Квалиметрия


Квалитология - сапа ғылымы. Квалиметрияның ғылым ретіндегі



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Квалитология - сапа ғылымы. Квалиметрияның ғылым ретіндегі 
статустары 
Сапа үлкен ғылым саласы. Ол үш ғылым саласымен байланысты болып 
келеді. Сондықтан сапаны зерттеуде олардың алатын орындары ерекше. 
1. Квалитология - “qualitas” латын сөзі, “сапа” (квалитет) – жалпы сапа 
туралы ғылым. 
2. Квалметрия - “qualis” латын сөзі, “сапасы жөнінен қандай” (квали) –
сапаны бағалаудың сандық əдістерін қалыптастыратын жəне зерттейтін ғылым 
саласы. 
3. Метрология - “metro” грек сөзі, “өлшем” (метро) – сапаны өлшеудің 
əдістерін қалыптастыратын жəне зерттейтін ғылым. 
Квалиметрияның экономикалық, техника-экономикалық, жалпы ғылыми 
жəне жүйелік статустары бар.
1. Экономикалық статус – сапаның категориясы мазмұны тұтынушылық 
баға мен құнның политэкономикалық арақатынасына байланысты болып 
келеді.
Квалиметрия обьектілер мен үрдістердің экономикалық қасиеттерін өлшеу 
теориясы секілді өзіне эконометрика əдістерін кірістіреді. 
2. Техника–экономикалық статус – обьектілер мен үрдістердің 
экономикалық 
жəне 
техникалық 
қасиеттерінің 
кешенді 
бағалауына 
бағытталғанын белгілейді.
3. Жалпы ғылыми статус – сапа категориясының философиялық- 
əдістемелік жəне ғылыми функциясымен анықталады. Сондықтан пəндік 
квалиметрия (өнім, техника, еңбек, шешім, жоба, үрдіс жəне т.б). 
4. Жүйелік статус – жүйелік теориясы ретінде анықталады. Бұл сапа 
категориясының мынадай аспектілеріне байланысты: 
• Құрылымдық; 
• Динамикалық; 
• Анықтылық; 
• Реттілік. 


13
Сапа құрылымы 
 
3 сурет. Сапа құрылымы 
 
Сапа – квалиметрияның негізгі нысаны ретінде 
Сапа - əртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық 
көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді жəне өнімнің 
сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына жəне өндірістің 
ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден 
өтті.
Сапа 
белгілі 
бір 
материалдық 
жəне 
рухани 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, 
төзімділік, 
өнімділік, 
көркемдік, 
эстетикалық 
т.б. 
көрсеткіштермен 
сипатталады. Сапа өміршеңдік циклінің сатысына қарай бағаланады: 
• Жобалау кезінде құрылғының (құралымның) сапасына сай бағаланады; 
Сапа 
теориясы 
Квалиметри
Арнайы 
Жалпы
Пəндік 
Метрология 
Өлшем 
бірлігін 
қамтамасыз 
ету 
Өлшем 
дəлдігін 
қамтамасыз 
ету 
Сапа 
басқару 
теориясы 
Сапаны 
талдау 
Сапаны 
қамтамасыз 
ету 
Сапаны 
жоғарылату 
САПА


14
• Дайындау кезінде технологияның мүмкіндіктеріне сай келуі; 
• Пайдалану кезінде атқарушылық сапасы бағаланады. 
Сапаны айқындайтын қасиеттер абсолюттік, салыстырмалы немесе үлестік 
болуы мүмкін жəне субъективтік, объективтік немесе сараптамалық жолдармен 
(мысалы, квалиметриялық құралмен) өлшенеді. Техникалық тəсілдері: 
шикізатты, материалдарды, операцияларды бақылау; дайын өнімді, жабдықты, 
жарақты, құрал-сайманды, жұмыскерлердің біліктілігін бақылау. Сапа 
көрсеткіштері, оларды тексеру жəне келісілген талаптарға сай келуі тəртібі 
сатушы (дайындаушы) мен сатып алушы (пайдаланушы) арасында жасалған 
сату, сатып алу шартында көрсетіледі. Сапа өндіруші немесе экспортшы 
беретін сапа сертификатымен де куəландырылуы мүмкін. Импортталған өнімге 
мемлекеттік инспекциялар немесе басқа бір уəкілетті органдар оның 
ақпараттандырылған 
қасиеттерге 
сай 
келетінін, 
қауіпсіз 
екендігін 
куəландыратын сапа сертификатын береді. 
Сапа квалиметрияда өлшенеді жəне сандық бағаланады, квалиметрияның 
пайда болуының негізін құрайды. Сапа түсінігінің мағынасы Отандық 
экономиканың бірқатар мəселелерін шешумен жəне сапаны есепке алумен 
байланысты айқындалады. Бұл мəселелерге жататындар: 
• Қоғамдық еңбектің өнімділігін өлшеу; 
• Жаңа техника мен капитал салымдарының тиімділігін анықтау; 
• Кəсіпорынның шаруашылық жəне өндірістік қызметтердің нəтижелерін 
бағалау; 
• Баға белгілеудің теориясы мен практикасы. 
Тарихи тұрғыда сапа термині басқа терминдерге қарағанда жеке екі сала 
шеңберінде дамыды. Олар: 
1. Сапа философияның маңызды категорияларының бірі жəне солай болып 
қала береді; 
2. Сапа қазіргі материалдық өндірістің, яғни қазіргі экономиканың аса 
маңызды түсініктері мен термині болып қалыптасып келеді. 
Алғашқы кезде сапа затты немесе құбылысты сипаттайтын басымды қасиет 
ретінде қарастырылды. Осындай жағдайда заттың немесе құбылыстың басқа 
қасиеттері назарға алынбады. Бұл түсініктің ерте қалыптасқанына қарамастан, 
еңбек өнімін əзірлеудің бастапқы кезеңінде, қазір де мəселені жеделдету үшін, 
заттың немесе үрдістің бірқатар ерекшеліктерінің ішінен басты қасиетін 
ерекшелейді. Мысалы, бүгінде бетонның сапасы ретінде оның негізгі қасиетін, 
яғни беріктігін айтады, ал химиялық өнеркəсіптегі өндірілетін полистиралдың 
сапасы ретінде оның жабысқақтығы анықталады. 
Кез келген заттың сапасын құрайтын қасиеттерінің саны көп екені белгілі. 
Сапаны анықтау үшін осы қасиеттердің ішінен жеке жəне қоғамдық 
қажеттіліктерді қанағаттандыруда маңызды зор қасиеттерді бөліп алу керек. 
Сондықтан да сапа түсінігі тұлғаның немесе қоғамның қандай да бір 
қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты.
Қазіргі таңда «сапа» термині мен ұғымының түсіндірілуінің үш бағыты 
анықталды: 


15
1. сапаны басқа өнімнің негізгі қасиетімен шартты түрде ұқсастыру; 
2. сапаны сызбаларға, техникалық шарттарға, стандарттарға сəйкестігі 
тұрғысынан қарастыру; 
3. сапаны жеке құрамдастар кешені тарапынан қарастыру. 
Сапа ұғымын түсіндірудің соңғы қадамдарында келесі көзқарастар 
тарапынан қарастыратынымыз: 
біріншіден, барлық қажеттіліктер көзқарасы бойынша, бұл 
қажеттіліктер осы сападағы өніммен қанағаттандырылады; 
• екіншіден, шығындар көзқарасы бойынша, қоғам оны өндіру мен 
тұтынуға жұмсайды. 
Жүйеленген формада бұл көзқарастар мынадай пікірлерге айналады: «сапа 
тауардың бағасы мен тұтыну құнына негізделеді». Осылай, өндірістік 
техникалық мағынадағы сапа үшін, жеке қасиеттерді қамту бойынша 
ерекшеленетін үш түрлі ұғымды бөліп көрсетуге болады. 
Өнім сапасы пайдалану бағытына сəйкес белгілі бір қажеттіліктерді 
қанағаттандыруға негізделген қасиеттер жиыны. Өнім сапасының бірлік 
көрсеткіші қасиеттердің біреуіне ғана қатысты өнім сапасының көрсеткіші. 
Өнім сапасының кешендік көрсеткіші қасиеттердің бірнешеуіне қатысты 
өнім сапасының көрсеткіші. 
Өнім сапасының интегралды көрсеткіші өнімді тұтыну мен пайдаланудың 
тиімділігін, оның тұтыну немесе қолдану бойынша салмақтық шығындарының 
қатынасын көрсететін өнім сапасының кешенді көрсеткіші. 
Жоғарыдағы ұғымдарды пайдалану арқылы өнім сапасын зерттеудің үш 
бағытын көрсетуге болады. Осылай, сапаны үш түрге бөлудің əдістемелік 
қағидасы осы түсініктің дамуының тарихи үрдісіне сай келеді. 
1. Тарихи көзқарас тұрғысынан – сапа белгілі бір негізгі қасиетпен 
ұқсастыру, бұл негізгі (бірлік) сапа. 
2. Өнімнің сызба, стандарттар, техникалық шарттарға сəйкестігінің 
көзқарасы тұрғысынан, сапа – тұтыну құнын анықтайды, бұл – сапа. 
3. Еңбек өнімінің барлық қасиеттерін ескереді, бұл – интегралды сапа. 
Негізгі (бірлік) сапа басқа қасиеттерден ерекшеленген, өнімнің тұтыну 
құнын сипаттайтын басым қасиетке ұқсастырылған сапа. 
Интегралды сапа осы өнімді өндіру мен тұтынуға кеткен салмақтық 
шығындар жəне тұтыну құнының жиынымен сипатталады, яғни сапа 
функционалды, эстетикалық жəне экономикалық қасиеттер жиынтығымен 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет