29
болады:
• Стратегия қабылдау;
• Инфрақұрылымдар құру;
• Адамдарды өзгерістерге дайындау;
• Енгізілетін жоспарларды өңдеу;
• Басқа фирманың жұмысшыларымен байланыс каналдарын табу.
Өндіріс сапасының немесе қарқындылығының жоғарылауы – бұл өзіндік
мақсат емес, ол қоғам сұранысын толық қанағаттандыру үшін өндіріс
тиімділігін көтеруге арналған қасиеті. Бұл мақсат өндіріс ресурстарын үнемдеу
жолы арқылы жəне де қызмет сапасын жақсартуы арқылы іске асады.
Өнім сапасының жақсаруы - өндіріс қасиетінің жəне қарқындылығының
қорытындысы;
Сапаны жақсартудың жолдары;
Өнімнің технологиялық сақталуы жəне сапаны қадағалау;
Сапа басқарудың жіктелуі.
Сапа
көптеген
техникалық,
экономикалық
жəне
əлеуметтік-
психологиялық сияқты сипаттамалық факторлардан тұрады.
Əртүрлі фирмалар мен өндірістік орындар
сапаны жақсарту бағытында
көптеген əдістерді қолданады. Осындай əдістерді шартты түрде 3 топқа бөлуге
болады.
1. Сапаны қамтамасыз ету əдістері;
2. Сапаны жандандыру əдістері;
3. Сапа жөніндегі жұмыстардың нəтижесін бақылау əдістері.
Сапаны қамтамасыз ету əдісімен инженерлік-математикалық əдістер
тығыз байланысты, онда өнімнің(жасау, дайындау, сынау, өңдеу) циклдік
процестерді талдауы жатады.
Жандардыру əдістеріне мотивация əдісі
тікелей қатысты, сонымен қатар,
сапаны жақсарту үшін арнайы жасалған (мысалы, мемлекеттік жəне
бүкілəлемдік масштаб, сапа жөніндегі ұлттық сыйақылар).
Бақылау əдісіне өнімнің сапасын бағалау əдісі кіреді(экономикалық
көрсеткіштерді талдау, өнімнің құжаттарын тексеру жəне сапа жүйесі) сонымен
қатар, өнімнің өзінің сапасын бақылау жатады.
Əртүрлі əдістер бір уақытта əртүрлі топтар құрамында болуы мүмкін.
Осындай əдіске сапа ұйымдары, сапа мəселесін шешу жəне фирма
қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін жандандыру құралдары кіреді.
Статистикалық
əдістерге
бақылау
əдістері
жəне
сапаны
қамтамасыздандыру əдістері жатады. Өзін-өзі бақылау əдістері
соңғы уақытта
кең тараған əдістердің бірі болып табылады. Ол бір уақытта жоғарғы үш топқа
да қатысты қызмет атқара алады.
Өнімнің сапа деңгейі келесі əдістермен белгіленеді: дифференциалды,
құрастырма жəне аралас.
Дифференциалды əдіс бағаланатын өнімнің бір сапа көрсеткіштерін бір
аттас базалық көрсеткіштермен салыстыруда жатыр.
Құрастырма (жиынтықты) əдіс - мұнда өнімнің сапа деңгейін анықтау
30
бағаланатын өнімнің құрастырма көрсеткіштерін
базалық көрсеткіштермен
салыстыру.
Сапа деңгейі келесі формуламен есептеледі:
0
0
K
K
немесеУ
K
K
У
б
к
б
к
=
=
мұндағы К
0
– бағаланатын өнімнің құрастырма көрсеткіші; К
б
- базалық
көрсеткіш.
Аралас əдіс сапа дейгейін бағалауда дифференциалды жəне кешенді
əдістерін бір мезгілде қолдану арасында іске асырылады.
Тауар сапасы - сатып алушы өзіне керекті тауарды сатып алғандағы
алғашқы кезекте қарастыратын критерийі.
Ақаулық дейгейі - бұл өнімнің ақаулық бірлігінің бөлігі немесе өнімнің 100
бірлігіндегі ақау саны.
Өнім сапасын сипаттауда «сорттылық еселігіші» (коэффициенті)
деген
көрсеткіші енгізілуі мүмкін.
Сорттылық еселігіші – бұл белгілі бір уақыт аралығында шығарылған
өнімнің қосынды бағасының, осы өнімнің қосынды бағасын оның ең жоғарғы
сортына сəйкес есептегендегі бағасына қатынасы.
Сапа басқару объектісі ретінде өнім сапасы белгілі немесе басқа дəрежеде
өнім қасиетін анықтайтын факторлар немесе жағдайларға белгілі дəрежеде
байланысты.
Факторларға
шикізаттар, материалдар, станоктар, жабдықтар,
құрал -
саймандар, өлшеу құралдары жатады.
Объективті факторларға келесілер жатады:
• бұйым конструкциясы;
• өндіріс базасының техникалық деңгейі;
• жаңа өнімді дайындауды ұйымдастыру;
• өндірісті механикаландыру жəне автоматтандыру;
• бақылаудың технологиясы мен техникалық құралдары;
• пайдалану базасының техникалық деңгейі жəне т.б.
• Субъективті факторлар тобына келесілер жатады:
• кəсіптік шеберлік;
• жалпы білімдік деңгей;
• адамның психологиялық қалыптасуы;
• еңбек нəтижесіне əр адамның тырысуы.
Осыдан мынаны айтуға болады: өнім сапасы деген құрастырма түсінік, ол сапа
көрсеткіштер жүйесі мен мекеме іс-əрекетін жан-жақты қарағандағы тиімді
көрсеткішінің қосындысы.
Өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесі өнімнің өмірлік циклінің (сапа
спиралі) барлық кезеңдеріне таралады жəне берілген талапқа сəйкес
сапалы
өнім шығаруды қамтамасыз ететін іс-əрекеттер мен жаңдайларды жоспарлауды
31
қамтиды. Жоспарланған шаралар, сапаны қамтамасыз ету жоспарына кіреді, ал
жоспар бір белгілі өнімге жасалады.
Жүйелі енгізілетін шаралар сапаны қамтамасыз ету жұмыстарынан тұрады,
оларды ұжым тұрақты немесе мезгілді іске асырады.
Сапа өндірістің барлық деңгейлерінің қосындысы болуы қажет жəне
тұтынушының жақсы ұйымдастырылған өндіріс менеджментіне бағытталуы
қажет. Сапа пирамида ретінде берілуі мүмкін (4 сурет). Пирамидада
көрсетілгендей, ең соңында өнім сапасы тұр. Оған мекеменің барлық іс
əрекеттері негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: