ОСӨЖ №8 Дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру шарттары
Дайындаған: Қалмырза Ұлбосын
Дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру шарттары
«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.
Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, баланың бойында алған білімін өмірде қолдана білуге ерте кезден, балдырған кезінен дайындау деген сөз.
«Дүниетану» пәнінің 1-сыныптан бастап ұғымдардың қалыптасып, бірте-бірте дамуы тұрғысында оқытылуы қажет.
Ендеше, дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылық қалыптастырудың келесі шарттарын анықтайды, ол оқушыларда сұлулықты көру мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін дамыту шарттары болып табылады.
Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасадыСондықтан бастауыш сынып үшін оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескеру ұстанымы басшылыққа алыну қажет.
Бұл ұстанымның мәні – бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне сай келетін, бiлiм деңгейлерiне лайықталған және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдардың қамтылуы.
Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады.
Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.
Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Қортындылай келе, психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылық қалыптастырудың келесі шарттарын анықтайды, ол оқушыларда сұлулықты көру мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін дамыту шарттары болып табылады. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады. Егер дүниетану пәні бойынша келесі бағыттағы білім негіздері меңгеріліп, іс-әрекетте қолдана білуге машықтанса, жаратылыстану бағытында функционалдық сауаттылықтары (немесе құзыреттіліктері) қалыптасады.
Олар келесі құзыреттіліктермен сипатталады: 1. Табиғат пен әлеуметтік өмір танымының арасында тығыз байланыс «адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі өзара тәуелділікті түсіну.
2. Қоғамдық тәртіп ережелерін орындау қажеттілігін, адамгершілік тәрбиесі мақсаттарының мәнін түсіну, экологиялық мәдениеттің алғашқы дағдыларын меңгеруі мен іс-әрекетте көрінеді.
3. Өзінің жеке даралығын сезіну, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, өзін өзгерту, салауатты өмір салтының маңыздылығын игеруі.
4. Табиғат құбылыстарын салыстыру, олардың жалпы және ерекше белгілерін ажырату мен өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды білуі.
5. Жергілікті жердегі әртүрлі белгілер бойынша бағытты анықтай алу мен картадан, глобустан елдерді, құрлықтарды, мұхиттарды таба білуі.
6. Өз өмірі мен денсаулығын сақтау және қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу мен қолдана алуы.
7. Қазақстанның табиғаты және мәдениеті туралы білуі, оған ұқыпты қарым-қатынас жасау ережесін қолдана алуы.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2014 ж.
2. www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.
3. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері
4. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»