1.2. Ертегінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытудағы рөлі Ертегі - бұл халық даналығының, дәстүрлерінің және тілінің қоймасы екені бәрі біледі. Ертегі балаларды интеллектуалды және адамгершілікке тәрбиелейді, қиялын дамытады және бізді өмір бойы сүйемелдейді.
Мектепке дейінгі кезеңде балалар қиялын, бейнелі жоспарда әрекет ету қабілетін, оқылатын мәтінді түсіну және элементарлы талдау жүргізу қабілетін қарқынды дамытады, сондықтан ертегі рөлі балалық шақта үлкен. Зерттеушілер ертегілер баланың дамуындағы өте қажет кезең деп келіседі. Мен осы аталған өзекті мәселелерді негізге ала отырып зерттеу жұмысымның осы тармағын ертегілер – ертегінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытудағы рөлі деп қарастыруды міндет еттім.
Ертегілер - бұл әлемдердің кездесуі. Ең алдымен, ертегі әлемінің сыртқы шындықпен кездесуі. Біздің ішкі әлемімізде, ертегі әлеміндегідей, Батылдық пен Қорқақтық, Ашкөздік пен Жомарттық, Ұсақтық пен Кеңпейілдік, Сенім мен Рационализм және басқа да кейіпкерлер өмір сүреді. Ертегі ойыны оларды ертегіде де, ішкі кейіпкерлерде де байқай білуге үйретеді, олардың арасында өзімізді жайлы ұстауға және олармен күресуге көмектеседі. Халық даналығы ертегілерде қамтылған. Халық ертегісі жанашырлыққа, бір-біріне көмектесуге, келіссөздер жүргізуге, қарым-қатынас жасауға үйретеді, сөйтіп ертегі баланы қоғамдағы болашақ өмірге дайындайды. Халық ертегілері адамдардың қарым-қатынасын суреттейді, қоғамның жаман жақтарын мазақ етеді, езілгендер мен аз қамтылғандарды жақтайды, халықтың әділдік туралы, жақсылықтың зұлымдықты жеңуі туралы армандарын білдіреді. Халық ертегілерінде жақсылық әрдайым жеңіске жетеді, сол арқылы позитивті кейіпкерлер көтеріліп, жағымсыздар мазаққа айналады. Нәтижесінде бала өзін жақсы кейіпкермен салыстырады, зұлымдықтың жазаланатынын біледі.
Халық ауыз әдебиеті шығармашылығымен танысу жолы ойлаудың бейнелілігін, сөйлеу мәнерлілігін дамытады, өйткені ол лирикалық кірістірулерге, кейіпкерлердің айқын сипаттамаларына, ырғақты әуезділігіне, диалогтарына бай. Бұл Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, туған табиғатымен, әдет-ғұрпымен, тұрмысымен таныстырады.
Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты 4 –ке бөлінеді. Қиял- ғажайып ертегілер. Олар қиялға, фантазияға құрылады. Өмірде болмайтын нәрселер туралы айтылады. (Алтын сақа, Ер Төстік). Қиял- ғажайып ертегілер екіге бөлінеді : қазақ ертегілері, сырттан келген ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілер. Олардың кейіпкерлері үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келеді. Халық жануарлардың мінездері, қылықтары арқылы адам бойындағы жақсы мен жаманды танып білген. «Аю түлкі және арыстан», «Күшік пен мысық». Тұрмыс- салт ертегілері . Тұрмыс- салт ертегілері қойшы, малшы, бақташылардың тұрмысы бейнеленген. Бұл ертегіде өмірде болатын оқиғалар мен болмайтын оқиғалар араласып отырады. «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы». Шыншыл ертегілер. Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы (Алдар көсе, Дүмше молда). Ертегінің қай түрін алсақ та, ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Сондықтан да ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Ертегінің толық бағасын атақты педагог Ы.Алтынсарин берген: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан. [5]
Ертегілер фразеологиялық тіркестерге ерекше бай. Олар ертегілерді қиялды, эмоционалды, түрлі-түсті етеді. Бейнелі өрнектер ертегілерден еніп, олардан бөлек, «тірі» ауызекі сөйлеуде туады. Ертегілер құрылымы салыстыруларға, метафораларға бай. Ертегі тілі бейнелі сөздер мен өрнектерге толы екені сөзсіз.
Мектепке дейінгі педагогикада ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда шығармашылық әңгімелер құрастыруға үлкен мән беріледі. Ертегі мен оқиғаларды құрастыру балалардың дербес көркемдік қызметі.Ертегіде бейнелеудің барлық қажетті элементтері бар, ертегі балаға тәрбиелік және дамушылық әсер етеді. Ертегіні балалар оңай қабылдайды, оның негізінде балаларда ойлау мен қиял дамиды.
Epтeгiлep құpaмы жaғынaн әp aлуaн. Epтeгiнi әp түpлi әдiс –тәсiлдepдi қолдaнa отыpып, бaлaғa жeткiзe бiлу кepeк. Epтeгiнi бaяндaй отыpып, мұӊaюғa, шaттaнуғa үйpeтeмiз, оқиғaлapымeн қызықтыpып, ой-қиялын дaмытaмыз, оны бaяндaуғa жeтeлeп, тiлiн дaмытaмыз, aдaмгepшiлiккe, кiшiпeйiлдiлiкккe, қaмқоpлыққa тәpбиeлeймiз. Бaлaлap жaғымсыз кeйiпкepлepдiӊ жaмaн әpeкeттepiнeн бойлapын aулaқ ұстaп, жaқсылыққa құмapтaды. Ұpпaқ тәpбиeсiндe eӊ тиiмдi тәpбиe құpaлы peтiндe epтeгiлep тiлi жeӊiл, түсiнуi оӊaй болғaндықтaн, epтeгiлepдiӊ бaлaлapғa отaнсүйгiштiк, eӊбeксүйгiштiк, т.б. тәpбиeлep бepудe ғaнa eмeс, олapдыӊ тiлiн дaмытудa дa aтқapap қызмeтiнiӊ мaӊызы өтe зоp. Epтeгiлep бaлaлapдыӊ ой-өpiсiн жeтiлдipiп, Отaнын сүюгe, eлiн қоpғaуғa, өнepдi игepугe, жaлпы aдaмгepшiлiктiк құндылықтapды бойынa сiӊipугe сeптiгiн тигiзeдi.
Epтeгi тepaпиясы дeгeнiмiз нe? Бipiншi, бaсымызғa кeлeтiн нәpсe – epтeгiмeн eмдeу дeгeн ой. Бipaқ, epтeгi мeн epтeгi тepaпиясын шaтaстыpуғa болмaйды. Epтeгi бip бaсқa, aл epтeгi тepaпиясы – бұл мүлдeм бaсқa.
М.Әуeзов epтeгiнiң aдaм бaлaсынa тәлiм-тәpбиeлiк, pухaни мaңызы жөнiндe aйтa кeлiп: " Epтeгi - ол бaяғы зaмaндaғы eлдiң дүниeгe көзқapaсын бiлдipeтiн, я сол көзқapaстың бeлгiлi iзiн көpсeтeтiн, онaн соң eлдiң бeлгiлi сaлтын бiлдipeтiн, apнaулы үлгi aйтaтын, жaмaндықты жepлeп, жaқсылықты көтepiп aйтқaн, ойдaн шығapғaн көтepмe әңгiмe ", - дeп aнықтaмa бepeдi. [10] Aл, Peсeйлiк жaзушы A.Н.Толстой «Epтeгi – бiз ұсaқтaп жинaқтaйтын, хaлықтың ұлы pухaни мәдeниeтi, жәнe дe epтeгi apқылы бiздiң aлдымыздaн хaлықтың мыңжылдық тapихы aшылaды»,- дeгeн eкeн. Көбiнeсe epтeгiлepдiң тәpбиeлiк құpaлы eкeнiнe aтa-aнaлap, яғни үлкeндep сeнбeй жaтaды. Бұғaн К.Д. Ушинский көңiл бөлiп былaй дeп жaзды: «Хaлық epтeгiсiндe бaлaлapдың ұлы жәнe оpындaлғaн жыpы бap – хaлық бaлaлapғa өз apмaндapын aйтaды, aсып кeтсe, хaлықтың өзi осы apмaнғa жapтылaй сeнeдi». Бaлaның epтeгi сюжeтiнe әсepлeнуi, кeйiпкepдiң қиыншылықтapынa aлaңдaуы оның кeлeшeктe өз aлдындa пaйдa болaтын кeдepгiлepдeн қинaлмaй өтуiнe iштeй дaйындығын туындaтaды. Epтeгi тepaпиясының бaғыты – бaлaның жaқсылық пeн жaмaндықты aйыpуынa, мiнeз-құлықтық стepeотиптepдi тaнуынa көмeктeсiп, aдaмдapдың өмipдe aлдынaн шығaтын сaн түpлi қиыншылықты eң соңындa жeңe aлapынa дeгeн сeнiмiн нығaйтaды.
Epтeгi тepaпиясы apқылы бaлaғa мынaдaй қaсиeттepдi сiңipугe болaды:
Бaлaның шығapмaшылығы дaмиды;
Ойлaу қaбiлeтi дaмиды;
Бaлaның бойындa тaпқыpлық дaмиды;
Өз ойын жeткiзe бiлу;
Pөлгe eнe бiлу;
Сөйлeу мәдeниeтi жәнe т.б. қaсиeттepi дaмиды.
Epтeгi тepaпиясын тәжipибeдe қолдaну - aдaмзaт дaмуындaғы тәжipибeлiк психологияның әдiстepiнiң бipi. Көптeгeн зepттeу жұмыстapы көpсeткeндeй - epтeгiдeгi тeңeстipулep, яғни, мeтaфоpa, aдaмның бeйсaнaлы күйiнe тiкeлeй әсepiн тигiзeдi. Eскepeтiн жaғдaй, мeтaфоpa әсepi тepeң әpi тұpaқты дeңгeйдe жүpeдi. Мeтaфоpaлық ғaжaйып әсepлep жeкe тұлғaның өзiндiк, жeкeлiк peсуpстapын бeлсeндipe түсeдi. Көптeгeн обpaздap, мeтaфоpa тiлдepi қоpшaғaн оpтaмeн өзapa қapым-қaтынaс оpнaтудың жaңa мүмкiндiктepiн aшaды, aдaм сaнaсын оятып, бeлсeндipeдi. Epтeгi тepaпиясын сол сeбeптi дe aдaмның pухaни жaн дүниeсiнe үйлeсiмдiлiктe тәpбиeлeугe мүмкiндiк бepeдi. Сондықтaн дa психологиялық қызмeт бapысындa epтeгi тepaпиясын қолдaнғaндa aдaмның жaсы мүлдeм шeктeлмeйдi.
Epтeгi тepaпиясының жeтeкшi идeялapын бөлiп көpсeтугe болaды:
- өмipiндeгi мүмкiндiктepi мeн өмipiнiң құндылығын, өзiндiк әлeуeтiн сeзiну;
- оқиғa мeн aмaлдapдың сeбeп-сaлдapын түсiну;
- қоpшaғaн оpтaны түйсiнудiң әpтүpлi стильдepiн тaнып-бiлу;
- қоpшaғaн оpтaмeн өзapa жaсaнды әpeкeт eту;
- үндeстiк пeн күштi сeзiну. [11]
Ертегі терапиясы – бұл кез келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі. Ол ертегілерді психикалық процестердің өту және көріну формасы ретінде зерттейді, психикаға жағымды әсер ететін ертегілерді тудырады. Онда психикалық процестердің желілігіне, басқаша айтқанда, адамның жан-дүниесінде болып жатқан құбылыс тарға көңіл аударылады. Әдетте, олар мәдениет пен уақытқа тәуелсіз, адамдар үшін әмбебеп болып келеді. Ертегі терапиясы адамда санасыздықтың дамуы мен нақты кескін бойынша өзін көрсетуіне сүйенеді. Оның нұсқаларының саны едәуір шектеулі және оларды тануға болады. Ертегі терапиясы тереңдегі психотерапияның формасы болып табылады, бірақ, сонымен бір мезгілде, өзінің түсініктілігі мен әмбебаптығының арқасында «үстіңгі» және «ағымдағы» міндеттер үшін де қолданылады [11].
Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, уақыт сынынан өтіп, ата-бабаларымыздан қалған ертегі терапиясына тәрбие жүйесі ретіндегі қатынас дәл осы кезеңде қалыптасқан деп санайды. Осындай кең анықтама бере отырып, Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева егер ертегі терапиясын ертегімен емдеу ретінде қарастырсақ, онда алдымен «баланың жан дүниесіндегі қазіргі сәтте психотерапиялық әсері бар білімдерді бірлесіп ашу» туралы айтамыз деп нақтылайды [9]. Олай болса, ертегі терапиясы – бұл ертегімен емдеу, дәлірек айтсақ баламен бірге сол сәтте терапевтік болып табылатын ішкі жан дүниедегі білімді біріге отырып ашу және анықтау.
Т.Д. Зинкевич-Евстигнееваның айтуынша, әлемді және жеке мүмкіндіктерді тану үрдісі ғажайып жолға ұқсас, кездейсоқ қызықтар мен оқиғаларға толы. Ал, көптеген ұрпақтың өмірлік тәжірибесін беретін, құпия, сиқырлы, таңғажайып бейнелерге толы – оқиғалар, баланың ішкі әлеміне баруға болатын, оған айналадағы шынайылықтың «заңдылықтарын» түсінуге көмектесетін қысқа жол болмақ. Әлемді түйсінуі жағынан ертегі балаға жақын, өйткені ол әлемді эмоционалды-сезімдік тұрғыда қабылдайды. Ол үшін ересектердің талдау логикасы әлі түсініксіз. Ал ертегі турасын үйретпейді. Онда тек бала өз қызығушылығын анықтайтын, ләззат алатын сиқырлы бейнелер ғана бар [9].
Мектеп жасына дейінгі әрбір баланың даралығын ашу үшін ертегі терапиясын қолдана отырып, оның креативті ойлауын дамытудың маңызы зор.Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде 3 жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қасиетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады»- деген.
Беделді ертегі терапевттердің бірі Т.Д.Зинкевич Еветигнеева ертегі терапиясын рухани білім беретін, әлеуметтік тұрғыдан адамды жүзеге асыратын және адамның рухани табиғатын дамытатын, тәрбие жүйесі ретіндегі тәсілдер жиынтығы деп анықтама берген.Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері.
Ертегі терапиясы арқылы сенімсіз, агресивті, қорқынышы басым балалармен жұмыс істеуге болады, олармен: ұят, өтірік, кінәні сезіну және т.б. қиындықтарда қолданылады. Сонымен қатар, ертегітерапия үдерісі балаға өз қиындықтарын түсінуге, талқылауға және де сол қиындықтарды шешудің түрлі жолдарын көруге мүмкіндік береді.
Ертегі терапиясын мектеп жасына дейінгі балаларға қолдану барлық уақытта оларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Егер де ертегіні өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білсе, кейбір қиын мәселелерге қатысты жүргізілетін терапиялық жұмыстар да өзінің көмегін тигізеді.
Ертегі терапиясын қолдану арқылы баланың креативті ойлауын дамытудың маңызы зор.Креативтік ойлау балалардың ертегідегі проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, нұсқаларды зерделеп, ертегі мазмұнын сындарлы, әрі креативті етіп құрастыруына мүмкіндік береді. Креативтілік ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Креативтілік – жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім. [12]
Неліктен балаға ерте жастан бастап шығармашылық қабілеттіліктерін көрсетуге және дамытуға көмектескен аса маңызды?
Біріншіден, шығармашылық қызмет баланың даралығын дамытуды ынталандырады, өзін іс жүзінде танытуға мүмкіндік береді, өзіне және қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастырады.
Екіншіден, шығармашылық қабілеттіліктер қазіргі құбылмалы әлемге аса қажет. Олар адамның осы өзгерістерге тез бейімделуіне, өзінің белсенді түрде әлемді өзгертуіне мүмкіндік береді.
Егер барлық кәсіптегі ақыл-ой еңбегінің үлесі артып, ал атқарушылық қызметтің көп бөлігі машинаға артылып жатқанын ескерсек, адамның шығармашылық қабілеттіліктерін оның зердесінің аса маңызды бөлігі деп, ал оларды дамыту міндеттерін заманауи тұлғаны тәрбиелеудің аса маңызды міндеттерінің бірі деп тану керек. Себебі адамзат жинақтаған бүкіл мәдени құндылықтар – адамдардың шығармашылық қызметінің нәтижесі. Және де болашақта адамзат қоғамының қаншалықты алға жылжитыны өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетімен айқындалатын болады.
Педагог үшін бастысы – бірқатар қағидаларды есте сақтау:
егер баланың дербес ойлары мен іс-әрекеттері қоршаған ортаға ешқандай залалын тигізбесе, оны мадақтау;
баланың өз бетімен бірнәрсені жасау, бейнелеу ниетіне кедергі болмау;
тәрбиеленушінің көзқарасы қаншалықты «ақылға қонымсыз» немесе «бұрыс» болса да, оны сыйлау – оны өзінің «дұрыс» көзқарасымен әрі пікірімен қысымға алмау;
балаларға сабақ барысында барынша еркін суреттер, ауызша, дыбыстық, тактильдік және талғамдық бейнелер салуды, қызықты қимылдар мен басқа да күтпеген шығармашылық көріністерді жеткізуді ұсыну;
балалар шығармашылығына қатысты бағаламаушылық: бала өнімін бағалаудың айқын жүйесін қолданбау, осы жұмыстардың жекелеген мазмұнды тұстарын талқылау, басқа балалармен салыстырмау, тек өзімен және өткен тәжірибесімен ғана салыстыру;
баланың ерекше бейнелерін, сөздерін немесе қимылдарын күлкіге айналдырмау, себебі осы сыни күлкі реніш, қателесу, бірнәрсені «тиісінше» істемеу қорқынышын тудыруы және болашақта эксперименттеу мен өз бетімен іздену ниетін басып тастауы мүмкін;
процестің қатардағы мүшесі ретінде балалармен бірге жаңа нәрсені ойлап шығару және ойнау;
бейнелер мен іс-қимылдардың өзіндік бағдарламасын, бейнелеу және ойлау әдебін, өзінің сенімін телімеу, керісінше, бала қиялының логикасын түсінуге және оған кірігуге тырысу;
нәтижеге емес, әлденені жасап шығарудың шығармашылық процесін ұйымдастыруға, осы процесті қолдауға баса назар аудару;
сабаққа психофизикалық ширатуларды, әдеттегі гимнастика жаттығуларын қоса отырып, балаларға қатысты қандай да бір шығармашылық қызметке деген қанағатшылдық сезімін дамыту, ол бірізділікті, шиеленісті және шаршаңқылықты жоюға мүмкіндік береді;
сабақ барысында өзінің және балалардың оң эмоционалды көңіл күйін сақтау: сергектік, сабырлы зейін аудару және қуаныш, өз күшіне және әр баланың мүмкіндігіне сену, дауыстың жағымды интонациясы. [13]
Егер шығармашылық қабілеттіліктерді қалыптастыру жұмысына ата-аналар да белсенді түрде қатысатын болса ғана ол нәтижелі болмақ. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру әр баланы мәдени қоғамға сай ойлы, сезімтал әрі әрекетшіл, жан-жақты дамыған тұлғаға «айналдыруға» септігін тигізеді.