Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Қосымшалар Күтілетін нәтижелер



бет10/10
Дата06.04.2023
өлшемі93,52 Kb.
#80056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
курстық жұмыс

Қосымшалар


Күтілетін нәтижелер:
- қуыршақты алып жүру тәсілдерін игереді;
- театрландырылған әрекеттердің қатысушысы болуға ұмтылады;
- ойындар мен ойдан шығарылған әрекеттерді мәнерлі орындайды;
- шығарма кейіпкерлеріне аяушылық білдіреді, жанашырлығын көрсете
отырып өз ойын білдіреді.
- мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекеттердің алуан
түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін меңгереді.
Аталған әдістемелік ұсынымдардың мазмұнын жүзеге асыру
педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыруға, заттық-кеңістіктік дамытушы
ортаны байытуға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған
әрекеттерді толыққанды дамытуға мүмкіндік береді.
- «көрермен» болу дағыдысын меңгерген, ізгі тілекті және зейінді көрермен
бола біледі, көрерменнің мәдениетін байқатады (қойылым кезінде өз
орнын тастап кетпейді, «сахнадағы» көріністерге немқұрайлы қарамайды, «әртістердің» сұрағына жауап береді, шапалақтарымен ризашылық
білдіреді; құрдастарының ойындарын – «әртістерді» оң бағалайды);
- «әртіс» тұрғысындағы дағдыларды меңгерген, ауызша емес құралдарды
(ым, ишара, қалып, қимыл) және кейіпкер бейнесін, эмоциясын, олардың дамуын және ауысуын беру үшін дауыс мәнерін қолдану біледі;
- қуыршақты «басқаруды» біледі: режиссерлік театрлық ойындарда
көрермендерге байқатпай ұстауды, кейіпкердің пішінін немесе қуыршақты
дұрыс жүргізеді, жүруді, жүгіруді, секіруді, ишараны және қимылды
үйлестіреді, сәлемдесу мен қоштасуды, келіскенді және келіспегенді
белгілей алады;
- режиссерлік театрландырылған ойындарда «режиссер» тұрғысындағы
алғашқы дағдыларды меңгерген, яғни үстел бетіндегі жазықтықта ойын
кеңістігін құра біледі, өз қалауы бойынша оны пішіндермен және
ойыншықтармен толықтырады; - ойынға арналған орынды анықтайтын, атрибуттарды іріктейтін
қабілеттері, материалдарды және костюм элементтерін вариативті қолдана
біледі, ойынға қажетті жетіспейтін атрибуттарды тәрбиешілердің
дайындау үдерісіне қатысатын «қойылымды көркемдеушінің» негізгі
біліктерін меңгерген;
- ойындағы басқа қатысушылармен өзара әрекеттесе алады, келісім жасай
біледі, рөлдік қарым-қатынастарды бекітеді, ойын барысындағы даулы
жағдаяттарды шешудің қарапайым тәсілдерін меңгерген.
Қуыршақ қолымен жасап ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАСАП ТУРАЛЫ ЖАЗУ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет