Курстық жоба тақырыбы: Жер қойынауы геометриясында қолданылатын проекциялар



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата19.06.2023
өлшемі1,14 Mb.
#102359
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
6. Топографиялық қатар беттері 
Жалпы жағдайда барлық беттер топографиялық және топологиялық 
болып бөлінеді. Топографиялық беттер деп проекциялау жазықтығына 
қалыпты немесе тіктеме сызықпен әрбір нүктесінде бірақ рет ғана 
қиылысатын беттерді атайды, ал топологиялық тіктеме сызықпен бірнеше 
рет қиылысады. Содықтан топологиялық бетті сандық белгілер 
проекциясында бейнелеу үшін оны бірнеше бөліктерге бөлу қажет, сол 
жағдайда әрбір бөлік өзімен топографиялық бетті көрсетеді. Қазіргі уақытта 
топографиялық беттерді бейнелеу кезінде ең ыңғайлы, дәл және көрнекті 
болып изосызықтар тәсілі әртүрлі есептерді шығару үшін изосызықтар тәсілі 
қолданылады. Топографиялық беттін изосызықтарын бетті параллель 
горизонталь жазықтармен ойша қиғанда пайда болған қисық сызықтардың 
проекциялары деп ұсынуға болады. 
Изосызық – дегеніміз бірдей сандық немесе сапалық белгіге ие 
болатын нүктелерді қосып шығатын сызық.
Изосызықтардың жеке жағдайлары болып саналады:
а) горизонтальдар – жердің күндізгі бетіндегі бірдей абсолют белгілрге 
ие болатын нүктелерді қосатын сызықтар;
б) изогипсалар – пайдалы қазба қыртысының төнбе немесе жатпа 
бүйірінің бірдей белгілері бар нүктелерді қосатын сызықтар;
в) изотереңдіктер – пайдалы қазбаның бірдей тереңдікте жататын 
нүктелерді қосатын сызықтар; 
г) изоқуаттар – пайдалы қазба қыртысынын бірдей қуаттары бар 
нүктелерді қосатын сызықтар; 
д) изомөлшерлер – пайдалы немесе зияңды қосындылардың бірдей 
мөлшерге ие болатын нүктелерді қосатын сызықтар. 
l – изосызықтың салындысы дегеніміз пландағы екі көршілес 
изосызықтардың арасындағы ара қашықтық. h – изосызықтардың қима 
биіктігі дегеніміз биіктік бойынша екі көршілес изосызықтардың арасындағы 
ара қашықтық. Қима биіктігі, салынды және

көлбеу бұрыштың арасында 
келесі байланыс бар: 
l= h

 ctg 

(1.11) 
Мысалы, бұл формуладан келесі көрініп түр, тақтаның төбе немесе 
табаның көлбеу бұрышы үлкен болса, онда изосызықтар арасындағы ара 
қашықтық аз болады, ал бұрыш шамасы кіші болса- ара қашықтық үлкен 
болады. 
Барлық топографиялық қатар беттері үш топқа бөлінеді: 
- негізі табиғатта кездесетін беттер (жердің күндізгі беті, қыртыстың 
төбе және табан беттері); 
- негізі табиғатта кездеспейтін беттер, бірақ нағызғы беттердің 
туындылары болып саналатын (қыртыстың изоқуаттары, изотереңдіктер); 


28 
- қиялы беттер, табиғатта кездеспейтін және нағызғы беттермен 
байланыстары жоқ (пайдалы қазбалар және жанас жыныстардың физико-
химиялық қасиеттерінің графиктері). 
Бұл функция келесі негізгі шарттарға қанағаттандырады: 

шектілікке; 

бір мағналыққа; 

үздіксіздікке; 

балқымалы. 
Шектілік жағдайы топографиялық беттің әрбір еркін алынған 
нүктесіне Z шамасы шекті көлем болу керек. Топографиялық бетте еш 
қандай шексіз таулар мен терең шұнқырлар болмайды. 
Бір мағналық жағдайы дегеніміз қандай да бір берілген нүктеде Х және 
У координаталардың еркін шамалары үшін Z координатасы тек ғана бір 
көлемге ие болады, басқа жағдайда бұл бет топологиялық бет болып 
саналады. Бұдан топографиялық бет изосызықтарының бір-бірімен 
қиылыспайшылық қасиеті пайда болады. 
Үздіксіздік жағдайы дегеніміз нүкткнің шексіз ең аз жылжуына, яғни Х 
және У координаталардың шексіз аз өзгеруіне берілген топографиялық бет 
үшін Z координатасанын шксіз аз өсімшесі сәйкес келеді. 
Жағдайы пландарда екі түрлі көрсетіледі:
- әрбір алынған горизонтальдың сүлбесімен; 
- ылдилықтар өзгерістерімен, кұрт көлбеу бұрыштардан жайпақ 
бұрыштарға көшу және керісінше. 
Функцияның дәрежесі барлау бірліктердің керекті тығыздығын 
анықтайды. 
Инвариантты сызықтар тәсілі 
6.1. суретте барлау скважиналарынын орналасу планы келтірілген. 
Әрбір скважинанын жаңында пайдалы қазба қыртысының төнбе бүйір 
бетінің белгілері жазылған. Нүктелердің қасында жазылған белгілерді 
геометриялық талдау нәтижесінде кенорын геологиясы туралы берілгендерді 
және ауданның тектоникасын есепке ала отырып бейнеленетін ббеттің 
инвариантты сызықтардың нысана орындарын белгілейді. Пайдалы қазбаның 
төнбе бүйір бетінің су айрық және тальвегетердің нысаналы белгіленген 
сызықтары беттің сырғанама сызықтарын белгілеуге мүмкіндік береді, ал 
содан соң бағыттарды белгілегенде төнбе бүйір белгілірінің шамалары тік 
сызықтың заңы бойынша өзгеру керек. Сондай тік сызықтарда сызық 
интерполяциялаумен бейнеленетін беттің баспалдақ белгілерін табып 
белгілейді, олар оның изосызықтарын қима биіктігін анықтайды. Бейнелетін 
беттің табылған баспалдақ белгілері арқылы инвариантты сызықтарға және 
сырғанама сызықтарнда пайдалы қазба төнбе бүйірінің изогипсаларын 
жүргізеді.
Су айрық сызығы Су ағар сызығы Сырғанама сызығы 
Изосызық 
―∙—∙—∙—∙—∙—∙ – – – – – – – – – – – . . . . . . . . . . . . . . . . –––––––––––––––– 


29 
6.1. сурет Инвариантты сызықтар тәсілі бойынша беттің 
изосызықтарын құру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет