Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Театрлық іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып-ойын дамыту



бет7/10
Дата06.04.2023
өлшемі93,52 Kb.
#80056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
курстық жұмыс

1.4. Театрлық іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып-ойын дамыту.


Баланың қиялын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгімелер құрау. Театрлық іс-әрекетте ертегілер мен әңгімелерді пайдалана отырып ойлау қабілетін дамыту. Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген.
М.Әуезов ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: " Ертегі - ол баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгіме ", - деп анықтама береді. Ал, Ресейлік жазушы А.Н.Толстой «Ертегі – біз ұсақтап жинақтайтын, халықтың ұлы рухани мәдениеті, және де ертегі арқылы біздің алдымыздан халықтың мыңжылдық тарихы ашылады»,- деген екен. Көбінесе ертегілердің тәрбиелік құралы екеніне ата-аналар, яғни үлкендер сенбей жатады. Бұған К.Д. Ушинский көңіл бөліп былай деп жазды: «Халық ертегісінде балалардың ұлы және орындалған жыры бар – халық балаларға өз армандарын айтады, асып кетсе, халықтың өзі осы арманға жартылай сенеді».
Театрландырылған шеберлік арқылы нәтижеге жеткізетін өзімнің педагогикалық жұмысымнан мысал келтірейін. Мысалыға, Ертегіден «сиқырлы құбылыстар» арқылы «ертегіге жол бастау». Балалардың қиялдауын қалыптастыру. Балаларға көздерін жұмғызып, ертегі әлеміне бір шолу жасап, көздерін ашу. Одан кейін балалардың көңілін қандайда бір затқа аудару, мысалы; үстелге (одан бауырсақ жерге құлап түсті ме?), тегешке (осы тегешке бауырсақты пісірді ме? т.б.) балалардан сұраймын бұлар қай ертегідегі заттар. Ертегілерді оқу және оны бірігіп талдау. Бастапқыда мен ертегіні бастамас бұрын сол ертегіге апарар жол мысалдар келтіре отырып, әңгіме өткіземін. Кейіпкерлердің эмоциялары мен сезімдерін жеткізе отырып, үзінділерден мысалдар ала отырып, ондағы кейіпкерлердің эмоциясымен және сезімдерімен таныстырамын, одан кейін әр түрлі мінез-құлықтары бар бейнелерді бөліп алуға және олардың біреуінің орынына өздерін қоюы туралы айтамын. Өздерін көру үшін айна қолданылады.
52
Театрлық ойынға қатысушы ортаңғы, ересек тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, әр түрлі танымдық жаттығулар жасау міндетті. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артады, сабақтар мен ертеңгіліктер еркін де, қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып, қызығушылықпен қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде ұлттық халық ертегілерінен көріністер, тәлім-тәрбиеге тұңған қойылымдар, сюжеттер қойылды. Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп, шығармашылық жұмыстармен толықтырылып отырылды. Топ ішінде емін-еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.
Сурет сериялары, яғни сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру, рольдер бойынша (ертегі, шығарманы) сахналау. Ертегі мазмұны салынған сюжетті суреттер арқылы әңгімелеуде баларды қиялдап, өз ойын қосып айтуға, болатын оқиға туралы білетінін, аңғарғанын жеткізе білуге үйретеді.Әдеби мәтіндерді қолдана отырып дыбыс тіркестерін, сөзді айтуға, еліктеу қимылын жасауға үйретеді, бұл ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті баланың әсерленгіш сезімдерін кеңейтеді, сөзді тыңдауды, зейіндерін дамытады. Шағын халық ауыз әдебиеті халық ертегілері, әндер,, тақпақтар мысалы: «Тәй-тәй», «Қуырмаш», «Әлди-әлди» және т.б
Халық ертегілері, әндер ырғақты сөйлеу үлгісін береді, балаларды ана тілінің көркемділігімен бейнелілігмен танысады, бала бейнені тез есінде сақтап қалады.Кіші жастағы балалар ертегіні оқығаннан гөрі әңгімелеуде жақсы қабылдайды.Тәрбиешіден әңгімелеуде дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп айтумен қоса, оған мұқият дайындалуы талап етіледі.Тәрбиеші біртіндеп ертегі айтып беруге белсенді қатысуға үйретеді.
53
Мысалы: «Шалқан» ертегісін айтып беру арқылы балаларды ертегіні мұқият тыңдауға, шығармаға қызығушылықтарын танытуға, ертегіні қайталап тыңдау ниеттеріне үйрету, бақшада не өсетіні туралы ұғымдарын қалыптастыру. Және де бірлесіп өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
«Жеті лақ» ертегісі арқылы үлкеннің ,әке-шешенің айтқанын екі етпей тыңдауға, және де бөтен адамдарға есікті ашпауға үйрету. Балалардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
«Үш аю» ертегісін айту арқылы шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді( мейірімді, зұлым, батыл) сипаттауға үйрету.Өз әсерлері туралы айта алуы мен шығарма кейіпкерлерінің әрекетін, мінез-құлқы мен қарым-қатынасын бағалауды дамыту. Және де рұқсатсыз біреудің үйіне кірмеуге тәрбиелеу.
Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз топтарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады деп ойлаймын.
Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.
Балалар таныс ертегілерін қазақ тілінде үлкен жауапкершілікпен, қызығушылықпен рөлдерге бөліп сахналайды. Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, дауыс ырғақтарын дәл салып, диалог сөз Көркемдік шығармамен, ертегімен таныстыру. Бұл кезең мен үшін аса маңызды, өйткені 1-ші кезең баланың әдеби мәтінге эмоционалды лебізін білдіру деңгейін, оның көркемдік тебіреніс қабілетін, эстетикалық құндылығын түсіну дәрежесін анықтауға көмектеседі. Осы кезеңде мен балалардың шығарма мен ертегі мазмұнын түсінуге үйреттім. Олардың шығармашылық қабілетін
54
дамыту үшін ертегі әлемінің ахуалын және мәнін түсінуге көмектестім. Ертегі кейіпкерлерінің атынан өз бетімен ым, ишара, сөздерді мәнеріне келтіре айта біледі. ойынан шығарған диолог пен мәтіндерді еркін пайдалана білуге үйреттім. Осы мақсатта «Қызыл телпек», «Мақтақыз бен мысық», «Тырна мен түлкі» ертегілерін пайдаландым. Ертеңгіліктер мен ашық көрсетілімдерде театрландырылған көріністер көрсетіп балалардың шығармашылық тебіреністерін күшейтіп отырдым.
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.
-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
-Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.
-Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. \қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\
-Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.
- тәрбиеші әңгімелейтін шағын ертегі, әңгіме және тақпақ мәтіндеріне сол
бойда ойдан шығарылатын - ойын;
- ертегі кейіпкерлерінің рөлдік диалогтары;
- жануарлар туралы ертегі фрагменттерін сахналау;
- халық ертегілері мен авторлық мәтіндер бойынша бірнеше
кейіпкерлермен драмалық-ойындарды бірізділікпен күрделендіру арқылы
жүзеге асырылады.
Әдебиет пен ертегі реалдық шындықты, өмірдің образ түрінде сәулеттендіретін айна. Бала әдеби кітаптар мен ертегілерде кездесетін ұнамды кейіпкерлердің мінезіне, олардың игілік мақсат үшін істеген қылықтарына, патриоттық сезім үстінде жасаған әрекетіне сүйінуі, олардың мақтаныш етіп, үлгі ретінде алуы табиғи құбылыс болып табылады.
55


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет