11
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
І кезең- дайындық кезеңі.
1.1. Зерттелетін проблеманың әдіснамалық негіздерін анықтау.
1.2. Зерттелетін проблема бойынша әдебиеттерді оқу негізінде
тақырыпты таңдау.
1.3. Зерттелетін объектіні анықтау. Объектіден бір үлескені алу.
1.4. Зерттеу жұмысын ұйымдастырып өткізуге дайындық:
әдістемелік әдебиет пен педагогикалық тәжірибені тақырыпқа
сай оқып, зерттеп, «Әдістемелік әдебиет пен педагогикалық
тәжірибеге шолу» деген тақырыпта мәтін құрастыру;
тақырыпты нақтылау, жоспарын жасау;
зерттеудің гипотезасын, мақсат, міндеттерін тұжырымдау;
зерттеу әдістерін, зерттеу жұмысы жүргізілетін білім беру
ұйымдарын таңдау.
ІІ кезең - тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу.
2.1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау.
шағын эксперимент өткізілетін және бақылау тобын анықтау;
диагностикалық әдістемені, зерттелетін объектіні бақылау
және белгілеу әдістемесін нақтыландыру;
зерттелетін тақырыпқа сай балалармен өткізілетін оқу
сабақтарының, сыныптан тыс тәрбиелік іс – шаралардың
конспектілерін жазу.
зерттеу нәтижелерін талдайтын әдістемені жасау.
мұғалімдерден кеңестер алу.
2.2. Тәжірибе өткізу.
анықтайтын эксперимент өткізіп, оқушылардың бастапқы
деңгейлерін анықтау; соған сай оқу сабақтарын, тәрбиелік іс
шараларды өткізіп, гипотеза дұрыстығын тексеру;
қалыптастырушы
экспериментті
талдау,
гипотезаны
нақтыландыру,
тәжірибе
жұмысының
мазмұнына
толықтырулар енгізу.
тәжірибе жұмысындағы кемшіліктерді және жетістіктерді
жазып, оған әсер еткен психологиялық – педагогикалық
жағдайларды анықтау, келеңсіз құбылыстарды жою жолдарын
белгілеу.
ІІІ кезең – курстық жұмысты безендіру.
3.1. курстық жұмысты аяқтау:
дайын мәтіндерді бөлімдерге енгізу;
қорытындылар жазу;
кіріспе жазу;
соңғы сөзді құрастыру;
әдебиеттердің тізімін құрастыру;
12
суреттер тізімін құрастыру;
қосымшалар құрастыру.
3.2. Курстық жұмыстың мазмұнын құрастыру
3.3. Мұқабасын безендіру.
Достарыңызбен бөлісу: