Байланысты: Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері курстық жұмысы Аида
II ТАРАУ. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері 2.1. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу матералдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты -әффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:
Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.
Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;
Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:
Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;
Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;
Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;
Авгоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін. тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;
Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, әксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.
Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:
Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;
Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;
Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;
Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.
Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.
Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.
Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.