта түрлі тапсырма, түрлі сұрақты қолданам.
Алдымен жеңіл сұрақтан бастап, деңгейіне қарай күрделендіре бастаймын. Кейде бір сұрақтың өзін түрлендіріп бірнеше рет қоюға болады. Жалпы баланың ойлау қабілетін дамыту мақсатында сұрақтарды түрлендіріп қою, диалогтық оқытудың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау т.б. түрлі әдістерін пайдаланып сұрақ қою оқушылардың сыни ойлауын қалыптастырады.
Сонымен қатар оқушылардың бір-біріне түсіндірулерін қолданғанымда оқушылар арасында өзара диалог орнайды. Оқушылар өздерінің сыныптастарымен әңгімелесу барысында тәжірибе жинайды. Әрине, бұл жұмыс балалардың сыни ойлау деңгейін жоғары сатыға көтерді деп ойламаймын. Дегенмен, оқушылардың өздері таңдау жасай алатындығына, пікірлері немесе шешімдерінің дұрыстығына сенімі нығайды деп ойлаймын. Бірлесіп үйренудің тиімділігіне көздері жетті. Орындай алмай жатқан жерлерін бір-бірімен талқылап жатты. Менің ойымша, сыни ойлауға үйретуді осылайша қарапайым нәрселерден бастап, бірте- бірте күрделендіру керек. Яғни оқытудың «жеңілден қиынға» немесе «төменнен жоғарыға» принципін қолданған жөн деп ойлаймын.
Тізбектелген сұрақтарға жауап беру барысында бала ойын айтады, тілдесу дағдысы дамиды, өз пікірін дәлелдермен айта алатын болады. Осындай жұмысты көп жүргізу нәтижесінде кез-келген сөзден, ойдан өзіндік түйін жасайтын, өзіндік мені бар, пікірі бар оқушы қалыптасады деп ойлаймын. Сұрақ қоюдың маңыздылығы да осында оқушылардың өз көзқарасын қалыптастыру. Қарапайым тілмен айтқанда, мұғалім әртүрлі сұрақтар арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетіп отырады. Сондықтан да сыни тұрғыдан ойлайтын баланы қалыптастыру үшін ең алдымен диалогтық оқытуды дамыту керек деп есептеймін.

2.2 Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тиімділігі


Оқыту арқылы баланың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында шығармашылық тапсырманы пайдаланам. Берілген мәтінді оқып өзінің түсінгенін өз сөзімен айтқызуға да болады. Белгілі бір тарихи шығарманы алып, сол шығарманы балаға оқытып, осы шығарманың түпкі мәнін, нақты мағынасын тек бір сөйлеммен жеткізу арқылы да баланың ой-өріс шеңберін өсіруге көп көмегі тиеді деп есептеймін. Әдебиеттік оқуда « Күлпаш» тақырыбын өткенде оқушыларға Күлпаш пен Мақтымның басынан өткен хикаясындағы айтылар ойды бір сөйлеммен қорытындылауды ұсындым. Балалардың барлығы емес, бірақ көпшілігі ойларын айта алды.
Көру арқылы баланың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін интерактивті тақтадан слайдтар немесе бейнефильмдер көрсету арқылы ойын еркін жеткізуге жетелеуге болатынын ұғындым. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдары бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.
Жазу арқылы баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін дарынды оқушыларға жеке тапсырма беру арқылы дамытуға болады.Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет.
Оқушы өзінің білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы ойы ашылады, осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасайды. Сыни тұрғысынан ойлау оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулиды. Жаңа білім бермес бұрын сол тақырып жайлы не білетіндіктерін, яки не ойлайтындықтарын немесе жаңа білім алғаннан кейін ой толғаныстарын жұпта, топта немесе сынып ұжымында ортаға салу арқылы оқушыларда бір нәрсеге түрлі адамдарда түрліше пікірлер болатындығы туралы ой қалыптастырады.

Сыни тұрғыдан ойлау - білімнің болашақта пайдаға асуын, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай , жинақтай отырып , ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Нәтижеге бағыттау арқылы біз оқушыны өздігінен оқып үйренуге , қажетті білім алуға, алған білімді пайдалануға үйретеміз. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету шығармашылық деңгейге көтеруде, өзімен өзгелердің іс-әрекеттерін саралай білуге үйретуде көп мүмкіндіктер тудырады.


Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 53 бет). Осындай нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүргізу арқылы оқушыларға:
-еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-ақыл-ойын дамытады;
-шығармашылық белсенділігі артады;
-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
-тіл байлығы жетіледі;
-жан-жақты ізденеді;
-өз ойын жеткізеді;
Алайда оқушы бойында осы қасиеттерді, ептіліктерді дамытуда біз мынаны естен шығармауымыз керек:
- оқушылардың ойланып, толғануына уақыт беру;
- ойын ашық айтуға рұқсат беру;
- әр үрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
- үйрену барысында оқушылардың іс-әрекеттерін қолдау;
- сыни тұрғысынан ойлауды бағалау ;
- оқушылардың бір-біріне жасаған сындарының дәйекті болуын талап ету;
- өз іс-әрекеттерін бағалай білу.
Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктері:
Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою.
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп; тиянақты, нақты және жан - жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық көзқарастарға көңіл бөлу). Өзіндік сана сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасыымызды, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
Жалпы, қорыта айтсам, оқушының да, мұғалімнің өз іс-әрекетіне сын көзбен қарап, өз-өзіне есеп беруі адамның жеке тұлғалық қасиетіндегі жағымсыз нәрселердің болмауын, оның орнына жақсы қасиеттердің басым болуын қамтамасыз етеді. Келесі жолы алдыңғы қателіктерін қайталамауға жетелейді. Адам өз қателіктерінен қорықпауы керек, қайта содан сабақ алуы қажет. Негізінен сабақ барысында болсын, өмірде болсын (жанұя, бала) айналаңдағы адамдарға сыни тұрғыдан ойлауды үйрете жүріп өзіңде үйренетінің шындық. Күнде неше түрлі ғылыми жаңалықтар болып жатқан, күнде өзгеріске түсіп, құбылып жатқан әлемде өз орнын таба алатын, өзі шешім қабылдай алатын, қандай жағдайда да түрлі адамдармен тілдесе білетін, қарым-қатынас жасай отырып, өз пікірін еркін жеткізе алатын тұлғаны мектеп қабырғасынан тәрбиелеп шығару мұғалім қызметінің ең маңызды ұстанымы болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыда ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара бұл байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
Менің іс-әрекетті зерттеудегі таңдап алған тақырыбым «Сын тұрғысынан ойлау». Аталған тақырыпты таңдап алу себебім, оқушылардың өз ана тілінде еркін сөйлей алмауы және де өз ойларын ашық, айта алмауы және айтқысы келгендеірін жеткізе алмауы себеп болып тұр.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру мақсатында,мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.Сол талаптардың бірі оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Әр мұғалім өзінің білімін үнемі толықтырып және жаңартып отыруы керек және мектепте немесе күнделікті өмірде де нәтижелі қарым-қатынас орната білуі дұрыс. Айналамыздағы болып жатқан өзгерістер, оқу процесіне де әсерін тигізбей қоймайды. Ал оқытудың конструктивті теориясы үйренуге және оқытудың жаңа тәсілдерін тәжірибе жүзінде іске асыруға ықпал етеді.Оқытудың бірінші «бетпе-бет» кезеңінде модульдермен танысу барысында маған сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулі ұнады, себебі бұл модуль тек оқушының сыни тұрғыдан ойлауын талап етпейді, сонымен қатар мұғалімнің де сыни тұрғыдан ойлауына ықпалы мол екеніне көзім жетті. Осы модуль оқыту жүйесін қайта қарауға және мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты өзгертуге,топтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіншілік береді. «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін»- деген Конфуцийдің нақыл сөзі осы технологияны толық сипаттайтын сияқты..
Қазіргі заманның проблемасы оқушылардың заманауи коммуникациялық құралдарымен айналысып кетуі, соның әсерінен адамға тән құндылықтарды жоғалтып бара жатқаны, өзін жеке тұлға ретінде көрсете алмауы,шығармашылық қабілеттерін аша алмауы ,соның әсерінен тілінің , коммуникативті мәдениетінің артта қалуы, өзінің іс-әрекетін мақсатына жету үшін пайдалана алмауына әкеліп соғып отыр. «Осы проблемаларды шешу мақсатында Александер(2001,2008)оқушылармен қарым-қатынастың 5жолын көрсетіп отыр: Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді,ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау.)
Декламация (тестілеу арқылы дайындалған сұрақтар немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып , жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталғанын білім мен ілімді толықтыру.) Нұсқаулық мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу сонымен бірге фактілерді ,қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру.)Талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу.)
Диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып ,таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді»тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу.»
Жоғарыда аталған стратегияларды өз сабақтарымда мүмкіндігімше жиі пайдалануға тырыстым. Атап айтқанда диалог әдісі өзіме бұрыннан таныс болған соң, осы әдісті үнемі сабағымда ұштастырып отырдым.Осы модульдің мен үшін негізгісі неде? Ең бірінші , оқытудың жалпылай емес, жеке оқушыға бағытталуы.Оқушының ашылуына жағдай жасау, ішкі потенциалының дамуына ықпал ету. Әр оқушыны сабаққа қатыстыруға мүмкіншілік туады,сонымен қатар білімді дайын күйінде бермей ,тек оқытуда басшылық жасап, бағдар беруге бағыттайды. Оқушыны бақылауға жұмысын реттеуге мүмкіншілік туады, өз бетінше білім алуға, өз көзқарастарын білдіруге , ойларын еркін айтуға көмектеседі. Сондықтан осы модульды таңдағаннан кейін сабағымның құрылымын және тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлау технологиясына қарай сәйкестендіре құрдым. Ондағы мақсатым оқушыларда танымдық уәж бен қызығушылығын тудыру, оқушылардың белсенділігін арттыру еді.
Алғашқы сабақтарда оқушылар топқа бөліну барысында өздерінің қалағаны бойынша отырғылары келді, бірақ түрлі әдістер (гүл атаулары, өзен аттары, күн аттары т.б) арқылы бөлгендіктен оларға бұрын отырып көрмеген, сөйлескісі келмейтін балалар мен отыруға тура келгеннен кейін,олар енді үйрене бастады. Топқа бөлінуде кездескен кедергілерді жеңу үшін не істеу керек еді?Кедергілерді жою мақсатында оқушылармен топтық ереже құрастырдық, оқытудың жаңа тәсілдерімен таныстыру арқылы топтық тапсырмалар бере бастадым. Блум таксономиясын еске түсіре отырып әр түрлі деңгейді тапсырмаларды бердім. Ондағы мақсатым балалар деңгейлеріне сай тапсырманы орындай алады ма екен деген сұраққа жауап алу үшін. Сұраққа жауап алғаннан кейін, оқушылардың деңгейлік сұрақтарға жауап бере алатындығына көзім жеттіЖүргізген жұмыстарымның нәтижесі болар, оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өз деңгейлеріне сай жақсы орындап шықты, бұрынғы білімдерімен байланыстыра білді.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратының көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететінін айтқан.Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдады. Осыны ескере отырып, мына стратегияны қолдандым.«Сұрақты ұстап ал! » стратегиясы бойынша оқушылармен диалог жүргізілді. осы жерде менің бақылағаным жауап бере алмай отырған балаға топ мүшелерінің жандары ашып көмекке келе бастағаны . Ал «Сұрақты » ұстаған оқушы жауапкершілік сезініп, сұраққа жауап беруге тырысты. Оқушылар арасында ынтымақтастық қасиеті қалыптаса бастағанын сездім.Сұрақтар сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін сұрақтар еді, Б.М.А.есімді оқушылар («жуас» бұрын үндемейтін ) жауаптары дұрыс болмаса д а ойларын қорықпай ашық айта бастады.Мен оларды ынталандыру мақсатында стикерлермен бағаладым.Сонымен қатар «Ферменттердің тіршілік процесіндегі рөлі» тақырыбындағы сабақта Зертханалық жұмысты жұппен орындады. Зертханалық жұмыста шикі картоппен піскен картоптегі ферменттердің рөлін ,олар сутегі пероксидіне қалай әсер ететінін білу үшін ,алдағы сабақта алған білімдерімен байланыстыра орындау керек еді. Олар бір-бірімен ақпараттарымен бөлісіп, бір-бірін тыңдау арқылы жауабын тапты , ортақ шешімге келе алды.
Сонымен қатар «Серпілген сауал» стратегиясын қолдану барысында да оқушылармен мұғалімнің арасында диалогтық қарым-қатынас орнады. Бұл стратегияның басты тиімділігі оқушылардың бір сұрақтың төңірегінде қалып қоймай оны түрлендіре отырып, өз тұжырымдарын жетік жеткізуіне қолайлы жағдай туғызады. Осы тәсіл өте тиімді болды, ендеше келесі жолдары да осы тәсілді қолдануға тырысамын деп ойлаймын. Қарым -қатынас барысында оқушы бірінің жауабын бірі тыңдау арқылы , жауаптарын ары қарай тереңдетуге тура келді, себебі мен сұрақты қойғанда «Қалай ойлайсың Б. жауабымен келісесің бе ?» немесе «Т. жауабын кеңейту үшін не айтар едің?» деген сияқты сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін сұрақтар арқылы оқушыларды жетелеп отырдым.Осында менің таңқалғаным оқушылар әп-әдемі жауап беріп отырды.Ендеше олар сыни тұрғыдан ойлай алады деп тұжырымдадым.
Жалпы диалогтық оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылға шешімдер қабылдауды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренді. Жоғарыдағы стратегияларды қолдану әсерінен тапсырмалар дұрыс орындалды. Олай болудың себебі де бар сабақтарды жоспарлауда мен оқушыларға берілетін қарапайым сұрақтар мен күрделі сұрақтарға жауап іздеу жолдарын қалай түрлендіруге болады деген сұраққа баса назар аудардым және мұның шешімін табуда оқушыларға аталған стратегияларды ұсына отырған олардың жас ерекшеліктерін де ескерген болатынмын. Яғни аталғанның барлығы менің өткізгем сабақтарымдағы мақсаттардың орындалып, алғашқы 7 модульді ықпалдастыру идеясын орындай алды.Екінші сабағымда оқушыларды жеміс атаулары бойынша топқа бөліп тапсырмалар бердім. «Алмұрт» тобына :Судың қасиеттері , «Алма» тобына Судың қызметтері тіршілік үшін маңызы, «Өрік » тобына Минералды тұздардың қасиеттері болса,«Шие » тобына минералды тұздардың жасушадағы ,қызметтері , маңызы. «Қарақат» тобына Бейорганикалық заттардың жасуша үшін маңызы - деп оқулық материалынан танысуына тапсырмалар бердім. Оқушылар оқулық материалымен танысу кезінде өздеріне қажетті ақпаратты дәптерлеріне түртіп алып отырды. Материал толығымен қамтылғаннан кейін, алынған ақпаратты жұпта талқылады.Жұпта талқылау аяталғаннан кейін оқушылар ойларын топта талдап,бір-бірімен пікірімен алмасты.Талқылау аяқталғаннан кейін оқушылар ортақ шешімге келіп,жұмыстарын постер қағазында орындады. Алынған білімдерін қолдану арқылы оқушылар постер жасап ,сынып алдында қорғады. Мысалы оқушылар « Суды», «тұзды» сипаттаған уақытта бұрынғы төменгі сыныпта алған білімдерімен ұштастырды. Тапсырманың орындауда оқушылар өз білімдерін өмірмен ұштастырғаны мені таң қалдырды. Оқушылар өз жұмыстарын қорғау барысында,тапсырманы орындау кезінде өздерінің сыни ойлағандарын, олардың жұмыстары мен жасаған тұжырымдарынан көрдім.Екінші сабақтың бекіту кезеңінде топтарға «Су» және «тұз» тақырыбына «синквейн» құрастыру тапсырылды . Бұл тапсырма олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дарындылықты анықтауға арналған сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін тапсырманың түрі еді.Бұл тапсырманы әр топтан бір -екі оқушыдан : Мысалы:

  • Су

  • Ағады, төгіледі

  • Мөлдір, таза, тұнық

  • Су-тіршілік көзі

Н2 О деп орындап шықты. Ендеше оқушыларға осындай тапсырмаларды беруге болады екен деген ой туды.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін, екінші сабағымда тақырыпты анықтау мақсатында тақтада сурет қолдандым , оқушылардың мақсаты суретті сөйлете отырып сабақтың тақырыбын анықтау керек еді, әр түрлі жауаптар болды ,сонда маған орташа деңгейдегі оқушы М.ның жауабы ұнады : «Су -тіршілік көзі» деді.
«Суретті сөйлету» жалпы жаман емес бірақ әлі осындай тапсырмаларға көңіл аудару керек екендігін түсіндім себебі әлі де болса оқушылардың сурет бойынша ойларының жеткіліксіз екенін түсіндім. Тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші сабағында Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «Кубизм» стратегиясын қолдана отырып, жаңа сабақты топпен оқыту мақсатында , оқушылардың қаншалықты өздері топта жұмыс істей алады?, талдауға үйренді ме? Мәтіннің негізін таба алады ма деген сұрақтарға жауап алғым келді.Оқушылар мәтіннің негізін таба алды. Мысалы: Нәруыздың негізгі құрылымдық материал екендігін , нәруызсыз тіршілік жоқ екендігін, нәруыздың қорғаныш, катализаторлық, тасымалдау, энергетикалық қызметтерін анықтай білді.
Топтар тапсырмаларын орындап қана қойған жоқ, олар басқа топқа түсіндіре алды, өздерінің тапсырмаларын талдай білді,басқа топтың жұмысына баға беруді үйренді,ендеше бұл стратегияны да келешекте қолдануға болады екен деген ой келді. Мысалы: «Раушан» тобы : «Нуклеин қышқылына ДНҚ мен РНҚ жатады. Нуклеин қышқылдары деп аталу себебі,алғаш рет ядроның ішінен табылған. ДНҚның қызметі тұқымқулаушылық ,ол тек ядрода ғана кездеседі,қызметі тұқымқуалау ақпаратын сақтау, ұрпаққа жеткізу» және РНҚ мен салыстырды.
Үшінші сабағымда әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім.Ондағы мақсатым оқушылардың білім сапасын түрлі әдістер арқылы тексеру еді .
Топтағы 5адамға бес түрлі тапсырманы орындауға тура келді. 5түрлі тапсырма беру себебім олар бір-біріне жақын отырғандықтан, бір-бірінен көшіру болмасын деген мақсатпен болды.Тапсырмалардың мазмұны мынадай болды: «Көп нүктенің орнына керек сөзді қою» , ашық тест, «Терминдерге түсінік беру», «Сәйкестендіру кестесі». Тапсырмаларым уақытқа байланысты 6-7сұрақтан тұрды.Оқушылар өз деңгейлеріне байланысты жазбаша тапсырмаларды орындап шықты.
Енді оларға тапсырманы жай ғана бөліп бермей , «Кубизм» стратегиясын қолдану арқылы бөлдім.Топтар берілген тапсырмаларын оқулықтан оқып , жұппен, топпен талқылап орындап шықты. Ой толғаныс кезеңінде оқушылар не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтады.Сабақ соңында оқушыларға жасаған жұмыстарын өзара бағалауларын ұсындым.Топтар бірін-бірі бағалады, өздерін бағалады. Келесі сабағымда оқушылардың үй тапсырмасын тексеру барысында деңгейлік тапсырмалар дайындаған болатынмын.Интерактивті тақтадағы тапсырмалар жеңіл болса, ал карточкамен берілген тапсырмалар күрделірек болды, Мысалы: «Нәруыз бен көмірсуды салыстыр», Май мен ДНҚ-ны салыстыр т.б Салыстыруды «ВЕНН» диаграммасы ретінде көрсетті,сыни тұрғыда ойлана отырып майдың ерекшеліктерімен ДНҚ-ның ерекшеліктерін анықтай білді,ортақ қасиеттерін таба алды. Сабақты бекіту мақсатында зертханалық жұмыс болғандықтан топпен жұмыс ұйымдастырылды.Зертханалық жұмысты орындау мақсатында оқушылар тәжірибе жасай отырып бір-бірімен ой бөлісті. Не себепті шикі картопке су пероксидін құйғанда ол картопте көпіршіктер пайда болды?
Неге піскен картопте осындай құбылыс байқалған жоқ деген сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін сұрақтарға жауап алғаннан соң, сабағымды аяқтадым.Теориялық білімдерін зертханалық жұмыс орындау кезінде пайдалана білді. Зертханалық жұмыс және оқулық материалын игеру барысында оқушылар сабақ басында менің тарапымнан қойылған сұрақтың жауабын жан-жақты түсіндіре алды. Оқушылардың бұл әрекеті білу,түсіну және алған білімдерін өмірмен ұштастыра алуы,олардың сұраққа жауап іздеу барысында сыни ойлауларының нәтижесі деп айтуға болады.
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғалту, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады немесе бұл стратегия «Миға шабуыл »деп аталады. Мысалы 9сыныптағы «Жасуша –тіршіліктің құрылыстық, құрылымдық өлшем бірлігі» атты сабағымда « Жасуша дегеніміз не?» деген сұрақ арқылы оқушылардың бұрынғы білетін білімін жаңа сабақпен ұштастыру мақсатында ойды қозғалту сұрағы қойылды.Оқушылар аталған сұраққа төменгі сыныптағы білімдерін еске түсіре отырып толық жауап бере білді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға үйренді,бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің пікірін тыңдап, сыйлауға үйренді, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды. Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашты. Достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесе білді. Мен сабақта қолданып отырған технологияның жетістігінен шыққан , нәтижені осылайша салыстыруға болады. Қорыта келгенде, сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының стратегияларын тек қана сабақта қолданбай,сыныптан тыс жұмыстарда да пайдаланған тиімді.
Сын тұрғысынан ойлау –өз-өзімізді дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.Қазіргі заманда білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани , азаматтық және басқа адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Қазақ халқы әрқашан да парасаттылықты пір тұтып даналыққа табынып келген халық.Ұлтымызға тән тағы бір қасиет,ол білімді біліктіліктен ажырата білу.Өз өмір ғұмырын ағартушылыққа арнаған алаш арыстарының бірі , ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың ұғымында «білім біліктілікке жеткізер баспалдақ қана ,ал біліктілік дегеніміз білімнің жеткіліктілігі ғана емес,сол білімді асыра білу дағдысы».
Білім беру қашанда мәдени дәстүрлердің айрықша бөлігі. Оның қазіргі замандағы мақсаты ойлау- техникалық, сөйлеу, рефлексифті мәдениеті қалыптасқан шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыруға қол жеткізу.Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты.Мұның өзі мұғалімнен оқу үрдісін және ондағы мұғаліммен шәкірттің рөлін қайта қарауды,бұрыннан қалыптасқан әдістермен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ,ұтымды ұштастыруды қажет етеді.
СТО модульдері:
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)пайдалану
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
7.Оқытуда басқару және көшбасшылық.
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліне келетін болсақ, осы модуль «Қалай оқу керектігін үйрету» мен «Диалог негізінде оқыту және оқу» әдістерін ұсынады.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі оқушылармен мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуды қарастырады.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті,өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін ,жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланғанда басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс..
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі ,талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілін ұсынады. (Мұғалімдерге арналған нұсқау ) Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет.«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулі бойынша түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі , балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогты ынталандыру стратегиясы,әр жастағы балалардың мүмкіндігене сай беріледі.
«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулінің негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау , өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістерді іске асырылатынана негізделеді.Көшбасшылық бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.»
Бірінші «Бетпе –бет» кезеңінде осы жеті модульмен таныса отырып, мен мектептегі тәжірибемде оларды қолдануға тырыстым. Қолдану барысында байқағаным, бұрынғы дәстүрлі сабақтарда мұғалім жаңа материалды өзі түсіндіретін болса, енді оқушы өздігінен,топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыпты меңгеретін болды.Мұндай тәсілдер оқушылар үшін қиындықтар туғыза бастады, себебі тек тыңдауға, жазуға немесе оқулықтан мәтінді оқып, көшіріп алуға дағдыланған еді.Сондықтан мен осы модульдерді тәжірибеме енгізуге кедергілер туындамау үшін, бірінші барған бетте мектеп әкімшілігін, әріптестерімді, ата-аналарды бағдарламамен таныстырып өттім. Олардың келісімін алғаннан кейін сабақтарымда аталған модульдердің идеяларын жүзеге асырып көрдім.
Өткізген үшінші сабағымда мынадай модульдердің әдістерін қолдандым: АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқытудағы жаңа тәсілдер, ОҮБ және оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Екінші сабақтан кейінгі оқушылармен кері байланыс жүргізгенімде оқушылар бағдарламаға үйренгенін, топқа бөлініп жұмыс істеу, сергіту сәттері ол ойын емес, осы бағдарламаның әдістеріне жататынын түсінген сияқты болды. Мен оны оқушылардың жауаптарынан , іс-әрекеттерінен көрдім.
Менің сабағым әдеттегідей сергіту сәттерін орындап, топқа бөлінуден басталды.Сергіту сәттері оқушыны алдын ала болатын сабақтарға дайындайды, оқушының шаршағанын басуына көмектеседі, бірінші, не соңғы сабақтар болса қимыл арқылы ұйқысын ашуға жағдай жасайды.Дәстүрлі сабақтарда сергіту сәттері болмағандықтан менің бұл әрекетімді оқушылар таңқалып қарсы алды.Кейбір оқушылар бастапқы кезде сергіту жаттығуларын ойын ретінде түсініп орындағылары келмеді, әр сабақ сайын қайталанғындықтан және тиімді жағын көріп ұнатқандықтан барлығы да орындай бастады.
Осы бағдарламада «Жазу мен Сызу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясындағыдай топпен жұмыс әдісі жүргізіледі. Себебі, топтық тапсырмалар арқылы оқушының шеттен тыс қалып қоймауына,тапсырманы орындауға,бірінің ойын бірі тыңдауға,талдауға көмектеседі.Топтық жұмыс оқушыларды ынтымақтастырады,сыйластыққа тәрбиелейді. (қосымша №2)
Сондықтан мен сабағымды бастамас бұрын гүлдің атаулары бойынша : түймедақ, қызғалдақ, бақ-бақ, шырайгүл, нарғызгүл деп топқа бөлдім.Балалар алғашқы сабақтардағыдай шуламай, тез және жинақы бөлініп орындарына жайғасты. Осы жерде менің байқағаным оқушылардың реттеліп келе жатқаны.Енді үй тапсырмасын тексеру барысында мен өткен тақырыптар бойынша 5 түрлі жазбаша тапсырмалар дайындап әкелдім. Бұлай әкелу себебім, олардың сөйлеуі жақсы, ал білім сапасы қандай жағдайда екен деген мақсатта болды. Топтағы 5 адамға бес түрлі тапсырманы орындауға тура келді.Неге? Біріншіден ол тапсырмалар әр түрлі деңгейлі, екіншіден топ мүшелерінің толық реттелгенін анықтай алмағандықтан,бір-бірінен көшіреді ме деген оймен берілді.Тапсырмалардың мазмұны мынадай болды: «Көп нүктенің орнына керек сөзді қою» (дайын сөздері болған жоқ), ашық тест,(жауаптары төрт нұсқамен) «Терминдерге түсінік беру», «Сәйкестендіру кестесі». Тапсырмаларым уақытқа байланысты 6-7 сұрақтан тұрды .Тапсырмалардың ішінде «Көп нүктенің орнына керек сөзді қою» , және «Терминдердге түсінік беру» сияқты тапсырмалар «А» және «В» деңгейіндегі оқушыларға берілді, себебі бұл тапсырмалар сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін еді, ал «Сәйкестендіру кестесі» және ашық тест оңайырақ болғандықтан, «С» деңгейіндегі балаларға берілді.
Сыни тұрғыдан ойлау және оқытудағы жаңа тәсілдер модульдерінің идеясын ала отырып осындай тапсырмаларды берген болатынмын . Нәтижесінде менің көргенім оқушылар деңгейлік тапсырмаларды деңгейлеріне сай орындағанын байқадым,ендеше осындай тапсырмаларды ары қарай да қолданамын деп ойладым.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін,осы тақырыппен танысу барысында алдымызға қандай мақсат қоюға болады дей отырып, сабақтың мақсатын айқындап алдым.Оқушыларым сабақтың мақсатын әп-әдемі анықтағандығынан, мен олардың реттелгенін байқадым.
«Ойлау мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Кубизм» тәсілін қолдана отырып топтарға тапсырма берілді. Тапсырмалар аталған органикалық заттардың(көмірсу, нәруыз, май, нуклеин қышқылы, АТФ) құрылысын, қызметін, маңызын анықтау болды. Осы тәсіл өте тиімді болды, ендеше келесі жолдары да осы тәсілді қолдануға тырысамын деп ойладым.
Тапсырмаларды бергендегі мақсатым бағдарламаның «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулінің, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және Дарынды және талантты балаларды оқыту идеялары , қаншалықты көрінетіндігін айқындау еді.Содан соң тапсырманың критерийлерімен таныстыра отырып , уақыт берілді.Тапсырманы қалай орындап жатқанын білу үшін , әр топтың қасына жақындадым. Ондағы мақсатым, топ мүшелері міндеттерін қалай бөлді, топты басқаруды кім қолына алды, қай оқушы жаңа қырынан көрініп отыр деген сұрақтарға жауап алу және әртүрлі деңгейдегі оқушылардың белсенділігін айқындау еді.
Бақылап жүргенде байқағаным менің үш деңгейлі оқушыларым 3топқа бөлініпті,«С» деңгейдегі оқушымның оқып отырғанын байқалды.
«А»деңгейдегі оқушым қандай топқа барса да, көшбасшылық қасиет көрсетіп бірінші болып тапсырманы орындауда белсенділік танытып отырады, осы жолы да ол орындап жатты.
«В» деңгейдегі оқушым мәтінді оқып отырды.
А.есімді оқушымның сурет салу қабілетінің жақсы екенін, ал Н.есімді оқушым хатшы болып отырғанын, Ә.есімді «жуас» оқушым постер жасап жатқанын көрдім. Әр топта жұмыс осылай қызу түрде жүріп жатты.Мен белсене жұмыс істеп отырған оқушыларды формативті бағаладым.
Уақыт аяқталды, оқушылар берілген уақытты үнемді пайдаланудың нәтижесінде жұмыстарын да орындап шықты,осы тұста мен алдыңғы сабақтарға қарағанда оқушыларымның пысығанын байқадым.Себебі,олар ешқандай сұрақсыз орындады,ендеше олар тапсырманы мұқият тыңдай білді,түсінді.
Топтың ендігі міндеті өзінің тапсырмасын басқа топтарға түсіндіру еді.Түсіндіруді қандай оқушылар мойындарына алады екен деген оймен, оларды түсіндіруге жібердім, мені таңқалдырған Б.есімді оқушы еді, өйткені ол сыныпта көшбасшылық қасиет көрсетпейтін,ал осы жерде мен оның жаңа қасиетін көре алдым, себебі ол топтарға түсіндіруге кетті(.қосымша №5)
Мен олардың қалай түсіндіріп жатқанын тыңдау мақсатында топтарға жақындадым ,сол кезде олардың аса бір жауапкершілікпен түсіндіріп жүргендерін байқадым, бірақ мен басқа оқушылардың қалай қабылдап жатқаны туралы да ойладым. Осы ойымды жүзеге асыру үшін сабақты бекітер кезінде түсіндіріп жүрген оқушылардан емес, топта отырып қалған оқушылардан сұраймын деп ойладым.Осы жерде мен бұрынғыдай оқушыларға сенімсіздік туғызып отырғанымды сездім,бірақ оқушыларға оны сездірмедім.Топтағы оқушылар, түсіндіріп жүрген оқушыларға,аса бір сыйластықпен қарады, мұқият тыңдап отырды. Басқа сабақта жыбырлап отыратын оқушыларымның өздері де түсініп алуға тырысып отырғаны байқалды.Барлығы түсіндіріп болған соң, топтар түсіндірген топ мүшелерін «бағдаршам» әдісі бойынша бағалады. Осы әдіс арқылы өзара бағалау оқушылар үшін де, мен үшін де өте тиімді екенін байқадым,себебі оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін де, жетістіктерін де көре алады,сыни тұрғыдан баға беруге үйренеді.Өзара бағалау барысында , барлық топтар көк қағазды көтерді,сол арқылы тақырыпты оқушылардың түсінгенін байқадым.Осыдан түйіндегенім өз тәжірибемде осы модульдің идеясын ары қарай қолдануды жалғастырамын .Енді сабақты бекіту кезеңіне көштік. Бекіту кезеңінде «Серпілген сауал » әдісін пайдаландым, себебі бұл әдіс оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қажет ететін еді. Сондықтан мен осы әдісті тек бекіту кезеңінде ғана емес міндетті түрде басқа кезеңдерінде де қолдануды ұйғардым.
Әдіс бойынша түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылар бір-біріне сұрақтарды «лақтырады».Мысалы: Неге нәруызды тіршіліктің көзі - деп атайды?.Д. жауабы туралы не айтасың?Т. жауабын кеңейту үшін не айтар едің?Осылай оқушылар бірінің жауабын бірі тыңдай отыра ,өздерінің ойларын айтып үйренеді және тақырыпты терең түсінуге тырысады.Осы әдіс бойынша мана топта отырып қалған оқушылардан сұрау арқылы сабақты бекітілді.
Түгел сұрақтарға жауап алынған соң, сабақты қорытындылау топтарға тапсырма ретінде ұсынылды, топтар топ мүшелерімен талқылай отырып, талдап , ортақ шешімге келіп әр топ бір сөйлеммен қорытындылады.Мен топты аралап жүріп балаларды стикерлермен формативті бағаладым.Оқушыларымның біраз қалыптасқанын, реттелгенін сездім,себебі дәстүрлі сабақтар кезінде ,немесе тәжірибемнің алғашқы сабағында олар қорытындылауды, ойларын толық жеткізуді білмеген еді.
Оқушылардың сабақтан алған әсерлерімен бөлісу үшін оларға «Сенім жәшігі» арқылы кері байланыс ұйымдастырылды.Олар стикерлерге сабақ туралы ойларын жазып «,Сенім жәшігіне» салып кетті.Сабақ мақсатына жетті , олай ойлау себебім оқушыларым тапсырмаларды жақсы орындады, бекіту кезінде сұрақтарға жақсы жауап берді, өздері қорытындылады.
Сабақ аяқталған соң «Сенім жәшігінен» оқушылардың жазып кеткен «кері байланыс» стикерлерімен таныстым.Кері байланыс арқылы оқушыларға сабақ өте ұнағанын білдім.Сондағы Ә.есімді «жуас» оқушым: «Маған топпен жұмыс істеу өте ұнайды, осылай отыра берейік деп жазса», ал Т.есімді оқушы «Балалар топтық жұмысты ойын түрінде қабылдауды қойды,бүгінгі сабақ маған ұнады» -деп жазды.Оқушылардың тілектерін оқи отыра ,осы бағдарламаның берері мол екеніне көзім жетті, Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет