Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сөздік жұмысын қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің нысаны:Мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні:Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
балалардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін айқындау;
мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың мүмкіндіктерін анықтау;
балалардың сөздік қорын ойындар арқылы дамытудың жолдары мен әдістерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сөздік қорын қалыптастыратын әдіс- тәсілдерді кеңінен қолданатын болсақ, онда балалардың сөздік қоры мен сөйлеу тілі дамитын болады өйткені, баламен қарым- қатынас жасау кезінде түрлі ойындармен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын қалыптастырамыз