Курстық ЖҰмыс тақырыбы:«Мектеп жасына дейінгі балалның сөздік қорын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» Орындаған


КІРІСПЕ Курстық жұмыстың өзектілігі



бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі25 Kb.
#23849
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Пед. зерттеу

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» білім беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі, 23 –бабының «Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады»[1] –деп атап көрсетілген.

Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себпті де сәбилермен жүргізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарында да, оқу іс-әрекетінен тыс кездерінде де балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер, жаттығулар үйретіледі.

Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі –балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесіп жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті-бұл балалардың нені және қалай ойнайтынын жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен» , «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с. болып ойнайды.Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол тілі дамыған бала- үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан курстық жұмыстың зерттеу тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалның сөздік қорын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» деп таңдап алуға өзекті мәселе себеп болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет