21. Сапаның басқару сатысы, оның мәні неде?



бет1/11
Дата23.12.2023
өлшемі117,75 Kb.
#143103
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

21. Сапаның басқару сатысы, оның мәні неде?
Кез келген кәсіптің табысы тікелей оның сапасына тәуелді. Сапа
ны басқара отырып, біз қорлар және жобаларды, қызметтерді және
маркетингті басқарамыз.
Сапа мәселесі барлық халық шаруашылығының өзекті қажеттілік
тері үшін оңтайлы.Өнімді өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау,
сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек
Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдісте
месі, ресурстар мен үдерістер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы
кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның
бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын,
міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады.
Сапаны басқару дегеніміз тауардың өмірлік циклінің барлық сатыларында (енгізу, өсу, кемелденуі, сұранысты қолдап отыру) өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық, техника лық және басқа да іс-шараларды жүргізу.
Қазіргі заман түсінігінде сапаны басқару бойынша іс-әрекет өнім өндіріліп болғаннан кейін тиімді бола алмайды; ол өнім өндіру барысында үздіксіз жүзеге асырылуы, сонымен қатар, өнім өндіру процесінің алдында болуы тиіс.
Сапаны басқару келесі принциптерде құрылады:

  1. нысаналылық ― сапаға қатысты нақты мақсат болуы қажет;

  2. жоспарлылық ― жүзеге асырылуы тиіс сапа саласындағы ісшаралар дың жиынтығы жоспарланады;

  3. үздіксіздік;

  4. интенсивтілік ― сапаны жоғарылауы экономика дамуының интен сивті факторларына жатады;

  5. жүйелілік жол табу;

  6. кешенділік ― сапа мәселелерін оның тәуелді болуы мүмкін барлық аспектілерді ескере отырып шешу;

  7. сапаның тұтынушылардың сұраныстарына дәл сәйкес келуіне тырысу;

  8. үнемі жетіліп отыру ― кәсіпорынның бәсекелестік қабілетіне үлес қосады.

Өнім сапасын басқару ― жалпы алғанда өндірісті басқарудың құрам-дас бөлігі, оның қасиеттерінің, функцияларының бірі. Сондықтан ол қолда-ныстағы басқару жүйесінің аясында дамиды және орындалады, сапа сала-сында саясатты жасауда, өнімге деген сұранысты анықтау, өнімді құру, жасау және күтім жасау бойынша нақты және жақсы ұйымдастырылған жұмыста тұжырымдалады. Ғылымның бұл саласы басқарудың жалпы теориясына сәйкес «жүйе», «орта», «бағдарлама» және т.б. түсініктерді қолданады.
Басқару мақсаты ― өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін, сонымен қатар, қауіпсіздік пен экологиялылық талаптарын ескерілген өнім сапасының білгілі бір деңгейі мен күйі; сапа қасиеттерінің жиынтығы және тұтыну сипатына сәйкес келетіндей және өндіріс пен тұтынудың тиімділігін, тұтыну үшін жетімді бағаны, қалыпты өзіндік құнды және өнімнің жеткілікті пайдалылығын қамтамасыз ететіндей анықтап белгіленуі, қол жеткізілуі және қамтамасыз етілуі тиіс сапаның деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет