Н.4 - 61
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Қазақ тілі және әдебиеті БББ
Қазіргі қазақ әдебиеті пәні бойынша
курстық жұмысқа
әдістемелік нұсқау
Павлодар
Курстық жұмыстың маңызы, мақсат-міндеттері
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының бір түрі. Бұл жұмысты студент өздігінен орындайды. Курстық жұмыс студенттің оқып жүрген мамандығын теориялық жағынан меңгеруге мүмкіндік беретін, кәсіби шеберлігін арттыратын арнайы пән бойынша ІІ немесе ІІІ курста орындалады. Ғылыми жұмыстың кішігірім бұл түрі студенттің ғылыми теориялық, логикалық танымын кеңейтуге, білімін бекітіп, ғылыми пікір-көзқарастарға өзіндік талдай жасай білу қабілетін дамытуға, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге бағыттап, тәжірибелік тұрғыдан дағдыларын қалыптастыруға, өз мамандығының теориялық негізін игеруге ықпал жасайды.
Курстық жұмыстың мақсаты беріліп отырған арнайы пәннің мазмұнынан туындайды. Қазіргі қазақ әдебиеті пәнінен курстық жұмыстың негігі мақсаты – әдебиет тарихының немесе қазіргі әдеби дамуға қатысты өзекті бір мәселелерді қарастыру, зерттеу, сөйтіп студенттердің өз бетімен жұмыс істеу, ғылым жолында іздену дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізу. Практикалық сабақтардың маңыздылығы өз алдына, студенттер өткен курстарда алған әдеби-теориялық білімдерін басшылыққа ала отырып курс жұмыстарын жазу барысында ізденеді, әдеби фактілерді талдауға, жинақтауға, бағалауға, зерттеу жұмысында қолданылатын түрлі әдістәсілдерді игеруге машықтанады. Осындай сан-сала шығармашылық ізденістер, зерттеу жүргізу нәтижесінде орындалатын курстық жұмыстар студенттердің ғылыми-танымдық көзқарасының кеңеюіне, жауапкершілігінің артуына, күнделікті үлгерімінің жақсаруына да игі әсер етеді.
Курстық жұмыстың міндеті де белгілі бір мамандықты игеретін арнайы пәннің ішкі міндеті бойынша беріледі. Қазіргі қазақ әдебиеті пәнінен курстық жұмыс жаздыру міндеттері:
курстық жұмыстың мақсат-мазмұнын түсіндіру;
арнайы пәннің ұстанатын бағытын білгізу;
курстық жұмыс бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарына үйрету;
өзіндік ой-пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру;
арнайы пән бойынша ғылыми-теориялық еңбектерді таңдай, саралай білуге үйрету;
белгілі бір тақырып бойынша зрттеушілер пікірлерін ұстана немесе пікірлерге сүйене білуді және ой-пікірлерді ортақтастыруға, жүйелеуге, сұрыптай білуге дағдыландыру;
теория мен тәжірибені ұштастыра білуге үйрету;
теориялық және тәжірибешілік қағидаларды ұстана әрі бір-бірінен ажырата білуге, қажетті жағдайда олардың өзара ерекшеліктерін кәсіптік тұрғыда пайдалана білуге бағыттау, үйрету, мамандыққа байланысты білім сенімділігін ұялату.
Достарыңызбен бөлісу: |