Квалиметрия


Квалиметрия пəні жəне мазмұны



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Квалиметрия пəні жəне мазмұны 
Квалиметрия өнім сапасы сандық тұрғыда бағалау əдістерін зерттейтін 
жəне жүзеге асыратын ғылым саласы. Сапаны басқаруда жəне стандарттауда 
қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылады. Квалиметрия кешенді 
жəне интегралдық сапа көрсеткіштерінің əдістерін талдап жасайды, өнімнің 
жекелеген сипаттарын бағаға сəйкестендіру мүмкіндігін береді. 
Квалиметрия теория жүйесімен өзара байланысты, соның ішінде кез келген 
объектінің сапасын бағалау теориясының (құрылатын, қолданылатын, 
субъектіге əсер ететін жəне т.б.) ғылым саласы. Сонымен қатар, ол сапаны 
бағалаудың сандық жəне сандық емес əдістерін қарастырады. 
Квалиметрия сапаны бағалау əдістерін зерттейтін ғылым болғандықтан, ол 
сапаны бағалаудың критерийлері, оларды табу əдістерін, сапаны өлшеудің 
сандық əдістерін жəне сапа көрсеткіші бойынша əртүрлі объективті 


8
салыстырмалы варианттардың мүмкіндіктерін алуды қамтамасыз етеді. 
1 сурет.
Квалиметрияның теориялық байланысы 
Жүйелілігіне байланысты сапа туралы ғылымның келесідей салаларын 
атап өтуге болады: 
• Сапаның өзгеруімен байланысты экономикалық мəселелерді зерттеу; 
• Сапа мəселесінің əлеуметтік бағыттарын зерттеу; 
• Жеке сападағы өнімді өндіру мен тұтынудың ақпараттық бағыттарын 
зерттеу; 
• Сапаны сандық бағалау мен өлшеудің тəжірибелік əдістері мен теориялық 
негіздерін əзірлеу; 
• Сапаны басқарумен байланысты мəселелер кешенін зерттеу. 
Аталған салалардың ішінде сапаны сандық бағалау бүгінгі таңда 
маңыздылардың бірі болып есептеледі. Бұл зерттеулер сапамен байланысты 
басқа да мəселелерді шешуге мүмкіндік беретін қажетті инструмент болып 
табылады. Бұл бағалаулар сапаны басқару жүйесінің ажырамас бөлігі, себебі 
кез келген үдерісті басқару үшін оның параметрлерін өлшей білу керек. Сапаны 
сандық бағалаусыз сапаның ақпараттық бағыттарын зерттеу мүмкін емес. Ал, 
сапа өзгеруінің экономикалық мəселелерінің негізі сапаны сипаттаудың сандық 
əдістерінің қажеттігін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет