Жоспар жасау дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу



Дата28.04.2023
өлшемі17,64 Kb.
#88242
Байланысты:
stud.kz-21969


3.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.
2. Нысаны бойынша жоспар мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады. Жоспардың түрлері:
• мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары;
• мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;
• әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;
• қоғамдық ұйымдардың жоспары. Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісіледі.
Жылдық жоспарлар мамыр-маусым айларында жасалып, тпмыз айындағы педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Мектепті дамытудың перспективалық жоспары. Бұл жоспар аудандық өкімет органдарының жұмысын ескере отырып жасалады. Міндеті мектепті белгілі бір кезеңге дейін дамытатын басты жұмыстарды белгілеу
4.

Аталмыш Ережеде пән мұғалімінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын рәсімдеуге қойылатын талаптар бар. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл педагогтың оқу қызметінің жобасы. Жыл басында әр мұғалім өзінің оқу жоспарында әр сабақтың мәнін сипаттау арқылы күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жасайды. Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау пән бойынша бағдарлама негізінде құрылады. Ол ӘБ бірінші отырысында қаралуы тиіс, оны хаттамада көрсету, директордың оқу ісі жөніндегі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарымен келісіуі және мектеп директорымен бекітілуі керек. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 10 қыркүйектен кешіктірілмей тапсырылады.Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың көшірмесі директордың ОІ жөніндегі орынбасарына тапсырылады.


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құру міндеттері:
- жылдық курста әр тақырыптың орнын және тақырыпта әр сабақтың орнын анықтау;
жылдық курстың жеке сабақтары мен тақырыптарының арасындағы өзара байланысты анықтау;
2. Пән мұғалімінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарының құрылымы:
Ø Титулдық беті.
Ø Түсінік хат (осы курсты оқуды аяқтағаннан кейін оқушыда қалыптасатын негізгі білік пен дағдылары, оқу жоспарын бағдарламалық және оқу-әдістемелік жағынан жабдықталуы).
Ø Оқу пәнін тақырыптық жоспарлау үлгісі.

5.

Соңғы кездерде сабақ өтудің “жаңа технологиясы”, стандарттан тыс әдісі немесе сабақ өтудің интерактивтік әдісі деген түсініктерді көп оқимыз. [2]


Педагогикалық технология – бұл оқу процесін жүргізетін күш немесе әуелден белгілеп қойылған анық мақсат жолымен оқытушының кәсіби шеберлігін дамытатын және оқу-тәрбие процессіндегі қорытынды нәтижені гарантиялайтын жұмыстар жиыны болып табылады.
Мамандар мектеп, лицей, жоғары оқу орындарында математика курсын оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақ өтудің жаңа педагогикалық технологияларға негізделген сатыларын төмендегідей баяндайды:

  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.

  2. Оқу процесінің мазмұны (тақырыпқа тиісті әдістемелік нұсқаулар, қысқаша мәтінде тақырыптың негізгі маңызы және мазмұны баяндалады).

  3. Оқу процесін жүзеге асыру технологиясы (тақырып мазмұнына сәйкес және оның кейбір қырларын ашып беретін қосымша әдістер, сабақтың пішімі, оны амалға асыру жолдары анықталады. Оқушының атқаратын жұмысын бақылау және бағалау тәсілдері белгіленеді. Оқытушы таңдаған педагогикалық технология қорытынды нәтиже – мемлекет білім стандарттары талаптарын орындауы тиіс. Мұндай технологиялар өте көп, олардың кейбіреулері төменде баяндалған).

  4. Күтіліп отырған нәтижелер (белгілі бір тақырып өтілгеннен соң оқушылардың игеруі керек болған білім және ұғымдар тізімі, шешуі керек болатын есептердің нұсқаулары; мұнда оқушылар мен оқытушыларда сабақтан күтілген нәтижеге жететін болулары тиіс).

  5. Келесіге жоспарланған жұмыстар (мұнда келесі тақырып үшін фундамент жаратылуы және оның өтілген тақырыптың үздіксіз жалғасы болуын негізделеді).

6.
Білім беруді дамыту үшін оқу – тәрбие жұмыстарын жетілдіру керек. Оқытудың негізін құрайтын сабақ болған соң, әрбір мұғалім өз сабағының сапасын жақсартуға аса зор көңіл бөлуі тиіс. Әр сабақтың сапасы оның жоспарлануына, алдын ала даярлануына, қажетті көрнекі құралдармен жабдықталуына байланыстыСондықтын әрбір материалды үйлестіру, сабақтың түрін және оны өткізу тақырыптың мақсатына сәйкес келгені дұрыс.Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

5. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

6. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

7. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс - әрекетін жоспарлау;

8. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

9. Техникалық оқу құралдары мен құрал - жабдықтарды тексеру;

10. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

11. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

12. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

13. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

14. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет