Курстық жұмысқа әдістемелік нұсқау


Курстық жұмыстың орындалу талаптары



бет2/4
Дата06.06.2023
өлшемі20,75 Kb.
#99110
1   2   3   4
Курстық жұмыстың орындалу талаптары
Техникалық және безендірілу талаптары
1.Курстық жұмыс тақырыбына және мақсатына сай жоспарлық құрылыммен толық мазмұндалып жазылады. Жұмыс көлемі 20 беттен кем болмауы тиіс.
2. Жұмыстың мұқаба бетінде министрлік, университет, БББ, оқу пәнінің атауы, жұмыс тақырыбы, орындаушы студенттің аты-жөні, жетекші оқытушының аты-жөні мен лауазымы (ғылыми дәрежесі мен атағы), студенттің сынақ кітапшасаның нөмірі жазылады (үлгісі – кафедрада)
3. Жұмыс мазмұндық талапқа сай жазылғаннан кейін оқытушы тарапынан тексеріліп, арнайы журналда тіркеледі.


Сауаттылық, мазмұндық талаптары:

  1. Тақырып бойынша пайдаланатын әдебиеттің белгілі мөлшердегі тізімін орынды қолдану,алынатын пікірлерге сілтемелерді бере білуі;

  2. Жаңа сөздер мен терминдерді ыңғайлап дұрыс қолдана білу, мазмұнына сай сауатты пайдалануы;

  3. Пікірлерді өзіндік тараптан көрсете білу, саралау, талдау, ұсына білуі;

  4. Нақты бір мәселеде пікірдің ортақтығы жоқтығына байланысты жағдайда ғылыми еңбектерді пайдаланып, ондағы көзқарастарды жинақтап, қорытынды ой жазылуы тиіс;

  5. Студент өзі қарастырып отырған тақырыбының басты мәселесі туралы пікіріне жұмысын негіздей алуы керек;

  6. Курстық жұмыс арнайы құрылған тақырыптық жоспармен, ІІІбөлімді құрайтын кіріспе, негізгі бөлім, қорытындымен, сілтеме жасалған әдебиеттердің көрсетілуімен жазылып орындалады:

а) кіріспе бөлім жұмыстың өзектілігін, мақсатын, ұрылымын, зерттеу нысанын, құрам ерекшелігін қамтиды
ә) Негізгі бөлім кемі екі тараудан тұрады. Алғашқы тарауда тақырыптың зерттелу тарихы, жайы баян етіліп, екінші тарауда студенттің өз талдаулары көрсетіледі. Бұл тарауда ғылыми еңбектерді пайдалану шеберлігі, ескеріледі, жалпы әдеби талдаулар жүргізіледі
б) Қорытынды бөлімде алынған нәтижелер ретімен санамаланады, тақырып бойынша ой түйінделеді
в) Соңында әдебиеттер тізімі пайдаланған ретімен берілуі тиіс.
Осы талаптар әрбір курстық жұмыста өзіне тән шығармашылықты түрде жүзеге асырылғаны жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет