Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат тәжірибелерді талдау, балалардың шығармашылық жұмыстарын саралау, бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Қорытынды
Мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оларды оқыту, тәрбиелеу мәселесінде жалықтырмайтын, белсенді іс-әрекеті әдіс тәсілдер пайдаланған дұрыс. Өзімізге белгілі балалардың зейіндері тұрақсыз әрі бірқалыпты жағдайларды ұната бермейді. Бұл жастағы балалар оқу үрдісінде «жарқ» ететін сәттер көбірек болып, оларды еліктіріп әкету керек. Оларды оқуға әрдайым қызықтырып отыру және белсенділіктерін арттыратын оқыту мен тәрбие берудің белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалануымыз керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың тілдік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгеру;
-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыра білу керек. Сабақта әртүрлі дидактикалық ойындарды қолданып отырсақ қана мақсатқа жетуге болады.Сонда ой-өрісі кең,тілі дамыған ,өз ойын толық жеткізе алатын ,мектепке баруға дайын ұрпақ тәрбиелеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |