Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Педагогика факультеті
Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық
даярлық кафедрасы
6B01101-Педагогика және психология
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балаларға ертегі терапиясын қолдану арқылы шығармашылық ойлауын дамыту»
Орындаған:Джанаева А.А ПиП-21
Қабылдаған:п.ғ.к.доцент Бейсенбекова Г.Б
Қорғаған күні:
Баға:
2021 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау ерекшеліктері.........................................................................................................6
1.2. Ертегінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытудағы рөлі...................12
2. Мектепке дейінгі балаларға ертегі терапиясын қолдану арқылы шығармашылық ойлауын дамытудың жолдары мен тиімді әдістері
2.1. Ертегі терапиясы арқылы шығармашылық ойлауды дамыту жолдары....19
2.2.Зерттеу және оның нәтижесін талдау........................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................33
ҚОСЫМША...........................................................................................................35
КIРICПE
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Қазақстан халқына Жолдауында рухани тұтастану мен ұрпақтар жалғастығы, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмнің белгіленген бағдарға орай қалыптасуы мәселелерімен сабақтас сауалдардың маңыздылығына тоқтала отырып, жақын болашақта аса қуатты да күшті Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құруға барлық жағдай жасалғандығына айрықша назар аударды. Сонымен қатар Жолдауын жүзеге асыру бойынша ерекше жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, ұлттың мәдени коды (тілі, руханияты, дәстүрлері)сақталғанда ғана уақыт үніне ілесе алатынымызға көңіл бөлген болатын. Елбасы: «Ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтатын болса, ұлттың өзі де жоғалады. Абыройлы тарихымыз, даңқты ата-бабаларымыз туралы жады естеліктер ғана бізге алдағы уақытта қиындықтарға төтеп беруге көмектеседі»,– деген еді. [1]
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті», – деп М.Жұмабаев жазғандай халық педагогикасы ілімдерін негізгеалып жұмыс жүргізген дұрыс деп есептей келе, ауыз әдебиеті жанрлары арқылы жұмыс өрбітілді. [2]
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Бабаларымыз ертегі айтуды ермек еткен емес, керісінше бала тәрбиесіне қолдана білген. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылғанертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр эпизодтың арасынанқыл өтпестей етіп байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тыңдаушының көз алдына елестетердей етіп бейнелеп беру, әр кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу,ертегі айтушының мол өнері, тіпті айтқыштық шешендігі, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертегінің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Балаларды ертегі айта білуге үйрету сөз өнеріне, тілінің дамуына, ой-өрісінің жетілуіне әкелері анық.
Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері.Ертегі терапиясы арқылы сенімсіз, агресивті, қорқынышы басым балалармен жұмыс істеуге болады, олармен: ұят, өтірік, кінәні сезіну және т.б. қиындықтарда қолданылады. Сонымен қатар, ертегі терапия үдерісі балаға өз қиындықтарын түсінуге, талқылауға және де сол қиындықтарды шешудің түрлі жолдарын көруге мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі әрбір баланың даралығын ашу үшін ертегі терапиясын қолдана отырып, оның креативті ойлауын дамытудың маңызы зор.Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде 3 жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қасиетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады»- деген.
Беделді ертегі терапевттердің бірі Т.Д.Зинкевич Еветигнеева ертегі терапиясын рухани білім беретін, әлеуметтік тұрғыдан адамды жүзеге асыратын және адамның рухани табиғатын дамытатын, тәрбие жүйесі ретіндегі тәсілдер жиынтығы деп анықтама берген. [3]
Е.В Чехтің пікірі бойынша ертегімен терапия жүргізу – адамзат дамуындағы тәрбиелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибиесіндегі жаңа, жас әдістердің бірі болып табылады. Ертегі терапиясы тәрбие арқылы баланың көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері .
Ертегі терапиясын қолдану арқылы баланың креативті ойлауын дамытудың маңызы зор.Шығармашылық ойлау балалардың ертегідегі проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, нұсқаларды зерделеп, ертегі мазмұнын сындарлы, әрі креативті етіп құрастыруына мүмкіндік береді. Креативтілік ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Креативтілік – жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім. Креативті бейімділіктер, шығармашылыққа деген кез келген табиғи құштарлық баланы тың дүние жасауға ынталандыратын арнайы жағдай жасауды талап етеді және алда оның өз әлеуетін барынша толық қолдануына септігін тигізеді. Сондықтан балабақшаның міндеті – балалардың креативтілігін дамыту бойынша жүйелі кешенді жұмысқа тиісті жағдай жасау. Осы жоғарыда аталған өзекті мәселелерді негізге ала отырып зерттеу жұмысымның тақырыбын - «Мектепке дейінгі балаларға ертегі терапиясын қолдану арқылы шығармашылық ойлауын дамыту» деп таңдауға себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |