34
3) Жіктемелік тағайындалу – бірқатар көрсеткіштер мен қасиеттердің
жіктелу қасиеттері ретінде шығу қабілеті (майлылығы).
4) Əмбебап тағайындалу – адамға пайдалы қосымша функциялар
көрсетілген
тағайындалу
бойынша
нақты
тауарларды
қолданудың
мүмкіншілігін жəне жағдайын қамтамасыз ету диапазоны.
Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік
көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын
өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын,
жөндеуге жарамдылығын көрсетеді. Сенімділік пен техникалық қызметте
сақтауда жəне тасымалдауда берілген мерзімде талап етілетін функцияларды
орындау қабілетін сипаттайтын уақыты мен орнатылған барлық параметрлерді
сақтайтын объектілердің қасиеттерімен түсіндіріледі. Өнімді сенімділік
көрсеткіші нормативті-техникалық құжатта
бекітілген қатаң анықталған
температуралық жəне ылғалдылық мерзімнің анықталған уақыт бойы
дайындалуымен
кепілденетін
сақтағыштығы
болып
табылады.
Ал
стандартталмаған өнімдер үшін сапаның сақталу қасиеті ҚР Денсаулық сақтау
министрлігімен бекітілген санитарлық нормалар мен ережелерге сəйкес
орнатылады.
Сенімділік көрсеткішіне:
Ұзақтығы-техникалық қызметтің жəне жөндеудің орнатылған уақыты
немесе шектелген жағдайы пайда болуға дейін тауарлардың жұмыс қабілетін
сақтай алу қабілеті. Ұзақтылық көрсеткіштері:
• өткізу мерзімі – тауардың белгілі уақытта өзінің негізгі функцияларын
орындауы;
• ресурс - бұл нормативті құжатта бекітілген
тауарлардың өткізілуінің
шектелген мүмкіншілігі.
Қарсылық көрсетпеу – тұтынушыда пайда болатын жəне зиянды
факторлардың əсерінен адамды жəне қоршаған ортаны қорғау деңгейін
сипаттайды.
Жөндеуге жарамдылығы – анықталған мерзімде еш шығынсыз
тауарлардың өзіндік сапалы жəне сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті.
Сақтағыштығы – белгілі мерзімде шығынсыз тауардың өзіндік сапалы
жəне сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы жəне жөндеудегі
еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің
тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға,
өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару жəне
сату барысында
материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай
жасайды.
Унификация
(біріздендіру)
жəне
Достарыңызбен бөлісу: