Екі деңгейлі модельдің артықшылықтары: - оқушы оқу бойынша кеңесті жергілікті жерде ала алады;
- барлық оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жасайды;
- оқушы филиалдағы техникалық құралдарды пайдалана алады;
- бір уақытта үлкен аумақ пен көп тыңдаушыларды қамтуға болады, «бір мұғалім-тьюторлар филиалда» схемасы бойынша.
2.3.COMPEТЕNTUM.MAGISTER қашықтықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама Бұл жүйені 2005 жылы «ФИЗИКОН» компаниясы ұсынды. Оқу жүйесінің артықшылықтары:
1. Программалық жабдық орталық серверге орнатылады. Оған мектептердегі сервер арқылы да, оқушылардың үйіндегі компьютерден де қатынасуға болады. Оқушы ауырып сабақ босатқан кезінде оқу материалдарына қол жеткізе алады. Ата-аналардың баланың сабақ үлгерімін бақылауына мүмкіндігі бар.
2. Біріктірілген курстар жабық модульдер түрінде емес, әр түрлі форматтағы материалдардың жиынтығы түрінде беріледі: текст, иллюстрация, интерактивті модельдер, бейне роликтер. Оларды курсқа тәуелсіз пайдалануға да болады.
3. Оқу процесін жоспарлау және бақылау құралдары, көрсеткіштерді талдау құралдары бір мектепте ғана емес, ауданда, қалада оқу процестерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтықтық олимпиада, ҰБТ жұмыстары мен олардың мониторын дайындауға болады.
4. Мұғалім оқу процесін сабақ кезінде, сонымен бірге сабақтан соң жүйе арқылы бақылай алады.
5. Мұғалімдер өз оқу материалдары арқылы жүйені толықтыра алады.
2.4. Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары Қашықтықтықтан оқыту бойынша әксперименттік жүйеге 14 оқу орны кірген. К.Сатпаев атындағы ҚАЗМТУ, КРУ, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан МТУ, ҚарМТУ, Қозыбаев атындағы СКГУ , Есенов атындағы Ақтау МУ, Атырау мұнай және газ институты, Т.Рысқұлов атындағы ҚазӘУ, УМБ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, АТУ, Тынышбаев атындағы ҚазАТК, Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Қостанай ИЭиУ.
2006 жылдан бастап РЦИО қашықтықтықтан оқыту порталы MOODLE ашылды. Бұл жоба «алыстағы және әлсіз аймақтағы орта мектептерді АКТ-ды пайдалану арқылы қашықтықтықтан оқыту» деп аталатын ЮНЕСКО жобасының аясында жүзеге асырылуда.
MOODLE білім сапасын арттыруға бағытталған. Жүйенің халықаралық лицензиясы оны көшіруге, таратуға, көбейтуге құқық береді.