2.2 ҚР дағы мүгедек балалары бар отбасының жағдайы мен мүгедек балаларға көмек
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған отбасыға (әр бала үшін) 31 183 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді екен.
Сонымен қатар туа бітті мүгедектігі бар, 1-ші топқа жататын бала күтіміне тағы сол көлемінде жәрдемақы беріледі. Бұдан бөлек ай сайын жанұядағы әрбір адам басына 15 498 теңге әлеуметтік қолдау мақсатында төлем де қарастырылыпты.
Ерекше күтімді қажет ететені баланың ем-домы да қымбат тұратыны жасырын емес. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі? Министрлік мәліметінде, мүгедек баланың ем-домына қажетті дәрі-дәрмек және медициналық қызмет алу үшін жылына бір рет 13 АЕК көлемінде (ал бұл 32 825 теңге) бір реттік әлеуметтік төлем беріледі екен.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың көпшілігі үйден оқиды. Турасын айтқанда, бұл да тегін емес. Үйден оқыту баланың әке-шешесінің қалтасына салмақ салмай ма?
Бұл ретте Үкіметтен баланы үйден оқыту мақсатында ай сайын 16 413 теңге жәрдемақы беріледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен алған мәліметке қарағанда ерекше күтімді қажет ететін баласы бар жанұя өз санаты бойына үй кезегіне тұра алады.
Үй күтіміндегі стационар немесе жартылай стационар жағдайында осы бағыттағы арнайы әлеуметтік қызметті пайдалануға болады екен.
Мемлекет тарапынан жүзеге асқан әлеуметтік қолдаудың тағы бір мүгедек баласы бар отбасы қоғамдық көлікте тегін жүреді. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді.Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе – кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес.Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар.Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді – енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Осы орайда Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына байланысты қаламызда осындай мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналып жартылай стационар «Аялы алақан» атты бөлімше ашылды .Мұнда балалар таңертеңнен кешке дейін мамандардың қарамағында болып, үйірмелерге қатысып, бір-бірімен танысып, ұжымдық тәртіпке үйреніп, дәріс алады. Балалар бес мезгіл тамақтанады, тынығып дем алады, әр маманмен бірге ұсақ қол жаттығуларын орындап, бұлшық еттердің қызметтерін жақсартады, сюжетті рөлдік ойындарды сахналауды үйренеді. Бөлімшеде мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады. Мұндай жәйттер негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты. «Аялы алақан» атты жартылай стационарға келетін мүгедек балаларға әр апта сайын қаламыздағы психологиялық – медициналық педагогикалық консультациядан мамандар : психиатр, лор, көз дәрігерлері келіп тексеріп, психологиялық зерттеудің нәтижесімен таныстырып, олардың жалпы арнаулы түзеу арқылы білім беретін жүйеде оқуға және тәрбиеленуге қабілеттері туралы шешім шығарады. «Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет – қарымын анықтап, дұрыс бағыт – бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек». Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән берілуде. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет.Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету,жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады.Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап ,үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн. Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады.Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді [2; 21].
Бүгінгі күнде мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. БҰҰ ратификациялау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігімен дайындалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 16 қаңтардағы №64 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық аумақтарда кедергісіз жағдай мәселесін шешу үшін объектілерді түгендеу жүргізіледі.ҚР заңы бойынша мүгедек балалардың мынадай құқықтары бар:
Әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
Ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Достарыңызбен бөлісу: |