Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет3/7
Дата12.10.2022
өлшемі83,33 Kb.
#42690
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Курстық жұмыс Ертегі терапиясы

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріcпе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрaды.

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау ерекшеліктері
Қaзipгi зaмaнғы әлeм - әp тұлғa үшiн бeлгiлi бip оpынды aлaтын динaмиᴋaлық дaмып ᴋeлe жaтқaн жүйe eᴋeнiн ғылымдapдa, ғaлымдapдa paстaйды. Жeᴋe тұлғa peтiндe өмipдe ᴋәсiби жәнe жeᴋe, шығapмaшыл жәнe бapлық бaғыттa тaбысты болy үшiн үнeмi дaмып, жeтiлyiмiз ᴋepeᴋ.Шығармашылық ойлay дaғдылapы мeн қaбiлeттepiнсiз, бұл мүмᴋiн eмeс.
Ойлay қaбiлeтi жaқсы дaмығaн aдaм ᴋүpдeлi мәсeлeлep мeн пpоблeмaлapды тyдыpaды, олapды aнық жәнe aйқын тұжыpымдaйды, aқпapaтты тиiмдi жинay үшiн дepeᴋсiз идeялapды қолдaнaды, aқылғa қонымды қоpытындылap мeн шeшiмдepгe, олapды ᴋpитepийлep мeн стaндapттapғa сәйᴋeс тeᴋсepyгe, aльтepнaтивтi ойлay жүйeлepi шeгiндe aшық ойлaнa отыpып, олapдыӊ жоpaмaлдapын, қaтысyын жәнe пpaᴋтиᴋaлық сәйᴋeстiгiн мойындaйды, шeшiмдep қaбылдaғaндa бaсқaлapмeн тиiмдi қapым-қaтынaс жaсaйды. [4]
Л.С.Выготский педагогиканың негізгі міндетін тұжырымдады, ол: «Біздің әрбір ойлау, әрбір қимылымыз жаңа шынайылықты құруға ұмтылу болып табылады», -деп атап өтті. [5] Шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу –мектепке дейінгі білімнен жоғары білім жүйесіне дейінгі қойылатын негізгі талап болып табылады. Бұл жерде жоғары білім жүйесінің рөлі жоғары, себебі осы кезеңде тұлға алдағы жіберген қателіктерін жоя алады.
ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың шығармаларында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Психологтар мен ғалымдар Л.С.Выгодский., В.В.Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Ж.М.Әбдилдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе төмендегідей қорытындыға келуге болады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән «Шығармашылық» сөзінің төркіні - шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда.
Шығармашылық балаларға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде балалардың шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Әр баланың бойынан өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттерін байқау әр тәрбишінің негізгі мақсаты деп ойлаймын.
Шығармашылық түрлері өз табиғатына сай әртүрлі – олар көркем суретті, ғылыми, техникалық, педагогикалық шығармашылық болып бөлінеді. «Әлеуметтік қатынастар шығармашылығы», яғни «шығармашылық қабілетті тез және іскер әлеуметтік бағыт» анықтайтын Л.С.Выгодскийдің көзқарасы бойынша комуникативті және адаптивті шығармашылықты бөліп алуға болады.
Егер танымдық, когнитивтікіс-әрекет саласына тоқталатын болсақ, онда қазіргі жантану жалпы интеллектуалдық қаблеттер контексінде шығармашылық қаблетті немесе креактивтілікті анықтайды.
Креактивтілік әр-түрлі көрінуі мүмкін: тұтастұлғалық деңгейде(ғылыми, көркемсуреттік, педагогикалық шығармашылық) және танымдық іс-әрекеттің жекелеген құрауыштары ретінде, яғни шығармашылық тұрғыда берілген тапсырмаларды орындау немесежобаларға қатысу. дегенмен, қаблеттіліктің көрінуі тұлғаның әлеуметтік қоғаммен және басқалармен қарым-қатынас жүйесін құруда байқалады. Міне осыны ең маңызды деп қарауымыз керек, әрине соңғы нәтиженің маңыздылығын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен, педагогикалық тұрғыда шығармашылықтың білім алушының танымдық шығармашылықтың іс-әрекет барысында «өмірді түрлендіруші» сапасын өзінің маңыздылығын түсінуі болып табылады, бұл жерде ол өзін жеке тұлға ретінде жүзеге асырады.
Танымдық іс-әрекет контекстіндегі креактивтіліктің маңызы неде? Бұл түсінікті талдауға болады. Мысалы, Дж. Гилффу креактивтілікті дивергентті ойлау деп анықтайды (латын divergennia –бөліну, түрлі бағыттағы ойлау типі), яғни қандай да бір мәселені шешуде дұрысшешімге сай дәрежедегі идеяларды ұсыну қабілетін сипаттайды. Е.Торренс проблемалар мен қарама-қайшылықтарды сезіну қабілетін атап көрсетеді, сонымен бірге жетіспейтін алғашқы деректерге салыстырмалы түрде берілетін болжамды тұжырымдайды.Креактивтілік өлшемі сапасында танымдық шығармашылықтың іс-әрекеттің ерекшелігін сипаттайтын қасиеттер тобы пайдаланылады. Дивергенттік ойлау сипаттамасы, олар:

  • Жылдамдығы – қандай да бір мәсенлені шешудің көптеген жолдарын ұсыну қаблеті, бұл жерде олардың сапасы емес көлемі маңызды;

  • Икемділік – әр-түрлі ойларды ұсыну мүмкіндігі, мысалы объектілермен, әдістердің байланысы;

  • Ерекше – стандартты емес жаңа ойлардың туындауы, күнделіктіден басқа ерекше жауаптар табу;

  • Нақтылау – шығармашылықты жетілдіруқаблеті, оны яқтауға ұмтылу. [6]

Егер әр адамға қандай да шамада креактивтілік деген көзқараспен санасатын болсақ, яғни креактивтіліктің дамуына ортаның қысымы қарсылық білдіредідесек, онда ашық білім беру жүйесінің элементтерін былай тұжырымдауға болады, яғни білім алушылардың өздік жұмысын күшейту қажет. Міне, осының негізінде жоғары сынып оқушылары мен білімгерлердің креактивтілігін дамыту дегеніміз шығармашылықтың потенциялдық бұрынғы «қысымын» басуы болып табылады. Сонымен қатар сыртқы ортаның араласуы позитизті әсерін тигізе алады.
Креактивтіліктің дамуына бастапқыдан сыртқы ортаның ықпалы, «анықталмаған жоғары деңгейі және потенциалды көп нұсқалылығы және де креактивтілік іскерліктің үлгілері мен оның нәтижесінен» тұратынын ғалымдар дәлелдеген. [6]
Еліктеумен байланысты сәтіне тоқталайық. Үлгілерге мән беру шығармашылық деңгейдің дамуына ықпал етудегі маңызды фактор болып табылады. Шығармашылық іскерліктегі еліктеудің ерекшеліктері репродуктивті мінездің шығармашылық еліктеу арқылы өзіндік шығармашылық ауысуына ықпал етумен сипатталады. Алайда бұл процесс мұғалімнің басқаруымен болуы керек, себебі еліктеуге таңдалған үлгі білім алушыларда қиындық тудыру мүмкін. Тәжірбиенің нәтижесінде, білім алушылардың о бастан-ақ жоғары крективтілікпен жақсы үлгілерді еліктеуге мақсат етіп алады.
В.В.Давыдов айтқанындай, «шығармашылық жұмыс тәрбиелеу мен оқытуда шығармашылық деңгейдің тереңдігін түсінуге болмайды, себебі өмірдің басқа жағдайларында және басқа да білім беру мен тәрбиелеу жүйелерінде бұл потенциал өзгеруі мүмкін». [7]
Шығармашылық қаблеттерді дамытуға ықпалын тигізуші формалар мен әдіс-тәсілдер. Адам өзін шығармашылықтұлға деп тану-шығармашылық актінің ең маңызды шарты (кез келген мамандық иесінің мақсаты –оны өз ісінің шебері деп атауы).
Бұл жағдайда өз ісінің нәтижесіне көңілі толмау мүмкін, тек ол жаңа істі жобалағанда емес, жасап болғансоң ғана білінуі керек. Нақты айтқанда өз ісінесену адамныңшығармашылық қаблетінің дамуына дұрысәсерін тигізеді (бұл жағдайда адамның басқа адамдардың алдында өз кереметтілігін көрсету жатпайды).
Креактивтіліктің дамуы (төмендеуі және жоғарлауы) көптеген жағдайларға байланысты, мысалы оқу-тәрбиелеудің ұйымдастыру процесі де маңызды орын алады. Білім алушылардың шығармашылық қаблеттерін дамыту мақсаты етіп алған мұғалімдер, дивергетті ойлауға аса назар аударуы тиіс. Дұрыс ойлауға, тең шешім қабылдауға, жылдамдықты күшейтетін арнайы тапсырмаларды іріктеу арқылы, мұғалім шығармашылық ынтаны дамытуға мыналарды қолданса болады:
1) Жақсы атмосфера қалыптастыру. Мұғалім тарапынан ізгі ілтипаттар креактивтіліктің дамуына ықпал етуші қоғамның қосылуы.
2) Жаңа объектілер қосу арқылы білім беруді жаңашаландыру.
3) Білім алушыларды қызықтыру. Оның сұрақ қоюына мүмкіндік беру. Ойының нақтылығына қарай оны мадақтап отыру.
4) Мәселені шешуде мұғалімнің өзі мысал келтіру керек. Креактивтіліктің басқа үлгілерінің болуы. Шығармашылыққа еліктеуге, ұмтылуға жағдай жасау.
Креактивтіліктің пайда болуы және оның дамуы үшін білім беру ортасының ықпалы бар. Креактивтіліктің дамуының «локальді» деп аталатын әдістері, өте тиімді. Бірақ оларды қолдануда балалар тек жаңа әдіс-тәсілдерді ғана үйренеді. Бұл жағдайда креактивтілік сыртқы ортаның әсеріне жауап ретінде көрінеді. Сондықтан креактивтіліктің қалыптасуына арнайы орта қажет.
Креативтік тұрғыдан келу үйреншікті заттарды жаңа қырынан көре білу және қалыпты мәселенің бірегей шешімін табу машығынан тұрады. Креативтілік – бастапқыда әр адамның бойынан табылатын табиғи қабілеттілік, алайда есею кезеңіне қарай ол біртіндеп тәрбие және оқу бағдарламаларының ықпалымен жойылады. Қарастырылып отырған мәселенің күрделілігі де осында, себебі балабақша қызметтерінің бірі МДТОМЖМС-ның талаптарын ескере отырып бекітілген бағдарламаның негізінде әзірленген жүйесіне сәйкес білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.
Креативті бейімділіктер, шығармашылыққа деген кез келген табиғи құштарлық баланы тың дүние жасауға ынталандыратын арнайы жағдай жасауды талап етеді және алда оның өз әлеуетін барынша толық қолдануына септігін тигізеді. Сондықтан балабақшаның міндеті – балалардың креативтілігін дамыту бойынша жүйелі кешенді жұмысқа тиісті жағдай жасау.
Бірнеше автордың жұмысына жүргізілген талдаулардың негізінде олар балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін сәтті дамытудың 6 негізгі шарттарын бөліп көрсетті, оған балабақшаға дейінгі жас кіреді.
Шығармашылық қабілеттіліктерді сәтті дамытудың алғашқы қадамы – сәбиді ерте физикалық дамыту: жүзу, гимнастика, еңбектеу және жүру, осыдан кейін ерте оқу, санау, әртүрлі аспаптармен және материалдармен танысу.
Баланың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың екінші маңызды шарты балалардың дамуынан озық жүретін жағдай жасау болып табылады. Баланы оның әралуан шығармашылық қызметін ынталандыратын және қазіргі сәтте барынша нәтижелі дамитын қабілеттіліктерін мәжбүрсіз дамытатын орта мен қарым-қатынастар жүйесімен алдын ала қамтамасыз ету қажет. Мысалы, кіші жастағы баланы оқуға машықтырғанға дейін қабырғаға әліппені іліп, ойын барысында балаға әріптерді атап отыруға болады. Бұл оқуды ерте меңгеруге ықпал етеді.
Шығармашылық қабілеттіліктерді дамытудың үшінші аса маңызды шарты барынша көп күш салуды қажет ететін шығармашылық процестің ерекшелігінен туындайды. Бұл жердегі бар мәселе адам қызметінде өз мүмкіндіктерінің «шарықтау шегіне» жетіп, осы «шекті» біртіндеп жоғарылатуына қарағанда қабілеттіліктердің барынша сәтті дамитындығында. Барынша күш салудың осындай шартына бала еңбектеп, бірақ сөйлей алмайтын кезде жетуге болады. Бұл кезде әлемді тану процесі қарқынды жүреді, себебі кішкене сәби ештеңені түсіндіре алмайтындықтан ересектердің тәжірибесін қолдана алмайды. Сондықтан осы кезеңде сәби барынша шығармашылықпен айналысып, өзіне беймәлім жаңа міндеттерді өз бетімен және алдын ала дайындықсыз шешуге мәжбүрлі.
Шығармашылық қабілеттіліктерді дамытудың төртінші шарты балаға қызметті таңдауда, істердің реттілігін белгілеуде, қандай да бір іспен айналысуды жалғастырғанда, тәсілдерді таңдауда және т. б. еркіндік беруден тұрады. Сонда ғана бала қаншалықты көп күш жұмсаса да оның ниеті, қызығушылығы, эмоционалды дамуы оның шаршамауының кепілі болып табылады әрі оған пайдалы болмақ. Осы тұста педагог еркіндіктің бассыздыққа айналуына жол бермеуге тиіс.
Балаға еркіндік беру ересектердің жалықтырмайтын, орынды, шын пейілді көмегін жоққа шығармайды, керісінше бағамдайды, бұл – шығармашылық қабілеттіліктерді сәтті дамытудың бесінші шарты. Ересек адам бала қызметінің балаға қысым көрсетпейтін және сыбырлап айтулар түрінде көмек бермейтін тең құқылы әріптесіне, мүшесіне айналуға тиіс. Өкінішке орай, сыбырлап айту – ересектер «көмегінің» кеңінен таралған тәсілі, және ол іске тек зиянын тигізеді. Егер бала әлденені өзі істей алатын болса, онда ештеңені оның орнына істеудің қажеті жоқ. Ол өзі аңғара алатын жағдайда ол үшін ойланып-толғанудың қажеті жоқ. Тәрбиешілер мәселені балаларға сауалмен жеткізіп, оған көбіне өздері жауап беруге тырысады және тек дұрыс жауапты қабылдайды.
Шығармашылық үшін жайлы психологиялық орта мен бос уақыт керек екендігі бұрыннан мәлім, сондықтан шығармашылық қабілеттіліктерді дамытудың алтыншы шарты – балалар ұжымындағы жайлы тату орта. Ересектер баланы шығармашылық ізденіс пен жаңалық ашуға бағыттау үшін қауіпсіз психологиялық база қалыптастыруға тиіс. Үнемі баланы шығармашылыққа ынталандырған, оның сәтсіздіктеріне түсіністікпен қараған, кейде тіпті шынайы өмірге жанаспайтын оғаш идеяларына шыдаммен қараған маңызды. Оларға ескерту жасап, жазғыруларды тоқтатқан жөн. Сондықтан тәрбиешілердің рефлексивтік-түзету кезеңінде технологиялық карталарды тексере отырып, жұмыс тәсілдері арқылы әр балаға сәттілік жағдайын құрғанын атап өтеді.
Шығармашылық әлеуеті жоғары баланы тәрбиелеу үшін жайлы жағдай жасау жеткіліксіз, алайда кейбір батыс психологтары шығармашылықтың баланың туа біткен қабілеттілігі екендігін дәлелдеуде, тек оның өзін еркін танытуына кедергі келтірмеу керек. Бірақ практика мұндай араласпаушылықтың жеткіліксіз екенін көрсетті: барлық балалар жасампаздыққа жол ашып, шығармашылық белсенділікті ұзаққа сақтай алмайды. Егер сәйкес оқу әдістерін таңдайтын болсақ, балабақша балалары шығармашылық ерекшелігін жоғалтпастан өздерінің дағдыланған шығармашылық құрдастарына қарағанда аса жоғары деңгейдегі туындыларды дүниеге әкеледі. Қазіргі кездегі балалар студиясының, музыка мектептері мен өнер мектептерінің танымалдылығының артуы да кездейсоқ жағдай емес.
Тек арнайы сабақтарда ғана баланың креативтілігін дамыту мүмкін емес. Балалардың қиялын дамытуда ойынның маңызы зор, ол мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі болып табылады. Дәл ойын барысында бала шығармашылық қызметке алғашқы қадамдарын жасайды. Ересектер балалар ойынын бақылап қана қоймай, оның дамуын басқаруы, оны толықтыруы, оған шығармашылық элементтерді енгізуі тиіс.
Балалар ойынының ерте кезеңі заттық сипатқа ие, яғни бұл олардың әртүрлі заттармен жасалатын әрекеттері. Осы кезеңде баланы қандай да бір затты ойнатудың әртүрлі тәсілдеріне баулыған маңызды. Мысалы, текше үстел, орындық, көлік болса, кішкене текше кәмпит, печенье, тіпті қандай да бір аспап бола алады. Ересектер бірдей заттарды қолданудың әралуан тәсілдерін көрсетуге тиіс.
4–5 жаста сюжеттік-рөлдік ойын қалыптаса бастайды, ол қиял мен шығармашылықты дамытудың ауқымды мүмкіндіктеріне ие. Ересектер балаларының немен және қалай ойнайтынын, олар ойнайтын ойын сюжеттерінің қаншалықты әралуан екенін білуге тиіс. Егер балалар күн өткен сайын әдеттегі «қыз-ана» немесе соғыс ойынын ойнай беретін болса, онда педагогтар оларға ойын сюжеттерін өзгертуді үйретуге тиіс. Таныс ойынды балаларды мәселелі жағдаймен таныстыратын, шешуді және әртүрлі рөлдерді қабылдауды талап ететін бейстандартты ойын жағдаяттарымен толықтыру қажет. Бала ойын барысында ең алдымен өзінің шығармашылық бастамашылдығын танытуы, ойынды жоспарлауы әрі бағыттауы тиіс.
Шығармашылық ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде,екінші жағынан,ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет