9
Квалиметрияның негізгі мақсаттары:
1. Кез келген өнім (бұйым, қызмет, үрдіс жəне т.б.) əртүрлі қасиеттермен
сипатталады. МЕМСТ 15467-79 «Өнімнің сапасы. Терминдер». Бұл қасиеттер
жай жəне күрделі болуы мүмкін.
2. Сапа бұл өнімнің тұтынушы үшін пайдалылығын анықтайтын күрделі
қасиет немесе қасиеттер жиынтығы.
3. Сапа иерархиялық құрылымда ұсынылады.
Жоғары орында сапа, ал
төменгі деңгейде қарапайым қасиеттері болады.
4. Жеке қасиеттер белгілі бір өлшем бірлігімен өлшенеді немесе
бағаланады. Соның нəтижесінде сапа көрсеткішінің абсолютті мəндері
анықталады.
5. Сапаны сандық бағалау келесі қызметтердің жалпы алгоритмін
көрсетеді:
• Сапа көрсеткішінің иерархиялық құрылымын тұрғызу;
• Сапа көрсеткішінің иерархиялық-абсолюттік мəнін анықтау,
• Сапа көрсеткішінің базалық мəнін анықтау;
• Сапа көрсеткішінің тепе-теңдік коэффициентін анықтау;
• Сапаны бағалаудың сандық кешенді мəнін анықтау.
6. Сапаның абсолюттік мағынасының көрсеткіші əрбір жай жəне күрделі
қасиеттермен сипатталады жəне жеке мағынасын көрсетеді. Басқа өнімнің
сəйкес (ұқсастық) көрсеткіші арнайы деңгейде қолданылады.
Бұл жеке
көрсеткіш, яғни абсолюттік мағына көрсеткіші базалық мағына көрсеткішінен
қалыптасады жəне сапаны салыстырып бағалаудың негізін құрайды.
7. Абсолюттік жəне жеке сапа көрсеткіштерінің мағынасы əрбір жай жəне
күрделі қасиеттермен, өзінің күрделілігімен, маңыздылығымен сипатталады.
8. Өнімнің сапа деңгейі сапаның мөлшерлік сипаттамасы. МЕМСТ 15467-
79 бойынша өнімнің сапасы жеке сипаттамаларымен анықталады.
9. Жалпы алгоритмдік сапа мөлшерін бағалау келесі түрде көрсетіледі:
• Иерархиялық орналасу құрылымы;
• Абсолюттік мағынасы;
• Сапаны бақылаудың кешендік мөлшері;
• Сапа көрсеткішінің базалық мағынасы.
10. Көрсеткіш коэффициентінің мəні сапаның кейбір функциясы ретінде
сапа деңгейін көрсетеді.
Соңғы бірнеше жылда сапаны бақылау саласында көптеген жұмыстар
атқарылды: сапасы туралы ғылымның пəні
қалыптасты, сапа саласындағы
сөздіктердің мемлекеттік стандарты шықты, сапа бойынша бірнеше сөздік
стандарттар əзірленді, өнеркəсіп өнімдерін
сериямен өндіру сапасының
деңгейін анықтау бойынша əдістемелік нұсқаулық шықты. Бүгінгі таңда
сапаның кешендік сандық əдістері адам қызметінің əртүрлі салаларына терең
еніп жатыр. Отандық жəне шетелдік ғылыми техникалық жəне қоғамдық саяси
əдебиеттерге еңбек өнімі болып табылмайтын əртүрлі нысандардың сапасын
кешенді бағалау жиі қозғалады. Сапаны бағалаудың қазіргі əдістері (бағалау
нысандарының əртүрлілігіне қарамастан) ішкі тұтастығымен сипатталады. Бұл
10
əдістер квалиметрияның жалпы қағидаларына негізделген.
Теориялық
квалиметрия тұрғысынан қарағанда бұл əдістер біртекті жəне бір ғана
алгоритм мəселелерімен сипатталады:
• сапаны бағалаудың кешендік сандық əдістері жаңа салаларды қамти
бастады;
• бұл əдістер мен қағидалардың алгоритмі теориялық квалиметрияда
қабылданғандардан сонша көп ерекшеленбейді;
• бұл əдістердің қолдану аясы, мысалы, мамандардың сапасын бағалау өте
маңызды. Сондықтан халық шаруашылығының түрлі
салаларындағы сапаны
бағалау мəселесімен айналысатын зерттеушілердің еңбектерін бір ортақ жүйеге
келтіру керек. Сонымен қатар, квалиметрия сферасының кеңеюі ғылыми
базаны түрлі үрдістер мен заттардың бағалау мəселелерін шешудің тұтас
кешеніне айналдыруы мүмкін.
Квалиметрия - өнім сапасын санды бағалау жəне өлшеу тəсілдері
туралы
ғылым. Квалиметрия бойынша өнім сапасын өлшеу келесілерде жатыр:
• əр өнім түріне нормативті құжаттарда жазылған өзінің арнайы сапа
деңгейі есепке алынады;
• сапа эталоны таңдалынады;
• қол жеткен сапа эталонымен салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: