Силлабус
Күзгі семестр
2022-2023 оқу жылы
Білім беру бағдарламалары үшін: ««6B04102 - Менеджмент», «6B04105 – Есеп және аудит», «6B04103 - Экономика», «6B04101 – Мемлекеттік және жергілікті басқару», «6B11301 - Логистика (сала бойынша)», «6B04106 - Қаржы», «6B04107 – Маркетинг», «6B04109 - Цифрлық экономика»
Курстың коды
Курстың атауы
Студент-тің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
Аптасына сағат саны
Кредит саны
Студенттің оқытушы басшылығыменөзіңдік жұмысы (СОӨЖ)
Дәріс (Д)
Практ. сабақ (ПС)
Лаб. сабақ (ЗС)
IK 1101
Қазақстан тарихы
98
15
30
-
5
7
Курс туралы академиялық ақпарат
Оқыту түрі
Курстың түрі / сипаты
Дәріс түрі
Тәжірибелік сабақтардың түрлері
Қорытынды бақылау түрі
Офлайн
Міндетті, теориялық
Проблемалық, интерактивті
Пікірталас, сұрақтарға жауап беру, рефлексия, жобалар дайындау, эссе жазу.
МЕК (жазбаша)
Дәріскер (лер )
Ноянов Е.Н., т.ғ.к., доцент
e-mail:
edl.noyanov@mail.ru
Телефон:
8- 727 – 377- 33- 33 (12-87), каб.: 4-4
Курстың академиялық презентациясы
Пәннің мақсаты
Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы каблетті болады:
ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)
Қазақстан тарихының ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі дамуының негізгі кезеңдері туралы объективті білім беру.
1.Қазақстан тарихы дамуының негізгі кезеңдерін білу және түсіну;
1.1 Қазақстан тарихының негізгі тарихи фактілері мен оқиғаларын білу және олардың ерекшеліктеріне (анализ) талдау жасау.
1.2 Тарихи құбылыстарды түсіндіру және Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдері бойынша білімді жүйелеу.
2. Өткен тарихи құбылыстар мен оқиғаларды сыни тұрғыдан талдау арқылы адамзат қоғамының әлемдік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру;
2.1 Қазақстан тарихының гуманитарлық білім жүйесіндегі және түркі өркениетінің дамуындағы рөлін түсіну.
2.2 Қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін салыстыра отырып, архив құжаттары мен материалдарды талдау.
3.Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;
3.1Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғаларды салыстыру және қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне талдау жасау.
3.2 Қазақстан халқының рухани дамуындағы тарихтың рөлін ашу және еліміздің әртүрлі дәуірдегі өркениеттік даму жолына талдау жасау.
4.Қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін объективті және жан-жақты түсіне білу;
4.1Қазақстандық жаңғыру (модернизация) мазмұнына талдау жасау және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу процесін сипаттау.
4.2 Жаңашылдықтардың өзіндік ерекшелігін білу және қазақстандық даму жолына талдау жасау.
5.Қазіргі Қазақстан тарихының тарихи құбылыстары мен үдерістерін жүйелеу және сыни тұрғыда баға беру.
5.1 Жаңа Қазақстандағы өзгерістердің мәнін түсіну және ҚР даму болашағын болжау.
5.2 Жобалар жасау, эссе жазу, ҚР-ның әлемдік қоғамдастықта дамуы бойынша өз ұстанымын әзірлеу.
Пререквизиттер
Орта білім беру, техникалық және кәсіби білім беру бағдарламалары шеңберіндегі Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы.
Постреквизиттер
Мәдениеттану,психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану.
Әдебиет және ресурстар
Әдебиеттер:
1. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2018-2020. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
2. Омаров Ғ.Қ. Сақ-скиф археологиясы: хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2021.
3. Харари Ю.Н. Sapiens. Краткая история человечества. – М.: Синдбад, 2019.
4. Учебно-методический практикум по истории Казахстана для семинарских занятий: для студентов неисторических факультетов. Алматы: «Қазақ университеті», 2002.
5. Кром М.М. Тарихи антропология. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. 2020.
6. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. – Алматы: Нұрпресс, 2011. Қазақ, орыс тілдерінде.
7. Новейшая история Казахстана. Хрестоматия. (1917-1939). 1 т. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.
Интернет-ресурс
1. http://www.rkcntidad.kz
2. http://www.ncai.kz
3. http:elibrary.ru
4. http://elib.kaznu.kz/book
5. http://www.akorda.kz
Университеттің моральдық-этикалық құндылықтары аясындағы курстың академиялық саясаты
Академиялық тәртіп ережелері:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дедлайндарды сақтамау баллдардың жоғалуына әкеледі! Әрбір тапсырманың дедлайны оқу курсының мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесінде (кестесінде), көрсетілген.
Академиялық құндылықтар: Практикалық/зертханалық сабақтар, СӨЖ өзіндік, шығармашылық сипатта болуы керек. Бақылаудың барлық кезеңінде плагиатқа, жалған ақпаратқа, көшіруге тыйым салынады.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail: edl.noyanov@mail.ru мекен-жайы бойынша консультациялық көмек ала алады.
Бағалау және аттестаттау саясаты
Критериалды бағалау: дескрипторларға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылау мен емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Жиынтық бағалау: аудиториядағы жұмыстың белсенділігін бағалау; орындалған тапсырманы бағалау.
Оқу курсының мазмұнын іске асырудың күнтізбесі (кестесі)