Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет6/13
Дата28.04.2023
өлшемі53,24 Kb.
#88121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері курстық жұмысы Аида

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;
Оқытудың желілік –технологиясына жатады:
- Интернет желісін пайдалану;
- Әлектрондық поштаны пайдалану;
- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;
Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.
Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
1.3. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі
1.3.1.Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың әлектрондық және телекоммуникациялық құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі басшылықтың бір түрі.
3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
 тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жумысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
 контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;
 тьюторлық сыныптар – компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.
4. Қашықтықтықтан оқыту:
 ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;
 әлектрондық тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);
 білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.
5. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
 желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);
 кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
 ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
6. Қашықтықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, әкстернат және қашықтықтықтан);
7. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.
1.3.2.Қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру
 Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
a) оқытуды даралау;
b) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
c) дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
 Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:
a) оқу курстарын қолдау;
b) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
c) кеңестер беру;
d) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
e) білім алушылардың білімдерін бақылау.
 Білім беру ұйымдарында:
a) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
b) телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
c) әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, әлектрондық оқу залдарының;
d) CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және/ немесе сатылып алынған);
e) желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын);
f) тестілеу кешендерінің;
g) тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
h) жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
i) желілік тестілеу кешендерінің;
j) оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);
k) оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
 Қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:
a) оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
b) қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;
c) ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
 Оқу процесін ұйымдастыру және басқару қызметі қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, қашықтықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтықтан оқыту орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.
 Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық тәсілдерін әзірлеу қызметі қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады, тестілеу жүйелері мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын, қашықтықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.
 Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.
 Оқу процесі базалық жоғары оқу орнының басшысы бекіткен қашықтықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Жоғары оқу орны білім беру процесінде кезінде қашықтықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін пайдаланады.
 Жеке оқу жоспарына сәйкес жылдар мен семестрлер бойынша пәндерді бөлуді өзгертуге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келетін таңдаған мамандықтары бойынша пәндер тізбесінің шеңберінде мүмкіндік беріледі.
 Қашықтықтықтан оқытудың толық курсы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген мамандықтардан басқа барлық бағыттар (мамандықтар) бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
 Тиісті бейін бойынша кәсіптік орта білімі немесе түрлі деңгейдегі кәсіптік жоғары білімі бар тұлғалар қашықтықтықтан оқыту бойынша жеделдетілген оқу мерзімінің қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік жоғары білім алуы мүмкін.
 Білім беру бағдарламаларын жеделдетілген мерзімде толық көлемде меңгеру қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орнының басшылары бекіткен тиісті оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүргізіледі.
 Жеке оқу жоспарын білім алушы жасайды, жоғары оқу орны белгілеген тәртіппен қашықтықтықтан оқытудың жетекшісімен келісіледі және бекітіледі.
 Қашықтықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.
 Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.
 Базалық жоғары оқу орны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.
 Білім беру ұйымы қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.
 Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
 Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.
 Білім беру ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына әлектрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).
 Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:
a) жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
b) жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);
c) топпен қашықтықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
 Қашықтықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.
 Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.
 Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.
 Жоғары оқу орны білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген, кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Білім алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді. Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.
Қашықтықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.
 Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
 Жоғары оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, жетекші әлектрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.
1.3.3.Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары
1. Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
2. Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.
3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
Міндетті комплект мыналардан:
a) үлгілік оқу бағдарламасынан;
 оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықтықтық кеңестерін өткізу кестесі);
b) лекциялардың әлектрондық курсынан;
c) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;
 зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);
d) студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;
 рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);
 қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.
Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.
Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
4. Қашықтықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялықағы пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады.
 Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
 Оқытудың компьютерлік құралдарына әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
 Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
5. Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.
6. Қашықтықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды, еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.
7. Барлық оқыту қызметінің түрлері:
 әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
 студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.
8. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
9. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.
10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.
11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.
12. Қашықтықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында әлектронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.
1.3.4.Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету
 Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету – қашықтықтықтан оқыту, сондай-ақ процестерді техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.
 Қашықтықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар мынадай топтарға бөлінеді:
1. қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
2. сабақты жүргізетін және білім алушыларға кеңес беруді және олардың білімдерін бақылауды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
3. қашықтықтық курстарын ұйымдастыру жөніндегі мамандар (ұйымдастырушылар);
4. қашықтықтықтан оқыту жүйесін техникалық қолдау жөніндегі мамандар (әкімшілер);
5. тьюторлар;
 Қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық курстарын әзірлеушілер шешетін міндеттер:
1. әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және уақытылы көкейкесті ету;
2. тьюторларды дайындау және олардың қызметтерін ғылыми-әдістемелік қолдау;
 Тьюторлар шешетін міндеттер:
 білім алушыларды қашықтықтықтан тікелей басқару.
 Дидактикалық материалдарды жасау үшін ақы төлеуді қашықтықтықтан оқыту проблемалары бойынша жоғары оқу орны ішілік зерттеу тақырыптарын қалыптастыру жолдары арқылы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі анықтайды.
 Қашықтықтықтан оқыту бойынша оқу процесіне қатысты профессор- оқытушылар құрамы қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін арнайы дайындалған болуы керек және сол саладағы кәсіби біліктілігі туралы құжаты болуы тиіс.
Қашықтықтықтан оқытумен жұмыс жасайтын оқытушы:
1. қашықтықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану әдістемесін игеруі;
2. Интернет арқылы кеңес беруді қоса, жекелеген оқу кеңестерінің әдістері мен тәсілдерін игеруі;
3. білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды, курстық және бақылау, оның ішінде жобалық және зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі;
4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, әсіресе әлектрондық ақпараттық желілермен жұмыс жасау әдістерін білуі тиіс.
 Қашықтықтықтан оқыту үшін қызметкерлердің саны кемінде 1:8 (бір оқытушыға кемінде 8 студенттен) ара қатынасындағы олардың тәртіптік қамтамасыз етулерін есепке ала отырып, іске асырылатыг бағдарламалардың әрбіреуі бойынша білім алушы студенттердің саны бойынша анықталады.
 Жоғары оқу орнының қашықтықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы тек осы жоғары оқу орнының ғана емес, сонымен қатар телекоммуникацияның ұйымдастырылған, әдістемелік құралдарымен біріккен және желілік режимде білім беру процесін жүргізетін басқа да жоғары оқу орындарының және басқа да өңірлердің профессорлары мен оқытушыларынан тұрады.
 Жоғары оқу орындарының қашықтықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы кафедраларда (аумақтан тысқары кафедраларда) құрылуы мүмкін.
 Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау білім беру ұйымы өздігінен белгілеген оқу жұмыстарының түрлері бойынша уақыт нормаларының негізінде жүзеге асырылады.
1.3.5.Қауіпсіздікке қойылатын талаптар
1. Ақпараттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Бағдарламалық қамтамасыз ету соңғы қолданушының шұғыл контентіне, ресурстары мен функцияларына қол жеткізуді ішінара шектеу мен басқарудың мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.
Ақпаратты қорғау және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтықтықтан оқыту кешені SSL, PKI сияқты Интернет-коммуникациялары қауіпсіздігі саласындағы өнеркәсіп стандарттарын, 128-1024 бит көлеміндегі кілттері бар күшті шифрлеу технологияларын, ақпаратқа қол жетімділікті авторландыру үшін сертификатты және қашықтықтықтан оқыту жүйесімен қорғалған өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді қолдау қажет. Жүйенің инфрақұрылымы ішкі аудиттің дамыған құралдарын және жүйеде болып жатқан оқиғаларды хаттамалауды меңгеруі керек.
АЖ аппараттық және бағдарламалық деңгейдегі деректерді жоғалтпау және рұқсат етілмеген кіруден сенімді қорғалуы керек. Базалық жоғары оқу орнында, оның барлық оқу орталықтарында білім алушылар туралы деректерді апаттық орнына келтіру мен резервтік көшірмесінің тетіктерін өңдеу қажет.
2. Тьюторлық сыныптарды қосқанда, барлық жұмыс орындары мен үй-жайлар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына талаптарына, сондай-ақ Санитарлық тәртіптер мен нормаларға сәйкес келуі керек.
3. Үй-жайдың ауданына қойылатын талаптар нормаларына сәйкес белгіленеді. Тьюторлық сыныптар компьютерлермен және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген нормаларыға сәйкес әргономика мен сәуле шығару деңгейі бойынша бейне мониторлармен жабдықталуы қажет. Олардың құрамын, ережесін және сапасын сипаттауға талаптар қойылады.
1.4. Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы
Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.
Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.
Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын бағдарламалау тілдерінің әлементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оку орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында ИКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда Компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін.
Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту".
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.
Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар
ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды.
Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.
ИКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық жүйелердің мынадай негізгі әлементтеріне әсер ететінін айту керек:
 әдістемелік жабдықтау жағына;
 мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;
 қолданбалы программалық жабдықта-маларға (әнциклопедиялар, меди-ресурстар, моделъдеу, әкімшшк-шаруашылық кешенін баскаруға)
 базалык программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office);
 аппараттык кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке крсылу).
Интеллектуальды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына бағытталған бағдарламалар мен білім технологияларын жетілдіру - саяси маңызды стратегия.
Мұндай процестің маңыздылығы Әкономикалық ынтымақтасу және жетілдіру ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде "Тһе National Сгіd fог Lеаrning" (Ұлыбритания) және "Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде кдрастырылуы тиіс. Олар білім беру процесінін шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек".
Жаңа жоспар негізінде әлектрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырымдамасы жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең тараған әлектрондық бизнес үғымынан гөрі маңызды болып саналады.
Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзкарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін өз жағдайымызға сай икемдеу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет