Зерттеудің өзектілігі. Оқу барысында қол добы саласындағы болашақ маманға мынадай біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру қажет. 1. Қол добышыларды дайындаудағы спорттық машықтанудың ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін білу. 2. Дене жүктемелеріне бейімделу және жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі топтарындағы қол добышылардың спорттық дайындықтарын басқару әдістемелерін және құралдарын меңгеру. 3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру. 4. Қол добы ойынының техника-тактикалық тәсілдерін игеру және төртінші курста жоғарғы шеберлікке жету. 5. Әртүрлі спорттық дәрежедегі спортшылар үшін машықтану процесін құру, үйрету әдістемесін игеру (микро-, мезо-, макроциклдерді құру). 6. Команданы басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты және спорттық дайныдық деңгейін бақылауға байланысты дағдыларды игеру. Зертету объектісі. Бағдарлама студенттердің гандбол командаларының спорттық жаттығуын, қол добыды оқыту әдістемесі мен ілімін оқып-үйренуін, әртүрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық ұйымдастыру жұмыстарын атқару үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруды қарастырады. Қол добыдан оқу жұмыстары дәрістер, семинарлар, әдістемелік және тәжірибелік сабақтар, педагогикалық-ұйымдастыру тәжірибелері, спорттық шеберлікті көтеру сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде өткізіледі. Ақпараттық және мәселелік дәрістерде қол добыдың даму тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, қол добыдың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлұматтар хабарланады. Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.