Курстың мақсаты: - Математикалық физика теориясының іргелі ұғымдарымен таныстыру, негізгі әдістерді үйрету және оларды қолдану білуге дайындау, әр түрлі жеке дара ұғымдар мен зерттеулерді бір жүйеге келтіру нәтижесінде қойылған есептерде шығара білу қабілетін арттыру;
- Студенттердің логикалық ойлау, математикалық пайымдау дәрежелерін және математикалық мәдиниетін физика, техника және басқа да жаратылыстану ғылымдарында кезлесетін есептерді шеше алатындай деңгейге жеткізу;
Пәннің міндеттері: - Математиканың әр түрлі жеке пәндер құралымы емес, тұтас бір ғылым екенін және сол ғылымның ішінде «математикалық физика теңдеулерінің» алатын орны туралы мағлұмат алу;
- Бұл пәннің математикалық аппаратының дұрыстығы, тұтастығы, қуаты қатаң логикалық құрылымға байланысты болса, екіншіден олар практика жүзінде тексеріліп отыратындығын білу;
- Теориялық негіз болып саналатын дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің белгілі топтарына қойылатын Коши есебі және шекаралық есептердің шешімдерінің бар болуы және олардың жалғыздығы туралы мағлұматтарды білуі тиіс.
Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар: Бағдарламаның талаптарына сәйкес математикалық және функционалдық талдаулар, жоғары геометрия, алгебра және жай дифференциалдық теңдеулер пәндерінің негізгі салаларын;
- Осы математикалық ұғымдар арасындағы өзара байланыстарды терең түсінуі тиіс;
- Ойын дәл және тиянақты түрде түсіндіре алатындай;
- Меңгерген теориялық материалдарды түрлі салаларда қолдана білу, физикалық есептердің дифференциалдық теңдеулердің жазып, оның әртүрлі шешімдерін таба білетіндей дәрежеге жетуі тиіс;
Пайдалану қабілетін көрсету:
- Математикалық физика теңдеулерін дұрыс топтастыру, бастапқы және шекаралық шарттарға байланысты шешімдерді табуға қол жеткізетін әдістерді талдау;
- Дифференциалдық теңдеулердің теориясы мен практикалық ауқымында кездесетін арнаулы әдебиеттерді оқи білу.
Пререквизиттер:Математикалық талдау, алгебра, аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер, кешен айнымалылар функциясының теориясы, функциялық талдау, интегралдық теңдеулер, дифференциалдық теңдеулер