Курстық ЖҰмысы 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы Шымкент, 2021 ж. Мазмұны кіріспе



бет9/10
Дата23.02.2022
өлшемі68,57 Kb.
#26207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Марал

ҚОРЫТЫНДЫ

Бала жиын туралы түсініктің дамуы өзінің бірінші сатысында  өте диффузиялық (аралас) күйде болады:  оның айқын шекарасы болмайды және элементер бірінен соң бірі  қабылдана бермейді. Бұлай қабылдау құрылымдық-бүтін бірлік түріндегі жиынды емес, қайта  белгісіз жиынды сипаттайды; оның сандық жағы да әлі дәл  танылмайды. Мысалы, бала көптеген біркелкі кішкене қуыршақтарды  немесе қораптағы әр түсті түймелерді көріп қуанады. Алайда, ол бірнешеуін қолына ұстап көрісімен, қалғандарын сол сәтте ұмытады. Кішкене балалар сондай-ақ егер жиын элеметтерінің саны  азайса және олардың бір бөлігі көден таса болса, оны байқамайды. Жиын туралы түсініктің осы деңгейі тілде сөздің жекеше және көпше жалғаулары пайдалануға сәйкес  келеді: өйткені, оларда нақты сандық құрам бейнеленбейді.

 Белгісіз жиын туралы  түсінік екі жасқа дейінгі балаларға тән сипат. Бұған мынадай өмірлік мысалдардан  оңай көз жеткізуге болады: балаға  барлық кубиктерді қорапқа салуды немесе столдың үстіне барлық қасықты жинап,оларды күтушіге апарып беруді ұсынады. Балабірнеше кубикті алып қоюмен және бірнеше қасықты апарумен шектеледі және тапсырма орындалды  деп есептейді. («Сен кубиктің барлығын жинадың ба?» - «Барлығын», -деп жауап береді ол). «Б-а-р-л-ы-қ» сөзі үлкендер үшін құрылымдық-бүтін бірлік түріндегі жиынның жиынтығын білдіреді, ал барлық сөзі  бала үшін бір белгісіз жиынды білдіреді.

Балалар үш жаста жиынды көбінесе, оның шекарасында қабылдайды, олар жиынның әрбір элементін  бөлек-бөлек қарап отырмайды,  сондықтан жиынның барлық элементін  әлі анық қабылдамайды.

Осыдан бірінші қорытынды келіп шығады:  кішкене балаларда құрылымдық-бүтін  бірлік ретіндегі жиын туралы түсінік қалыптастыру және жиынның әрбір элементін  көре білуге , айқын қабылдауға  үйрету керек. бұл үшін үш, төрт,  жасқа келген балалар топтарына оқыту сабақтарын арнау керек.

Алайда белгісіз жиынды қабылдаудан  тұйық бүтін құрылым түріндегі  жиынды қабылдауға көші ұзақ процесс болып табылады және оның бірнеше кезеңі бар.  Бұл кезеңнің алғашқыларының бірі – шектеулі жиынның қалыптасуы. Бұл кезеңде баланың назары  негізінен «жиынның шекарасына» топтастырылады. Мысалы, балаға қатар тұрған бес қуыршаққа  олардың бәрін тамақтандыру үшін  тарелкалар үлестіруді ұсынады. Бала біріншісі мен бесіншісін ғана тамақтандырады да олардың аралықтарындағыларға назар аудармайды. Алайда, ол бәрін тамақтандырдым деп ойлайды. Оған төрт саңырауқұлақтың суреті салынған  карточканың үстіне саңырауқұлақтар қойып шығуды ұсынғанда да ол осылай істейді. Ол саңыоауқұлақтармен шеткі  карточкаларды : біріншісі мен төртіншісін  ғана жабады, мұндайда бала өзіне берілген тапсырма толығымен орындалды деп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет