Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет5/10
Дата06.04.2023
өлшемі93,52 Kb.
#80056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театрландырылған ойын түрлерін қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде үлкен нәтиже беретіні сөзсіз.
Білім мен тәрбие бастауын жас жеткіншектер ең алдымен балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие беру саласы мамандарының алдында жан – жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. Н. К. Крупская: «Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын – оқу, олар үшін ойын – еңбек, олар үшін ойын – тәрбиенің маңызды түрі».Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, әсіресе, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың орны ерекше. Театрлық іс-әрекетте ертегілерді, әңгімелерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту, сонымен бірге зер салып тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп сомдау, мәнерлеп оқуға, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.

13
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік бере отырып, күнделікті сабағымызда ойын түрлерін, соның ішінде театрландырылған ойын түрлерін сомдау арқылы жасөспірімдердің қызығушылығын оятамыз.Ертегілерді ойнауда, әңгімелерді әңгімелеуде, өлеңді нақышына келтіріп оқу жұмыстарын жүргізгенде, балалардың өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Театр әлемі –әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.


Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.
Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы өте зор. Баланы сахнада болсын, сабақтан тыс іс-шараларда болсын кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлық сезімдерін ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Өзге ортада өзін еркін ұстай білуге дағдыланады. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой – өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, қойылым туралы ата – аналарына, достарына, араласатын ортасына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі менің ойымша, сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Балабақшада қуыршақ театрын пайдаланудың тиімділігі –әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не коршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған, түйгенін тәжірибесіне жинақталып көбейе түседі. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл жастағы балалар ересектерге қарағанда, қызығушылықтары жоғарырақ болып келеді.

14
Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген, не білсем екен деген құштарлық сезімдері арта түседі.


Ойын –баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән-мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы, дана ақыны, дара ақыны Абай атамыз: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», – деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің орнау беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың куанышы мен реніші ойында айқын көрінеді.
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі – баланың шығармашылық қабілеті мен дарындылығын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын көруге болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген тұжырымдары дәл, нақтырақ келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, балалармен бірге олардың әлемдеріне ене отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті –баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар пайда болды. Берілген әр түрлі сипаттағы ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады, шығармашылық жеке-дара дарындылығын, логикалық тұжырымдарын ұштастыруға әкеледі. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай театрландырылған ойын түрлерін пайдалануға болады.
16
Сондықтан, балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылықтарына байланысты ойындарды ойнау, драмалық қойылымдарды сомдау, кейіпкерлер рөліне ену балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы дамиды. Рөлде ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таңқалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрады. Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Көркем шығармалар түрлерімен жұмыс – жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Көркем шығармалармен жұмыс істеу жүйелілігі мыналар:
-шығармамен таныстыру;
-таңдап алынған шығарманы мазмұндап, мән-мағынасын түсіндіріп талдау, кейіпкерлендіру;
– Шығарманы сахналауға қажетті құралдар дайындау. Көріністі заманауи құралдармен безендіру;
-Дайындық;
-Қойылымды саханалау;
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Соның ішінде ең көр тараған түрі:ойыншықтар театры. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.Театрландырылған ойынды басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек, нақышына келтіру-шеберлікке апарар жолы.
Театрлық ойынға қатысушы ортаңғы, ересек тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, әр түрлі танымдық жаттығулар жасау міндетті.

17
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артады, сабақтар мен ертеңгіліктер еркін де, қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып, қызығушылықпен қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде ұлттық халық ертегілерінен көріністер, тәлім-тәрбиеге тұңған қойылымдар, сюжеттер қойылды. Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп, шығармашылық жұмыстармен толықтырылып отырылды. Топ ішінде емін-еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.


Балалардың шығармашылығы тек рөлдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар ойыншықтармен жұмыс жасағанда да көрінеді. Әр түрлі жұмыс түрлері балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу.
Ең көп тараған түрі :ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Театрландырылған ойынды басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады.
18
Мәтінді оқығанда әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек.Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығулар жасалады.Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылды.Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі көрсетіледі. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау. Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындай түседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кірістіріп отырылады. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығулар жасалады.Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылды.Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды.

19
Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді. Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз топтарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады деп ойлаймын.


Көкейкестілігі: Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.
20
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады.
- балалар тілі дамиды;
- сөздік қорлары толығады;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, содай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды саханалық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы саханада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

21
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көрністеріне таңқалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:



  • дамытушылық

  • әсемділік

  • театрлық.

Ырғақтыиілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді. Жаттығулар 3-ке бөлінеді:

  • тынысалу және артикуляциялық

  • дикциялық және интонациялық

  • сөздермен шығармашылық ойындар.

Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.

  1. қойылыммен таныстыру

  2. қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.

22


  1. Қойылымға қажетті құралдар дайындау.

  2. Көріністі безендіру

  3. Дайындық

  4. Қойылымды саханалау.

  5. Театралдық ойынның жіктелуі

  6. Драматизация Режиссерлық

Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация түрлері:

  • жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;

  • мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;

  • шығармашылық көрсетілім;

  • бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.

Ал драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.
1.Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
2.Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.Әр түрлі жастағы бала бақша топтарында жүргізілеттін театр – ойын іскерліктерін дамыту жұмыстарының мазмұнының ерекшеліктері.
23
Балаларға арналған қөркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінге балалардан эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.Тәрбиеші, дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектакелдер көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналар театры (фланелограф), саусақ театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді ажырата алуына көмектеcеді. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді тәрбиеші 2-3 рет оқу қажет. Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі.
Театрландырылған ойынға қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ театрының қойылымын көру көмектеседі. Оны тәрбиешінің өзі немесе дайындық топ балалары көрсетеді. Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып, қоштасу үшін қолданылады.Күнделікті ойнайтын ойындарды кеңейтіп, драматтизация ойынның әр түрлігін меңгеру арқылы, балаларды қатыстыра отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсу керек. Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру. Адамның негізгі эмоциясы (күн көрінді – балалар қуанады, күледі, алақандарын соғады, орындарында секіреді).
Кейіпкердің эмоциясын біреу арқылы іс- әрекеттің бірізділікпен байланысындағы ойын- әрекеті.
Жақсы таныс ертегілер кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойын - әрекеті.
Музыкалық ойын- әрекеті.
Тәрбиешінің оқуы арқылы бір кейіпкермен мәтіндегі өлең арқылы ойын - әрекеті.
Қысқа ертегі, әңгіме, өлеңдердің мәтінін тәрбиешінің айтылуымен қойылатын ойын - әрекеті.
Ертегі кейіпкерлерімен рөлдік диалог.
Жануарлар ертегілерінің бөліктерін саханалау.
Халық ертегілеріндегі бірнеше кейіпкерлерді драматизациялық ойындармен әрекеттеу.
Ойнау дағдыларын дамыту жағдайында ойнау тәжірбиесін толықтыру.
24
Бірінші топ. «Көрермен» позициясын меңгеруге үйрену.(жақсылықпен қарайтын, аяғына дейін тыңдайтын, қолдарын соғатын, артистерге рахмет айтатын).
Екінші топ. «Артист» болуға 1-ші қадамын жасауға үйрену. (мимикасын, қозғалысын, күшін, дауыс ырғағын, сөз ырғағы) арқылы кейіпкерге ену.
Үшінші топ. Ойынның басқа қатысушыларымен қарым-қатынас жасай білу, дауласпай, кезекпен тартымды рөлдер ойнау.
Ортаңғы топтағы балалар «өз үшін» ойынан бала біртіндеп көрермендер үшін жасалған қойылымға ауысады. Бұл жастағы балалардың театрландырылған ойынға қызығушылықтары тереңдей түседі.
Ортаңғы мен ересектер тобының балалары саханалық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы арттады. Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.
1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.
2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.
3.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.
Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындай түседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп отыру қажет . Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастауға болады. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығулар жасау керек.

25
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді.Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артады, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отыруға мүмкіндіктер туады. Осындай жұмыстар атқарылған топтардағы балалардың басқа топқа қарағанда ерекшелігі өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.


Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет.
Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді,білікті,саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.
Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлепжеткізуге септігін тигізеді. Сөз мәдениеті және техникасы.
26
Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға,тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту,шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемде спектакльдеройнайды. Онда адамдар рөлін ойыншықтар ойнайды.Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалары арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолменқуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндейболады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздеріне қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болыпүш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екібұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақпен жүргізушінің мойнына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылышығармашылықтарын дамытады.
Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өзкүшіне сене білуге көмектеседі.
Қорыта келгенде,педагог балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, олардың бойына күнделікті өмірге қажетті әр түрлі машықтарды қалыптастырады.Олар мыналар:ұжымдық өмірдің машықтары жолдасы дер кезінде көмек беру, айтқанды тыңдап бағына білу және т.б. Мәдениетті сөйлеу машықтары сыпайы қарым-қатынас жасау, аты-жөнімен атау, байсалды сөйлеу, айтайын деген ойын толық жеткізу, сөйлесіп тұрған екінші адамды тыңдай білу және т.б. Көркемдік машықтар өздігінен ән айтып, би билеу, мәнерлеп ертек, тақпақ айтып беру, әр түрлі материалдардан ойыншықтар, атрибуттар, әсемдік бұйымдар жасай білу.
Осы орайда мен балаларға түсінікті болуы үшін театрландыру әдісін мынандай үш кезеңге бөлдім:
1-ші кезең: Көркемдік шығармамен, ертегімен таныстыру. Бұл кезең мен үшін аса маңызды, өйткені 1-ші кезең баланың әдеби мәтінге эмоционалды лебіізін білдіру деңгейін, оның көркемдік тебіреніс қабілетін, эстетикалық құндылығын түсіну дәрежесін анықтауға көмектеседі. Осы кезеңде мен балалардың шығарма мен ертегі мазмұнын түсінуге үйреттім.
27
Олардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ертегі әлемінің ахуалын және мәнін түсінуге көмектестім. Ертегі кейіпкерлерінің атынан өз бетімен ым, ишара, өз ойынан шығарған диолог пен мәтіндерді еркін пайдалана білуге үйреттім. Осы мақсатта «Қызыл телпен», «Мақтақыз бен мысық», «Тырна мен түлкі» ертегілерін пайдаландым. Ертеңгіліктер мен ашық көрсетілімдерде театрландырылған көріністер көрсетіп балалардың шығармашылық тебіреністерін күшейтіп отырдым.
2-ші кезеңде балаларды рөльдерге бөліп және оны игерту. Мұнда әр қатысушымен кейіпкерлер әлеміне ену және сол балалармен жеке-жеке жұмыс жүргізу. Бұл 2-ші кезеңде әр балаға ертегі мәтіні негізінде мүмкіншілігінше өзінің нұсқасын ойластыруға, яғни өз бетімен шығармашылық ізденіске ынталанатын жағдайын құру. Сонда бала жұмысқа белсенді араласып өзінің актерлік шеберлік дағдысын игеруге, мәнерлеп сөйлеуге және қозғалыс, ым арқылы көрсете білуге үйренеді. Осы кезеңде инновациялық технологияларға сүйендім, мысалы аудио дыбыстарына, видео түсірілімдеріне, әртүрлі музыкалық әуендерді пайдаланып балалардың театрландырылған көрініске деген қызығушылығы мен құлшынысын арттырып отырдым. Мақсатым балалардың музыкалық шығармаларға эмоционалдық ықыластығын, жоғары көркемдік музыка мен дыбысты тыңдауға ынтасын қалыптастыру, есте сақтауын дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
3-ші кезең: Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ата-аналардың көмегіне жүгіндім. Ата-ана көмегімен қалдық материалдарды қолданып бірнеше костюмдерді, жетіспейтін бетперделерді дайындап отырдым, өйткені театрландыру жұмысында ұжымдық дайындықтың маңызы зор. Осылайша үш кезең бойынша балаларды жалпы жұмысқа біріктіріп, жалпы істің атынан өзінің міндетін мұқият орындауға үйретіп, олардың шығармашылық өзара әрекеттестікке жағдай туғыздым. Балалар өзара қарым-қатынаста екі тілді пайдаланады.
Бірінші тілі: сөздер, сөйлемдер, фразалар, түсініктер, қортындылау тілі.
Екінші тіл: эмоция, тебіреніс, ым жымыңдау, күлкі, бет-ауызын тыжырайту тілі.
Театрландырылған көрініс балалар үшін бұл әрқашанда ойын, таңғажайып ертегі, әдемі кейіпкердің әрекетінің сиқыры.
28
Сонымен бірге театрландырылған әрекетте импровизация қағидасын ұстанып отырдым өйткені бала мәтінді ылғи есте сақтап жүре алмайды содықтан кез-келген уақытта өз еркімен сөйлеп, қозғалыс жасай білуі керектігін түсіндім.
Осы бағытта мен мынандай сызба арқылы балаларды бақылап зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
Сызбаны талдайтын болсам:

  • Баланың есте сақтау қабілетін арттырады.

  • Баланың шығармашылық Рухани қабілеттерін артырады.

  • Адамгершілікке баулиды. Балалардың пантонимикалық

  • Театрландырылған іс-әрекет қабілетін арттырады.

  • Импровизациялық дағдыларын дамытады. Балалардың эмоционалдық көңіл-күйін дамытады.

  • Бір-біріне қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді. Жалықтырмайтын әдіс-тәсілге жатады.

  • Балалардың сөйлеу қабілеттерін арттырады.

  • Баланы әлеуметтендіреді.

Әдебиет пен ертегі реалдық шындықты, өмірдің образ түрінде сәулеттендіретін айна. Бала әдеби кітаптар мен ертегілерде кездесетін ұнамды кейіпкерлердің мінезіне, олардың игілік мақсат үшін істеген қылықтарына, патриоттық сезім үстінде жасаған әрекетіне сүйінуі, олардың мақтаныш етіп, үлгі ретінде алуы табиғи құбылыс болып табылады.
Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады.
29
Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.
Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатаын болсақ;
-Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді.
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.
-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
-Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.
-Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. \қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\
-Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.
Театрландырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдікшығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қалыптастырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықтарын ояту. Рөлдерді ойнау арқылы балалар өз кейіпкерлерін көз алдарына елестетіп қана қоймай, оның іс-әркеттерін, сезімдерін, мінез-құлықтарын сезінеді,

30
әрі бүлдіршіндер сахнада сөздерді байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді.


Кез –келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым – қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлықтарын дамытады. Балалар кішігірім көріністер көрсетсе, бұған әр түрлі театр түрлерін қолдануға болады. Мысалы: фланелограф, саусақ, ойыншықтар, сақина, орамал, қарындаш, т.б. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді, жануарларды ажырата алуына көмектеседі. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс әрекетті орындайды. Рөлдерге бөліп ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі. Жоғарыда айтылып отырған мәселелер бойынша тәжірибе жинақтау барысында балабақшада топтар арасында театрландырылған жұмыстары жоғары дамыған.
Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым- қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.Балаларды сөйлесуге үйрету.Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету. Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді. Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн. Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды. Ойын – балалар өмірінің нәрі. Ол жай ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуімен табиғи өсуінің қажетті алғышарты.
31
Бала денесінің дамуы мен ой- дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты. Ойын – қимыл-қозғалыс, жүгіріс-секіріс сияқты дене ермегі ғана емес, ол бала тірлігінің барлық саласына сіңісіп кеткен өмірлік нәр. Бала айналадағының бәрін ойнай отырып қабылдайды, сол арқылы тәрбиеленіп, лязаттанады, өнеге үйренеді, тілдік қоры дамиды. Балалардың тілдерін жетілдіруде, сөздік қорларын дамытуда драмалық ойындардың маңызы зор. Драмалық ойындар – мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің бірі болып саналады. Келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді. Адам бойындағы ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Драмалық ойындарды екі бағытта жүргізуге болады:
Сазды-сахналық (музыкалық) қойылымдар.
Қуыршақ театры.
Жалпы драмалық ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығармалық сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған рөлдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аударылуы керек. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет қимылдарын көрсетіп, жетілдіру керек. Кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күйі, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындыру. Нәтижесінде драмалық ойындар барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізуге болады. Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен театрландырылған қойылымдар өткізуге болады. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайды, ал ұялшақ, ұяң балаларға жай рөлдер беруге болады. Оларға қуыршақтарды қалай ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету керек. Театрландырылған ойындардың мазмұны адамгершілік, достық, кішіпейілділік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты қасиеттерді уағыздауға бағытталады.
Театрландырылған драмалық ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Яғни топта театр бұрышы, саусақтар, қолғаптар т.б болуы керек. Балаларға жануарлардың сыртқы кейпін салып келтіру мақсатында
32
«Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» және т.б драмалық ойындар ұйымдастыруға болады.
Қозғалыс әрекеттерін жетілдіру мақсатында мына әдістерді қолдануға болады:
Қимылды көрсету;

  • Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.

  • Драмалық ойындарды көп ойнап, сахналық өнерді үйреніп, сезіне

бастағанда балалардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артады.
Драмалық ойындарды ұйымдастырмас бұрын балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізу керек:
Тәрбиеші балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аудару.
Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлу.
Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалау.
Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.
Ойынының жіктелуі.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі.Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог- ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды.
33
Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.Шығармашылық және ережелі ойындарБүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата-аналардың да мүмкіндіктері кеңейді. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар балалардың дамуына әсерін тигізері сөзсіз. Бірақ ата-аналар балаларын күні бойы теледидардың алдына отырғызып қоймай, ертегілерді бірге тамашалап, оның түсінген-түсінбегенін сұрап, туындаған сауалдарына жауап беруге тиіс. Балаға ненің жаман, ненің жақсы екенін ертегінің мазмұнына сүйене отырып түсіндіруге тырысулары қажет.Бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Бұл әдістің пайдасы - баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Ата-аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен оларды тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың рөлінің айрықша екенін ұмытпау керек. Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі. Себебі, трафареттермен жұмыс істеу кезінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр- тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады. Мәселен, жүгіріп келе жатқан қоянның бейнесі т.с.с.Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін негізгі - сөйлеу кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Жұмыс жұптасу түрінде жүргізіледі. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Жұптасып жұмыс істеген кезде мен кімнің ынталы, кімнің
34
ынтасыз қатысып отырғанын бақылап отырамын. Диалог ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі, бұл жерде автор сөзі деген болмайды.Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
балалардың сөздік қорларын дамыту;
жаңа сөздерді меңгерту;
үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.
Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
35
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын- тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар»,«Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс- әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.Режиссерлік ойын және оның әдістемесіБала үлкейген сайын ойыншықтардың сырт пішінінің сәйкестігіне талаптары күшейе түседі. Алайда, бұл сәйкестіктер талаптар күшейе түседі. Бұл сәйкестіктер оның түсі
36
мен формасы тура табиғи түрдегідей берілмеуі керек. 3 жастан бастап балалар қуыршақтармен ойнау кезінде кейбір құрал –жабдықтарды қолдана бастайды: жиһаз , ыдыс-аяқ және т.б. Кіші мектеп және ересек мектеп жасына дейінгі балалар қозғалысқа түсетін ойыншықтарды қалайды: микроэлектромоторлы шаңсорғыш, кір машинасы, жарықтандырылған тоңазытқыш, жанатын лампа және т.б. Ұсақ ойыншықтармен ойында мектеп жасына дейінгі ересек және кіші мектеп жасындағылар кейбір декорацияларды қажет етеді. Тұрғын үйді бейнелейтін ойыншықтар қажет ( әр түрлі бөлмелер, қақпалар, ағаштар, аула құрылыстары), мектеп (парталар, санағыштар және мектеп тақтасы) және т.б.Балалардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектесетін ойыншықтар. Баланы үлкендер еңбегімен таныстырады, сол еңбектің құрал –жабдықтарымен таныстырады, балаларды күш – қуатты қажет ететін, еңбекке баулиды, ұжымдық сезімді тәрбиелейді. Көптеген ойыншықтар кәсіптік және тұрмыстық еңбек процесін көрсетеді. Мысалы , «Кішкентай аспаз» жинағы , ұнмен жұмыс жасауға арналған заттардан тұрады. Осындай жинақты пайдалана отырып 5 жасар бала ермексазды оқтаумен жаяды, әр түрлі пішінді ойыншық тоқаштар жасайды. 2 – 4 жасар бала құммен осындай әрекеттер жасайды.Мектеп жасына дейінгі балаларды театр іс-әрекеті арқылы әлеуметтік-бейімделген шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу жолдары. Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады.Мектеп жасына дейінгі балаларды театр іс-әрекеті арқылы әлеументтік-бейімделген шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу жолдарының бірі —Театрландарылған ойын Театрландарылған ойындар.Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық
37
қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін көз алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, және әңгімеге араласуға, көрніс туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Саханалау.Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:— дамытушылық-әсемділік— театрлық. Ырғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген.Жаттығулар 3-ке бөлінеді тынысалу және артикуляциялық, дикциялық және интонациялық сөздер шығармашылық ойындар.
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеу қабілеті мен қиялын дамытады.Театрда болу - әрқашан мереке. Мереке деп күнделікті істердің арасындағы үзілістерді ғана ұқпауымыз керек. Онымен қуану, көңіл көтеру байланысты болған. Ал ең бастысы, күнделікті тірліктен өзіңді босату деген сөз. Театрда болып, мерекені сезіну адамға еш нәрсемен теңдесі жоқ қуаныш сыйлайды, күнделікті өмірді қанық әсерлерге бөлейді, сондай- ақ, оны жаңа
38
сезімдермен, ойлармен толықтырады.
Мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу- дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна (театр) ерекше роль атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі- рөлдік ойындардың тек желісі ғана емес, сондай- ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан, балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен: дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс- тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық өнері мен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдері, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше болуы да мүмкін. Балалар беске қараған жасында театр іс-әрекеті үрдісінде рөльдерді орындау барысында өзіндік жеке ерекшелікті енгізуге белсенді ұмтылады. Осы жаста сахнаның әр түрін пайдалана отырып, үзінділерді әңгімелеуге үйрету жүйесін кіргізуге болады. Сахнада жүру, тұру, сөйлеу, сыйлау мәдениетіне үйренеді. Рөлді атқару арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман нәрсені қайталамауға тырысады. Осылайша жан-жақты тәрбиеленген бала бар жаттаған, естіген, білгендерін өмірде кездесетін түрлі жағдайда орынды қолдана білуге тырысады. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге , өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді.
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту негұрлым дұрыс ұйымдастырылса, эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Балалардың ой –өрісінің кеңеюіне байланысты сахналық ойындар күрделене түсуі тиіс. Бала тілінің қарқынды дамуына себеп болатын, театрландырылған әрекетті өз бетімен ойнауы, қуыршақтармен, кейіпкерлерге немесе рөлдерге бөліп ойнауы, сондай-ақ тақырып таңдауы, өзіне таныс мазмұнды айта білу, кейіпкерлердің атынан ойнауы негіз болады. Көп жағдайда баланың тақырыпқа қызығуы олардың ертегі тілімен сөйлеуге деген қызығушылығы тәрбиешіге байланысты.
39
Театрландырылған әрекет диалог, монолог арқылы сөйлеу қабілетін дамытады. Ритмикалық құрастырылған мәтіндер баланың бар ағзасымен қоса сөйлеу қабілетінің дамуына әсер етеді. Белгілі бір сомдалған рөлдің атынан сөйлегенде бала жанындағы адаммен қарым-қатынасқа еркін түседі, сөздік қоры молайып ашылы түседі.
Мектепке дейінгі балалармен спектакль құру – қызықты әрі пайдалы әрекет. Барлығы бірігіп жасаған шығармашылық әрекет белсенді емес балаларды да қызықтырып, әрекеттенуге, жанындағы балалармен қарым-қатынасқа түсуіне себепші болады.Театрлардың әртүрлілігі балалардың жан-жақты дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы театр түрін таңдауда, рөлдерді бөліп беруде. Бұлар түзетушілік-логопедтік жұмыста баланың тіл кемістігіне, жас ерекшелігіне, жеке психологиялық ерекшелігіне байланысты таңдалады.Театрлық ойындарды балалардың саусақ жаттығуына, яғни логоритмикаға қызығушылығын арттыру үшін, әдеби шығармаларды оқытуда, оларды кішкене рөлдерге бөліп, қуыршақтармен ойнап түсіндіруде баланың әдеби шығармаларды түсініп, орындай білуге деген қызығушылықтарын арттырады. Жұмыс барысында тақпақты мәнерлеп айтуда, өз ойын айтуда, кейіпкерлердің сөздерін айтуда балалардың сөздік қоры жақсы дамиды. Театр әлемімен танысу екі жастан басталады.Бүлдіршіндер тәрбиешінің көмегімен қуыршақтар театрін көре бастайды.
Үстел үстіндегі театры – бірінші сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі етілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн.Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтартеатрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптарданжасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер-театр»; магнит театры; «мачалка театры»; үстел үстіндегі кейіпкерлерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстанғандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар..
Екінші сәбилер тобында балалар қарапайым қуыршақтар театрын,үстел үсті театрін үйрене бастайды.ол үшін резиналы,жүмсақ,әр түрлі пішінді ойыншақтар қажет.Қуыршақтарды балалар қолдарына алып, оның қандай екенін,сипатын,мінезін,тұлғасын ажырата бастайды.Өзі арнайы диалог тауып,қуыршақпен сөйлесіп,тілін дамытады.Бұл жерде үлкендердіің көмегі
40
қажет болады,өйткені сөздерді дұрыс айтуға,дұрыс сұрақ қоюға септігін тигізеді. Жылдың соңында екінші сәбилер тобының балалары үстел үсті театрін толықтай меңгеріп,өздері сахналап,қысқаша спектакльдерді ойнап бере алады.
Ортаңғы топта балалар ширмамен танысады,қолдарына арнайы қуыршақтарды киіп іс-қимылдарын,әуен ырғағымен немесе әнмен жақсы келтіре бастайды.Ең көп тараған түрі – ойыншықтар театры. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемде спектакльдер ойнайды. Онда адамдар рөлін ойыншықтар ойнайды.Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалары арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндейболады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздеріне қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болыпүш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екібұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақпен жүргізушінің мойнына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылышығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өзкүшіне сене білуге көмектеседі.
Педагог балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып,олардың бойына күнделікті өмірге қажетті әр түрлі машықтарды қалыптастырады.Олар мыналар:ұжымдық өмірдің машықтары жолдасы дер кезінде көмек беру,айтқанды тыңдап бағына білу және т.б. Мәдениетті сөйлеу машықтары сыпайы қарым-қатынас жасау, аты-жөнімен атау, байсалды сөйлеу, айтайын деген ойын толық жеткізу, сөйлесіп тұрған екінші адамды тыңдай білу және т.б. Көркемдік машықтар өздігінен ән айтып, би билеу, мәнерлеп ертек, тақпақ айтып беру, әр түрлі материалдардан ойыншықтар, атрибуттар, әсемдік бұйымдар жасай білуге итермелейді.
Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынасқа түсіп,бір-бірімен тіл табысады адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.Балалар таныс ертегілерін қазақ тіліндеүлкен жауапкершілікпен,қызығушылықпен рөлдерге бөліп сахналайды.

41
Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттер - бұл тұлға шығармашылығына бағытталған тәрбие, баланың шығармашылық әлеуетін ашудың мүмкіндігі. Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру баланың қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі, жалпы дамуына, білуге құштарлығының айқындалуына, жаңаны тануға деген ұмтылысын, жаңа ақпараттарды және әрекеттердің жаңа әдістерін игеруге, ассоциативті ойлануға; орындау кезіндегі эмоцияның, ақыл-парасатының көрінуіне, мақсатқа жету үшін ұмтылуына, табандылығының дамуына ықпал етеді.Балалар қоршаған әлемдегі қызықты иделарды байқауға, оларды қолдана білуге, кейіпкердің өзіндік көркем бейнесін құруға үйренеді, оларда балалар шығармашылығының кең тараған түрі шығармашылық қиялы дамиды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар өміріне театр мықтап енді. Театрландырылған әрекеттер мазмұндық-рөлдік ойындармен өте тығыз байланысты және оның бір түрі болып есептеледі.Баланың есеюі бірнеше кезеңмен өтеді, сондай-ақ оның ойындары да бірнеше кезеңмен дамиды: заттармен сынақ жасаудан басталып, оларды бейнелеу үшін ойыншықтармен және заттармен танысады; одан кейін алғашқы мазмұндық көріністер пайда болады, содан соң рөлді сомдайды және ақырында,мазмұнды дарамалайды.Балалар өздеріне рөл таңдайтын және алмастыратын – заттарды қолдана отырып, әрекеттер мен ересектердің қарым-қатынасын жинақталған түрде мазмұндық-рөлдік ойындарды Д. Б. Эльконин шығармашылық әрекеттер деп атайды. Белгілі балалар психологы А. В. Запорожец баланың қиялындағы жағдаяттарда ойша әрекет ете білу білігін қалыптастыруда театрландырылған ойындардың рөліне маңыз берді.Театрландырылған әрекеттер сезімдердің, терең аяушылықтың және баланың ашылуының қайнар көзі болып табылады, оны рухани құндылықтарға баулиды. Баланың эмоциялық саласының дамуында театрландырылған сабақтардың маңызы зор, кейіпкерлерге жаны ашиды, орындалған ойындағы оқиғаларға аяушылық білдіреді.Осылайша,театрландырылған әрекеттер – адамның мимикасы, ымы, дауыс ырғағы бойынша эмоциялық күйін тану қабілетін, яғни балалар эмпатиясын дамытудың басты тетігі. Басқалардың жетістіктеріне қуана білу және бөтеннің қайғысына ортақтаса білу үшін, өзін ойша сол адамның орнына қоя білуі қажет.Бүкіл мектепке дейінгі кезең бойында баланың тілі белсенді түрде: сәби кезеңдегі еріксіз эмоциядан орта топтағы балалардың дауыс ырғағына және мектепке дейінгі ересек жастың мәнерлі тілі дамиды. Мәнерлеп сөйлеуді үшін, әрбір бала өзінің эмоциясын, сезімін, қалауын және көзқарастарын, әдеттегі әңгімелерде ғана емес сондай-ақ, жариялы түрде,


42
таныс емес тұлғалардың алдында көрсете алатындай жағдайлар туғызу қажет.Адамның көпшілік аудиторияның алдында мәнерлеп сөйлеу дағдысына ерте балалық шақтан бастап баулып- тәрбиелеуге болады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттердің негізгі бағыттары Мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекеттер күннің бірінші және екінші жартысында - белгіленбеген уақытта ұйымдастырылуы, басқа сабақтарға үйлесімді түрде енгізілуі, сондай-ақ тіл дамыту және қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақтардың апталық кестесінде арнайы жоспарлануы да мүмкін. Әрбір балаға дербес қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету үшін театрландырылған әрекеттердің барлық ұйымдастырылған түрлерін шағын топтарда өткізу ұсынылады. Сонымен қатар, сабақ мазмұнына байланысты шағын топ әр кезде әртүрлі қалыптасып құрылуы мүмкін. Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттердің негізгі түрлері сабақтарда, жеке жұмыстарда, театрландырылған ойындарда, сауықтарда, мерекелерде, үйірме жұмыстарында ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыруға тән ерекшеліктері олардың мазмұнының әдеби негізі және көрермендерінің болуы (Л.В. Артемова, Л.В. Ворошнина, Л.С. Фурмина және басқалар).Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерге (О.В. Акулова, А.Г. Гогоберидзе және басқа) жасалған талдаулар мектепке дейінгі ұйымдарда мақсатты түрде дамытуға бағытталған театрландырылған әрекеттерді қолданудың тиімділігін дәлелдеді.
І. Әдеби және фольклорлық шығармаларды көркем қабылдау;
ІІ.Негізгі («әртіс», «режиссер») және қосымша («сценарист»,
«көркемдеуші», «костюмер») рөлдерді орындаушы болып қалыптасуы үшін
арнайы біліктерді меңгеру;
ІІІ. Дербес шығармашылық әрекет.
Қабылдау, ойлау, қиялдау, тілі бір-бірімен тығыз байланыста және балалардың әртүрлі белсенділіктері (тілдік, қимылдық, музыкалық және басқа) арқылы көрінуіне байланысты педагогикалық міндеттер күрделене түседі. Театрландырылған әрекеттердің бағыттары үш аспекті бойынша: біріншіден, драмалық мазмұн құруда, яғни берілген әдеби мәтіннің мазмұнын немесе вариативтік шығарманы ия өзі құрастырған мазмұнды түсіндіреді, мағынасына қайтадан ой жүгіртеді; екіншіден, өзінің ойға алғандарын орындау кезінде, яғни біліктеріне сәйкес келетін көркем бейнені
43
мәнерліліктің әртүрлі құралдарының: дауыс ырғағы, ымы, ишарасы, қимылы, дыбыстаудың көмегімен жүзеге асырады; үшіншіден, қойылымды көркемдеу – декорация, костюмдер, музыкалық сүйемелдеулер, афиша, бағдарлама (іріктеу, әзірлеу, стандарттан тыс қолданулар) құру арқылы жүзеге асады. Театрландырылған әрекеттерді қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру. Балалардың бірлескен және дербес театрландырылған әрекеттерін қамтамасыз ету үшін топта бала өз рөлінің мазмұнын еске түсіретіндей, шығарма мазмұнының иллюстрациясын қарастыра алатындай театрлық аймақ немесе театрлық бұрыш жабдықталуы қажет.Балалардың дербес қызығушылығын жүзеге асыру мақсатында заттық -кеңістіктік ортаны таңдау еркіндігі қамтамасыз етіледі.
Театрландырылған әрекеттер аймағында:
- үстелдік театр;
- шымылдық;
- қуыршақтар жиынтығы (саусақтық және жазықтықтық пішіндер,
ертегілерді ойнауға арналған қуыршақ-марионеткалар);
- балалардың өздерінің және тәрбиешілерінің дайындаған театры (басы, саптамасы бар конустар, әртүрлі маскалар, декорациялар);
- түрлі көңіл күйдегі кейіпкерлер;
- кейіпкерлер мен декорациялар жасауға арналған материалдар (түрлі -түсті қағаздар, желім, қалдық материалдар, қарындаштар, бояулар, қайшы және басқа материалдар );
- дайын костюмдер, ертегілерді ойнауға арналған маскалар, қолдан жасалған костюмдер;
- сиқырлы заттарды және кеңістікті белгілеуге арналған атрибуттаралмастырғыштар (түсті шеңберлер, түрлі ұзындықтағы жолақтар) болуы тиіс. Сондай-ақ топта сөйлеу белсенділігін дамытуға арналған әдеби бұрыш құрылуы мүмкін. Ол кітаптарға арналған стеллаж немесе ашық витрина, жұмсақ диван, бағдарлама бойынша және балалардың сүйікті кітаптары, «сөйлейтін кітаптар», қолдан жасалған кітаптар, жазушылар мен ақындардың портреттері, ертегілер көрмесі түрінде ұсынылуы мүмкін.

44
Мектеп жасына дейінгі әртүрлі жас кезеңдеріндегі балаларға театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру


І кіші топ (3 жастан 4 жасқа дейін)
ІІ кіші топтағы (3 жастан 4 жасқа дейінгі) балалармен театрландырылған әрекеттерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі ересектердің театрландырылған қойылымдарын бақылаудан біртіндеп дербес ойын әрекеттеріне көшу болып табылады; топтағы рөлдерді орындайтын, дербес ойындардан және үш-бес құрдасымен «қатарласқан ойындар»; фольклорлық және әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін салудан драмалық-ойындарда кейіпкердің негізгі эмоциясын бере отырып әрекеттерін орындайтын және қарапайым «үлгілік» бейнелерді құруды меңгереді. Балалардың назар аударуы қадағаланады, соңында қуыршақтар иіледі және олардан ризашылық сұрайды, қолдарын шапалақтайды.Саусақтық және басқа да театрлық қуыршақтар сабақта да, күнделікті қарым-қатынаста да қолданылады. Олардың атынан ересектер алғыс айтады және балаларды мақтайды, сәлемдеседі және қоштасады. Сабақтардың, сауықкештерінің конспектісіне драмалардың фрагменттерін қосады, арнайы костюмдерін киеді, дауысын және ырғағын өзгертеді.Тәрбиеші әрекеттерінің маңызды аспектісі бұл драмалық-ойын түрлерін меңгерту арқылы балалардың ойындық тәжірибелерін біртіндеп кеңейту.
Театрландырылған ойындарды барлық балаларға шағын жаттығуларды қолданып, өзі серіктес бола отырып тәрбиеші өзі жүргізеді. Мазмұнды және рөлдерді ойнауды балаларды өзбетімен таңдау жасай білуге баулиды. Театрландырылған ойындарда қимылды, сөзді, ишараны, ымды әртүрлі нұсқада құрастыра білуі қажет. Тәрбиеші өнер түрлерінің (театр, хореграфия, поэзия, музыка, бейнелеу) ерекшеліктері туралы түсінік береді. Мектепалды даярлық тобындағы драмалық-ойындар қуыршақтары - кейіпкер болатын, ал бала оларды сөйлетуге және әрекет жасауға ықпал ететін қойылымдарға ұласып кетеді. Бұл олардан ойланып сөйлеуді, өзінің мінез-құлқына, қимылына бақылау жасауды талап етеді.Мектепалды даярлық тобындағы балалардың театрлық біліктерінің қалыптасқандығын анықтау үшін тәрбиеші оларға сүйікті шығармалары мен мультфильмдерінен шағын көріністерді ойнап беруге ұсыныс жасайды. Тәрбиеші біліктерді: дауыс ырғағының көмегімен кейіпкердің әртүрлі күйін эмоциямен көрсететін, бейнелейтін кейіпкердің мінезі мен көңіл-күйіне сәйкес қалыпқа енетін, өзіне тән мәнерлі ыммен дербес ишараны таңдай білуін қалыптастыратын жаттығулар өткізеді.
45
Мектеп жасына дейінгі балалардың барлық жаттығулардағы әрекеттері мен қимылдар табатын қиялына еркіндік беру қажет. Театрландырылған әрекеттер үдерісіндегі кейіпкерлердің мәнерлеп сөйлеуіне, баланың сөздік қорын өзіндік ойларымен байытып белсенділігін арттыруға назар аударады. Балалар театрландырылған әрекеттер нәтижесінде қайырымдылық пен зұлымдыққа өзінің көзқарастарын білдіреді, қиындықтар мен өзіне сенімсіздіктерді жеңе отырып әлемді таниды.Театрландырылған әрекеттер көркемдік-тілдік тәжірибесінің дамуында басты роль атқарады және баланың қоршаған ортасын дұрыс түсінуіне көмектеседі. Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік және көркемдік дамуына ықпал етеді және педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін арттырады.
Театрландырылған әрекеттер мазмұндық-рөлдік ойындармен өте тығыз байланысты және оның бір түрі болып есептеледі. Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыруға және әдістемесіне байланысты жұмыстар тәжірибесін оқып үйрену отандық және шетелдік ғалым педагогтардың:Д.Элькониннің, А. Запорожецтің, Т.Н. Доронинаның, И.Медведеваның, Т.Шишованың,В.Н . Андросованың, Б.Б.Баймұратованың, Л.А. Давиденконың, А.Б.Қаржаубаевтың, Т.Қолдыбаеваның,А.К.Меңжанованың және басқалардың еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан.
Отандық және шетелдік әдебиеттерге талдау жасау балалардың қатысуымен болатын театрлық қойылымдар олардың дамуында, өзінің мүмкіндіктері мен ішкі сенімсіздігін жеңуде маңызды роль атқаратынын көрсетті.
Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасында балалардың театрландырылған әрекеттері көркем әрекеттердің бір түрі ретінде қарастырылады және «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық» білім беру салаларымен кіріктірілген «Қатынас» білім беру саласының құрамына енеді. Балалардың дербес және бірлескен әрекеттерінде балаға өз ойын еркін айту мүмкіндігі беріледі.
Балалар өздеріне рөл таңдайтын және алмастыратын – заттарды қолдана отырып, әрекеттер мен ересектердің қарым-қатынасын жинақталған түрде жаңғыртатын мазмұндық-рөлдік ойындарды Д. Б. Эльконин шығармашылық сипаттағы әрекеттер деп атайды.
46
Белгілі балалар психологы А. В. Запорожец баланың қиялындағы жағдаяттарда ойша әрекет ете білу білігін қалыптастыруда театрландырылған ойындардың рөліне маңыз берді.

47



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет