Курстың мәні. Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата16.04.2022
өлшемі1 Mb.
#31222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Курс  мазмұнының  ерекшелігі.  Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихы 
пәні  мәселелік  тұрғыда  құрастырылған  және  теориялық  -  методологиялық 
тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру 
бағдарламасын  қайталамауды  көздейді.  Хроногиялық  шеңберін  анықтауда 
Қазақстанның  тәуелсіздік  жолындағы  ұлттық  идеялары  мен  қозғалыстар 
тарихы  басшылққа  алынды.  Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихын 
тұжырымдық 
және 
практикалық 
зерттеуде 
пәнаралық 
ұстанымдар 
қолданылады.  Тарих  ғылымының  тұжырымдарын  саясаттану,  әлеуметтану, 
мәдениеттану,  сияқты  өзге  қоғамдық  ғылымдардың  методологиялық  
негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.  
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді 
жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын 
жаңғырту,  ұлттық  сананы  және  азаматтық  бірлікті  насихаттау,  жастарды 
отансүйгіштік  пен  толеранттық  рухта  тәрбиелеу  болып  табылатын 
«Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихы»  пәнін  оқыту  көкейкесті  бола  түсті. 
Мемлекеттің  біртұтас  сиаптын  көрсету,  қоғамдық  сананы  қалыптастыру, 
ұлттық  идеология,  азаматтардың  жасампаздық  белсенділігін  дамыту,  елдің 
зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. 
 Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихының  көп  қырлылығы  мен  тарихи 
маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел 


 

құруды  ғасырлар  бойы  армандаған  халқымыздың  өршіл  рухының  идеялық 
негізі.    Осыған  байланысты  ол  мемлекеттік  маңызы  бар  оқу  пәні  болып 
табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің 
жоғары  оқу  орындарының  оқу  –  әдістемелік  жоспарларына  енгізілген.     
Республикадағы  ЖОО-ның  тарих  емес  факультеттері  үшін  «Қазақстанның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет