Л-фараби атында ы аза лтты



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата15.03.2017
өлшемі9,01 Mb.
#9967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Са атбек Медеубек лы,
Баспа ісі және дизайн 
кафедрасыны  ме герушісі, 
филология  ылымдарны  
кандидаты, доцент

13
шуақты  қарашығымен  бəрімізді  бір  шолып  өтті 
де  қалтасынан  тарағын  алып,  бурыл  тартқан 
қайратты шашын артқа қарай асықпай тарады. 
Оның  əрбір  ісі  бізге  қызық.,  «профессор 
қандай болады екен?» деген сұраққа жауап іздеп 
келгендер көрсін деп əдейі істеп отырған секілді. 
Біз ынтықпыз. Ағамыздың лебізін естуге асықпыз. 
Амандосов! Əр аудиторияға  студенттік алғыс 
пен ақеділ əңгіме, ақпейіл əзіл сіңіп қалған əйгілі 
Амандосов!  Біреу  «қатал»  деп  қорқытты,  енді 
біреу  «өңі  сұсты  болғанмен,  жаны  жұмсақ»  деп 
жұбатты. Келесі бірі: 
Амандосов дегенде Амандосов,
Амандосовпен жүргейсің амандасып.
Амандосовпен жүрмесең амандасып, 
Амандосовпен  қаларсың  жамандасып,-  деп 
жаңылтпаштатып  «ескертті»...  Қойшы  əйтеуір, 
аға буын студенттердің бұ кісі туралы сөзін бұрын 
естігенмен,  өзімен бетпе-бет тұңғыш жүздесіп от-
ырмыз.
Ауылдан келген қарадомалақ балалардың көз 
алдында болмысы мүлдем бөлек адам. Менің де 
бұ кісіні əлдекіммен салыстырығым келеді: 
Үнемі  былғары  етігімен  еденнің  емен 
тақтайын  шықырлата,  сықырлата  басып  келіп 
зілді көзбен қарап, қабағын шытып тұратын мек-
теп  директоры  мына  кісінің  қасында  əзірейіл 
секілді екен...
Қолтығына 
журналын, 
дəптер-кітабын, 
бірнеше  бүктелген  əлем  картасын  жəне 
солардың  арасына  салып  алған  үкəскесін  қысып 
ап  үнемі  тік  жəне  мұнтаздай  боп  жүретін, 
көзінде  көзілдірігі  бар,  мойнынан  галстугі  түсіп 
көрмеген, қоғамтанудан дəріс беретін  ағай мына 
профессордың қасында зиялының киімін киіп ап 
оқымыстының образына кіре алмай жүрген актер 
секілді...
Енді кіммен салыстырсам..? Ə.. Жас жағынан 
əлгі тарихшы ағайға келеді. Бірақ мінездері мүлдем 
бөлек  секілді.  Ол  кісі  кіре  сала  тəртібіңді  түзеп 
тұрып  алатын.  Түзу  тұр...  тыныш  тұр..  қолыңды 
түсір, иегіңді көтер... маған қара... деміңді ішіңе 
ал... Ал енді...
Саламатсыңдар  ма?..  Қане,  бірдей  жауап 
береміз... Саламатсыңдар ма?..
Бəрібір  мектептегі  бір  де  бір  мұғаліммен 
шендестіре  алмадым,  тек  Бірімқұл  атама  бір 
жерлері ұқсайды... Қабағы ма əлде шуақты жана-
ры ма.. салмақтылығы ма... сырт көзге сұстылығы 
ма... таяқ ұстасы ма... əйтеуір маған ерекше ыстық 
бір ұқсастық бар... 
Енді  бірде  бұған  дейін  аудиторияға  кірген 
оқытушы-профессорларға  ұқсай  ма  десем,  Зей-
нолла  Қабдолов...  басқа!  Темірбек  Қожакеев... 
тіпті бөлек! Əбілфайыз Ыдырысов... ұқсамайды! 
Зейнолла  Тұрарбеков...  өзгеше!    Жо-жоқ,  ешбір 
жанға    түрі  де  тұрпаты  да  шендеспейтін  ерекше 
жаратылған жан. Қарашы отырысын. Орындықтың 
арқалығын  артқа  итере  шалқақ  жайғасқан. 
Бəрімізге  барлай  қарашығымен  жүгірте  қарап 
шығып сəл күлімдеді де: 
 - «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл»,- 
дейді қазақ. Менің атым – Тауман...
 - Амандосов..,- деді арт жақта отырған біреу.
-  Ия,  дұрыс.  Студенттер  менің  атымнан 
гөрі  атамның  атын  жатқа  біледі...Ал    əкемнің 
аты  -  Салықбай...  Толық  аты  -жөнім  –  Тауман 
Салықбайұлы Амандосов.
Кейбір жаңа танысқан мұғалімдеріміз секілді 
атағын  да,  дəрежесін  де,  қызметін  де,  жасын 
да  айтпады.  Тіпті,  қайсыбір  ағайымыз  сияқты 
биттің қабығындай кітапшаларын жоғары көтере 
көрсетіп,  мақтана  жарнамалаған  да  жоқ.  Сол  тік 
отырған қалпы: 
 - Енді сендермен танысайық, - деп журналдағы 
тізім  бойынша  аты  -  жөнімізді  толық  атап,  ара-
сында  қосымша  сұрақ  қойып,  сабырлы  қалпын 
бұзбастан жайбарақат таныса бастады. Біз енді сы-
рын білмейтін ағамыздың алдында абдырдық та, 
сасқалақтадық та, күмілжідік те, жасқаншақтадық 
та,  жүрексіндік  те,  инабатты,  ибалы  да  болдық, 
ұяңдық  та,  ұялшақтық    та  таныттық.  Осындай 
қоңырқай  психологиялық  райымыз  аяқ-астынан 
бұзылды.
Тауман ағай аты-жөнін атағанды қойды да ба-
сын көтеріп тура қарсы алдында отырған бір сту-
дентке:
-    Сен тұршы, - деді сыпайы. 
Ұзын  сары  бала  үн-түнсіз  орнынан  сергек 
тұрды. Үні нық шықты.
-    Мектепті қайда бітірдің?
-    Сарыжазда...
-    Ол қай жерде?
-    Нарынқол ауданында...
Ағай басын көтерді де ерекше зейінмен қарап 
қалды. 
-  Нарынқолдан  мықты  адамдар  шыққан. 
Білесің бе?
-  Білем! 
Студенттің  үні  бұрынғыдан  да  сенімді  де 
жарқын естілді.
-  Аташы...
-  Шоған абыз.., Əлмерек əулие.., Райымбек 
батыр..,
-  Бергі замандарда...
-    Бергі замандарда Мұхтар Əуезовтің «Қилы 
заман»  повесінің  басты  кейіпкерлері  Жəмеңке, 
Ұзақ, Əубəкір батырлар шыққан.

14
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
-  Ол повесть не туралы еді?
-  1916 жылғы Қарқара көтерілісі туралы...
-  Ақындар шыққан ба?
-  Шыққан.  Арғысын  айтайын  ба,  бергісін 
айтайын ба? 
Тауман аға жымиды да:
- Білсең арғысын да, бергісін де айт. Біз де біле 
отырайық,- деді қаламын столдың үстіне қойып.
-   Майкөтпен айтысқан Құланаян Құлмамбет, 
Жамбылмен айтысқан Бөлтірік ақын, Көдек ақын... 
беріде Мұқағали Мақатаев, Еркін Ібітанов...
-  Жазушылардан кімдерді білесің?
-        «Қайдасың,  ГауҺар?»,  «Он  бес  жа-
сар  капитан»,  «Бастан  кешкен»,  «Өлгендер 
қайтып келмейді»  деген кітаптары бар Бердібек 
Соқпақбаев...
-  Оның басқа бір əйгілі шығармасы бар еді 
ғой. Оны оқымадың ба?
-  Оны  жұрттың  бəрі  біледі,  Ол  –«Менің 
атым – Қожа».
-  Бердібектің өлең кітабы да шыққан...
-  Иə. «Бастау» деген. 
Ағай жадырап отыр. Манағы алғаш көргендегі 
сұсты қабақ Жайықтай жазылып кеткен. 
-  Күшігім менің саққұлақ,
Келеді əне шапқылап.
Сақтығыңды көрейін,
Мал бағуға берейін
Колхоз қойын күзетіс,
Қасқыр келсе ала түс,- Қандай тамаша тақпақ.! 
Балалардың жандүниесіне осыншама
жақын жаза алатын Бердібек ақын ретінде де 
қазақ  балалар  əдебиетін  көкке  көтерді.  Мен  бұл 
тақпақты  балаларымның  аузынан  естіп  жүріп 
жаттап алдым. Бала тұрмақ мен жаттап алған соң 
өлеңге басқа қандай баға керек, ақынға өзге қандай 
мəртебе  қажет?  Өлеңін    жаттамақ  тұрмақ  ешкім 
білмейтіндердің  атағынан  ат  үркеді.  Білмеймін, 
ондайлардан адамдар неге шошымайтынын... Жə.. 
Сонымен...  Журналистерден  Нарынқол  жақтан 
шыққан кімдер бар?
-  Ұзақ  Бағаев,  Сапар  Байжанов,  Тельман 
Жанұзақов,.. 
-  Сен мұның бəрін қайдан біліп жүрсің? 
-  Мектепте  əдебиет  сабағынан,  əдебиет 
үйірмесінен...үйде əкемнен...
Тауман  ағай  жанарынан  от  ұшқындап,    сол 
жайдары  қалпын  бұзбай,  жымиған  қалпы  қолын 
сыртқы төс қалтасына салды. Біз тым-тырыспыз. 
Демімізді  ішімізден  алып,  мына  бір  тақылдап 
қалған сорайған сары балаға қызыға да, қызғана 
да қарап, іштен тынып отырмыз. «Мана неге маған 
осылай сұрақ қоймады?» деп өкінгендер де, «мен 
неге  өз  ауылымның  тарихын  білмей  келдім?» 
деп  опынғандар  да,  «ағай  неге  осыған  сонша 
мейірлене қалды?» деп іштей күдіктене іштарлық 
жасап отырғандар да бар əрине. 
Ағай  қалтасынан  кішкене  қобдиша  суырды. 
Ұзын  сарыға  бірдеме  бере  ме  екен  деп  қалдық. 
Ол  кісі  өйтпеді.  Қақпағын  ашты  да  ішінен 
көзілдірік  шығарды.  Сол  қолының  сұқ  саусағы 
мен  бас  бармағының  ортасындағы    ілдіргісінен 
көтере ұстап тұрды да оң қолымен шалбарының 
қалтасынан  беторамал  алды.  Мен  талай  ағаның 
қалтасынан  шұбатыла  суырылған  мыж-мыж, 
умаж-умаж  өңі  түскен  беторамал  көріп  едім. 
Мына кісінікі қалтасында жүрсе да үтіктің асты-
нан жаңа шыққандай теп- тегіс те тап-тұйнақтай 
төрт бүктелген екен. Таңданып отырмын. Не де-
ген таза адам. Ана əппақ жейдесінің жағасы əдейі 
қатырып қойған секілді, бірде бір қыртыс, сызығы 
жоқ.  Костюмі  иығына  нық  отырған.  Галстугі  де 
ерекше  тартымды.  Саусақтарын  айтсаңызшы. 
Өмірі кір зат ұстамағандай тап- таза да терісінің ар 
жағынан  көк тамырлары анық көрінеді. Ақсаусақ 
емес, нағыз ақсүиектің өзі. Осының бəрін студент-
тер асықпай көріп алсын дегендей сабырлы күйде 
əлгі  беторамалының  ортасына  көзілдірігінің 
əйнегін енгізді де мипаздап сүрткілеп жатып ұзын 
сарыға «отыр» деп ишара жасады. Біздің көзімізге 
сорайып  ,  зорайып  көрінген  студент  зып  етіп 
жеңіл отырды. «Бұл кім өзі» деп танымайтындар 
бір-біріне сұрақ қойып, білетіндер білмейтіндерге 
пыш-пыш  айта  бастағандағы  күбір-сыбырды 
ағайдың үні бұзды: 
-  Мен  көзілдірік  тағатындарды  ұнатамын. 
Өйткені  олар  көзəйнекті  ертелі-кеш  кітапты  көп 
оқитындықтан,      көз  жанарын  алдырып  алмас 
үшін  тағады,-деп  өзінің  көзілдірігін  киді  де  əлгі 
сұхбаттасына «солай ма?» деген сұрақты пішінмен 
көз алмай қарады:
 -  Атың кім?
Анау: 
- Алтынбек,-деп нақ та нық айтты.
- Фамилияң?
-  Сəрсенбаев...
Тауман  аға  айырықша  мейіріммен  сүйсіне 
қарап отырды да:
-  Сəрсенбінің  сəтінде  туған  əкеңнің  алтын 
ұлы екенсің, қарағым,-деді. 
Деді де орнынан көтерілді. Бұл  енді сабақтың 
аяқталу  сəті  еді.  Біз  ол  кісінің  аузынан  «сабақ 
аяқталды» деген сөзін естімей орнымыздан тұруға 
қақымыз жоқ болғандықтан «тағы да не дер екен» 
деген  емексіген  көңілмен  тым-тырыспыз.    Тау-
ман  аға  тұрған  жерінде  еңсесін  тіктеп  көзінің 
қиығымен  бəрімізді  барлап  алды.  Жымиды. 
Жымиғаны-    разы  болғаны.  Жанарынан  ұшқын 

15
атады.  Біздің    еңсеміз  көтерілді.  Алғаш  көрген 
сəттегі  жүрексінудің  бəрі  ада.  «Қаһарлы»  деген 
ағай  шуақты  ,  «қатал»  деген  ағай  мейірімді  бо-
лып шықты. Өзіміздің қамқор əкемізді көргендей 
жанымыз жай тауып сала берді.Сол иегін көтере 
тура қарап тұрған қалпы таңдайын болар-болмас 
тықылдатып алды да: 
- Пай-пай, шіркі-і-і-ін, болашақ министрлердің, 
директорлардың, бас редакторлардың, атақты ақын, 
əйгілі    жазушылардың,  ғалым-профессорлардың 
отырысы-ай!-  деді.  Мен  осы  сəтте  екі  қолымды 
қуысырып  алып  арқамды  партаның  арқалығына 
шірене  тіреп  отыр  едім.  «Ағайдың  мына  сөзі 
кекеткені  я  мысқылы,  оны  маған  қарата  айтты» 
деп  күдіктеніп, қолымды түсіре қойдым. Ол кісі 
менің ойымды оқып қойғандай:
-  Бұл  менің  сендерді  кекеткенім  де, 
мысқылдағаным да емес. Бұл менің сендерге де-
ген сенімім əрі ақ батам,- деп бұрылды да сыртқа 
беттеді.  Біз  орнымыздан  қопарыла  көтеріліп 
жаңа  танысқан  алып  прфессорымызды  бар 
ықыласымызбен сүйсіне шығарып салдық. 
Арада    жылдар  өтті.  Мына  шындыққа 
қараңыз.  Сол  күні  Тауман  Амандосовтың  ақ  ба-
тасын алған студенттер кейін шындығында алды 
Алашқа  белгілі  тұлғаларға  айналды:  Алтынбек 
Сəрсенбаев  –  Бас  редактор  болды,  министр  бол-
ды,  елші  болды,  Алашқа  аты  мəлім  қайраткер 
деңгейіне  көтерілді.  Нұрлан  Мəукенұлы  (ол  кез-
де  Берғазиев)  –əйгілі  ақын,  Халықаралық  Алаш 
əдеби  сыйлығының  лауреаты;  Бақыт  Досымов  – 
Қазақ радиосы Балалар редакциясының редакто-
ры; Гүлзира Молдажапарова –«Егемен Қазақстан» 
газетінің  бөлім  редакторы;  Бейбіт  Құсанбек  – 
əйгілі телепублицист, Президент сыйлығының ла-
уреаты; Бұлар қырықтың о жақ бұ жағында қазақ 
журналистикасының аспанында жарқырап жанып 
тұрып,  ерте  ағып  түскен  жұлдыздар  қатарында 
ұлт  тарихында  алтын əріппен жазылып қалды. 
Қазіргі  күнде    Дархан  Мыңбай  –  мемлекет 
қайраткері;  Шəмшиддин  Паттеев  –  «Түркістан» 
халықаралық  апталығының  бас  редакторы; 
Жүсіпбек Қорғасбек – «Жас өркен» ЖШС бас ди-
ректоры;    Нұртөре  Жүсіп  –  «Айқын»  қоғамдық-
саяси  газетінің  бас  редакторы;  Баян  Бекетова 
–  ақын,  Халықаралық  Алаш  əдеби  сыйлығының 
лауреаты; Бейбіт Сапаралы- жазушы-көсемсөзші, 
дінтанушы;  Серғазы  Мұхтарбек  –«Қазақстан» 
қоғамдық-саяси  газетінің  Бас  редакторы;  Еркін 
Қыдыр  –  «Егемен  Қазақстан»  газетінің  вице-
президенті; Жұмағали Арғынбай – сатирик ақын, 
жазушы;  Қарашаш  Тоқсанбай  –  публицист-
журналист;  Əлисұлтан  Құланбай,  Александр 
Тасболатов,  Таңсұлу  Мирманова,-республикаға 
белгілі  журналистер;  Əлімжан  Жарылқағанов 
–ғылым  кандидаты;  Дүйсен  Молдақұлов  –Жам-
был облысы Талас аудандық газетінің Бас редак-
торы; Сүндетолла Əбілов – Мойынқұм аудандық 
газетінің  Бас  редакторы,  бұлардан  басқа  өңірлік 
бұқаралық  ақпарат  құралдарында  таңдаған 
кəсібіне,  Амандосов  аманатына  адал  қызмет 
атқарып  жүрген  курстастар  қаншама...!  Анау 
Алтаева  Үмітайдың  ақындығы  қандай,  Қасым 
Ағабектің айтқыштығы өз алдына, қаламы жүйрік 
жазушы  екендігін  «Өмірдің  өзі»  деген  алғашқы 
кітабымен-ақ  дəлелдеп  берді.Бұдан  əрі  тізе  беру 
қажет те емес шығар...
Осыдан кейін Тауман Салықбайұлы Амандо-
совты  əулие  демей,  көріпкел  демей,  көреген  де-
мей, аузы дуалы абыз демей көріңіз...

16
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
«ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ 
МӘҢГІЛІК...»
Ба ыт  сембаева,
                                    
Журналистика факуьтеті 
Баспа ісі және дизайн  
кафедрасыны  а а о ытушысы
Данная статья посвящена видному ученому, 
педагогу, общественному деятелю Т.С. Амандо-
сову. Автор дает многогранный портрет учителя, 
подчеркивает гражданское звучание его творче-
ства, 
Ж
урналистика 
факультетінің 
«Жур   на листік шеберлік жəне əде-
би  өңдеу»  кафедрасында  оқы ға-
ным  ды  əлі  күнге  дейін  мақ тан 
тұта   мын.  Кафедра  меңгерушісі  профессор  Тауман 
Салық   байұлы  Амандосовтың  дəрістерін  тыңдау 
ар қылы  біздер  ең  алдымен  журналистика  деген 
мамандықты  игерудің  қиын  да  күрделі  екендігін 
түсіндік. Ұстазымыздың өзін өзі қалай ұстайтыны, 
мұнтаздай таза киінуі, кейде қалжыңдаса да орны-
мен  сөйлеуі,  өмірлік  тəжірибесінен  сыр  шертіп, 
біздерді  үнемі  жақсы  мен  жаманды  ажырата 
білуге  үйретуі  -  осының  бəрі  өз  алдына  бір  мек-
теп  еді.  «Жақсы  кітапты  да  ,  жаман  кітапты  да 
қатар  оқыңдар.  Сонда  жаман  кітаптың  кемшілігі 
қай жерінде екенін түсінесіңдер...» деп үнемі бізді 
еңбектенуге, ізденуге ынталандырып отырушы еді. 
Тауман  Салықбайұлы  кафедра  студенттерінің  оқу 
мен тəжірибені ұштастыруына үлкен көңіл бөлетін. 
Əлі  есімде  бізді  «Дəуір»  газет-журналдар  баспа-
ханасына  жіберді.  Міндетіміз  -  баспаханада  еңбек 
етіп  жатқан  мамандар  туралы,  олардың  күнделікті 
атқарып  жатқан  жұмыстары  туралы  əрбір  студент 
мақала жазуы тиіс. Нəтижесінде мақалалардың ба-
сын  біріктіріп  тəжірибелік  газетті  басып  шығару. 
Фотосуреттерді  де  орналастыруымыз  керек.  Осы-

17
лайша  жиі-жиі  газет  шығаратынбыз.  Оқу  процесі 
де жүріп жататын. Ал өндірістік тəжірибені 1-кур-
ста міндетті түрде аудандық газеттен, 2-3 курстарда 
облыстық  газеттен  өту  оқу  бағдарламасы  бойын-
ша  жоспарланған.  Өндірістік  тəжірибеден  өтпеген 
студент  келесі  курсқа  көшірілмейді.  Кафедрадағы 
осындай темірдей берік тəртіпті бұлжытпай орын-
дауды    Т.  С.  Амандосов  мектебінен  сол  кезде 
тəрбие алған ұстаздар да қадағалайтын. Сол кездегі 
ұстазымыз Қапан Қамбаров аудиторияда отырған 50 
студенттің өндірістік тəжірибе кезінде газет бетінде 
жарық  көрген  мақалаларына  жеке-жеке  жанрлық, 
тақырыптық,  мазмұндық  талдау  жасағанына 
сүйсініп отыратынбыз. Ұстаздарымыздың əрбір сту-
дентке ертеңгі журналист, редактор ретінде қарауы, 
əрине, біздерге одан сайын жауапкершілік жүктейтін. 
Біздер əрбір мақаламыз жазылған сайын, ол мақала 
көпшіліктің  алдында  сын  көпірінен    өткен  сайын 
шыңдалатынбыз жəне тағы да алға ұмтылатынбыз. 
«Ұстаздық  еткен  жалықпас  үйретуден  балаға»  
деп  Тауман  Салықбайұлы  сияқты  бар  өмірін  тек 
шəкірттерінің өмірдегі өз орнын табуға көмектесіп, 
қолтықтап,  демеп  жіберуге  қашан  да  асық  болған 
ұстаздарға  арналып  айтылғандай.  1958  жылдан 
1991жылға  дейін  журналистика  факультетінде 
оқығандар  өздерін  Амандосовтың  шəкірттері  са-
найды.  Жəне  де  Амандосовтың  шəкірті  деген 
атқа  олардың  əрқайсысы  да  лайық.  Бірі  ғалым, 
бірі  қаламы  жүйрік  журналист,  енді  бірі  баспа-
гер-  кəсіпкер  болып,  ұлттық  бұқаралық  ақпарат 
құралдары  жүйесінде  жəне  басқа  да  салаларда  өз 
ісінің шебері  атанғандар.  
Журналистика  бойынша  ғылыми  зерттеу 
жұмыс  тарын жазатындар Т.С.Амандосовтың еңбек-
теріне сүйеніп ғылыми талдаулар жүргізеді.  «Журна-
лист  анықтамалығы»,  «Совет  журналистикасының 
теориясы  мен  практикасы»,  «Газет  жанрлары», 
«Журналист жəне өмір», «Қазақ бас пасөзінің жанр-
лары»,  «Бүгінгі  қазақ  публицис тикасы»    сынды   
еңбектері  əлі  күнге  дейін  болашақ  журналистерді 
дайындаудың базалық негізі болып табылады.
1966 жылы журналистика бөлімінің филология 
факультетінен бөлініп, өз алдына шаңырақ көтеруіне 
мұрындық болған да профессор Т.С. Амандосов еді. 
Қанша жылдар бойы журналист кадрларын дайын-
дап шығарып жатқан ұяның берік тұғырын орнатып 
кеткен  ардақты  да  аяулы  ұстазымыздың    бейнесі 
біздің  жадымызда  мəңгілікке  қалды.  Ұстазынан 
шындықтың,  адалдықтың,  қарапайымдылықтың 
нəрін  бойына  сіңірген  шəкірттері  осы  ұғымдарды 
өздеріне өмірлік серік етіп келеді.
1985-1990 жылдары оқыған біздің курстың ку-
раторлары  Əбілфайыз  Ыдырысұлы  жəне  Лəтипа 
апай  болатын.  1986  жылы  желтоқсан  оқиғасы  да 
біздің курс үшін, ұстаздарымыз үшін де ең бір ауыр 
күндер  болды.  Бірақ  осындай  ұстаздарымыздың 
ақыл-кеңесіне  құлақ  түру  арқылы  біздер  ол  кез-
де  де  ұйымшылдық  көрсетіп,  бірлігімізді  сақтап 
қалдық.  Сол  курстастар  өткен  жылы  20  жылдан 
соң  қара  шаңыраққа  келіп,  алтын  ұямызға  деген 
сағыныштарын бір басып қайтты. Олар Т. С. Аман-
досов,  Т.  Қожакеев,  А.  Қыраубаева  дəріс  оқыған 
аудиторияларға  қайта  отырып,  олардың  рухы  ал-
дында  бас  иді.  Міне,  бұл  шəкірттерінің  ұстаз 
тағылымына беріктігінің көрінісі. 
Журналистік  шеберлік  кластарын  түрколог 
ғалым Асқар Егеубайұлы, ғалым Алма Қыраубаева 
жəне  белгілі  баспагерлер  мен  журналистер  келіп 
өткізетін. Сабақтан кетіп қалу дегенді біз білмейтін 
едік.  Өйткені  əрбір  ұстазымызбен  кездесуді  асыға 
күтетінбіз.  Өэіміз  де  өте  қызықты  тақырыптарды 
таңдап алып, семинар сабақтарын жүргізетінбіз. Он-
дай кезде курстастар арасында əртүрлі көзқарастар 
шеңберінде айтыс-тартыс күшейе бастайтын. 
Университеттің  жəне  факультеттің  қоғамдық 
жұмыстарына  да  біздің  курс  студенттері  белсене 
араласатын.  Олардың  əрқайсысы  сол  кезден  ба-
стап,  басқарудың,  ұйымдастырудың  мектебінен 
өтті. Біздің бойымызға осындай жақсы қасиеттерді 
сіңіруге  атсалысқан  ұстаздарымызға  біз  қашан  да 
ризамыз.  Жəне  олар  берген  эстафета  біз  арқылы 
кейінгі ұрпаққа жалғасып, өміршеңдігін жоймайты-
нына сенімдімін. Өйткені ұстазың көрсеткен өнеге -  
ол өмірлік азығың, рухани байлығың болып қалады. 
Дүниеде оған тең келетін байлық жоқ деп ойлаймын. 
«Журналистік  шеберлік  жəне  əдеби  өңдеу» 
кафедрасының негізінде 1998 жылдан бастап «Баспа 
ісі  жəне  редакциялау»  кафедрасы  құрылды.  Қазір 
«Баспа ісі жəне дизайн»  кафедрасы.
Кафедра  бүгінгі  күні  тəрбиеленіп  жатқан 
студенттерін ардақты ұстазымыздың  өмірбаянымен, 
еңбектерімен  таныстыру  мақсатында  көптеген  игі 
шаралардың  ұйтқысы  болуда.  Көрнекті  ғалымның 
туғанына 90 жыл толуына орай «Амандосов рухымен 
алты  күн»  апталығы  өткізілді.  Т.С.  Амандосовтың 
əріптестері, шəкірттері жəне ұрпақтары келіп, сту-
денттерге тəрбиелік мəні зор əңгімелер айтты. Со-
нымен  қатар  университет  студенттері  арасында 
өткізілген  ғалымның  өмірін  өлеңмен  өрнектеген 
жас ақындар мүшайрасы да өзінің ізгілікті таңбасын 
қалдырды. 
Қазақ журналистикасының зерттеушісі, белгілі 
ғалым  ұстаз  ретіндегі  орнының  айқындалуы  - 
оның  ұстаздық  үлкен  жүрегінің  шуағы  бүгінгі 
жас  ұрпақтың  жүрегіне  жол  тауып  жетуінде  деп 
түсінемін. Т. С. Амандосовтың шəкірттері бар жерде 
оның ғылыми мектебі осылайша жалғасын таба бер-
мек. Адалдықтың туын желбірете ұстауды біздерге 
аманат еткен аяулы ұстазымыздың бейнесі əрқашан 
биікте тұрмақ...  

18
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 

19
ҚАЗАҚ 
РАДИОСЫНЫҢ 
ҚҰРЫЛҒАНЫНА 
90 ЖЫЛ

20
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
осыл ан  бжан лы,
филология  ылымдарыны  
кандидаты, баспасөз және элек-
тронды БА  кафедрасыны  
доценті
РАДИО-
ЖУРНАЛИСТИ-
КАНЫҢ ШЕБЕРЛІК 
СЫРЛАРЫ
Статья посвящена 90 – летию казахского радио. 
В статье прослеживается эволюция радиотехни-
ки с 70 – х. годов по настоящее время. А также 
рассматриваются грани творческого мастерства 
диктора А.Байжанбаева. 
Article is suspended 90 – fl y the Kazakh radio. 
In particular it will be a question of interrelation 
of radio journalism with technologies. Ability to 
own technics fi nds creative possibilities of the 
journalist. In article evolution of radio engineering 
with 70 – х is traced. Years on the present. And also 
it is considered sides of creative skill of announcer 
A.Bajzhanbaeva.
Қ
азақ  радиосының  90  жылдық  ме-
рейтойы  аталып  жатқанда,  мен 
де    қара  шаңыраққа    ризашылық 
ықыласымды  білдірмей  қала  ал-
маймын.  Өйткені  университетті  бітірердегі 
мемлекеттік  тəжерибені  осы  еліміздің  бас  ра-
дио  кешенінің  қабырғасында  өткенмін.  Сөйтіп, 
Алматыдағы шығармашылық жұмысым осы жер-
ден бастау алған-ды.
Студенттік тəжерибеден екі ай өткеннен кейін 
де радиожурналистикадан кете алмадым. Сөзбен 
өрнектелетін  қаламгерлікке    əжептəір  шыңдаған 
болуым  керек,  аға  буын  ұстаз  журналистердің 
ұсынысымен,  мені  штаттан  тыс  тілші  етіп 
қалдырды.  Содан  табаны  күректей  бес  ай  бойы 
радиода  жүріп,  оның  жаңалық-ақпараттарынан 
бастап , радиоочеркке дейінгі деректі жанрлардың 
бəрін де игеріп жаза беретін болдым . Сол үшін де 
қазақ  радиосының  аға  журналистеріне  алғысым 
шексіз .
Айталық  баспа  қаламгерлерінен  радио-
журналистиканың    негізгі  айырмашылығы,  
бұлар  технологиялық  процестерге  бейімделген. 
Ауызекі  сөзді  қағазға  түсіріп,  тыңдарман 
құлағына жеткізгенге дейін, көптеген техниканың 

21
қызметін  пайдаланады.  Бұл  орайда,  профессор 
Н.Омашевтың:   «Жанрдың эволюциясын бəрінен 
бұрын коммуникациялық техниканың дамуынан...
көру керек»' – деп жазады.  Біздің кезімізде, кешегі 
ғасырдың  жетпісінші  жылдары,  «Репортер-5» 
деген  дыбыс  жазу  құралы  болған.  Сегіз  келідей 
салмағы бар сол сандықшаны иыққа салып алып, 
ақпарат көзін аулап кете баратынбыз.  Қашықтағы 
қалалар мен алыс-алыс ауылдарды аралап Р-5-тің 
үнтаспасын кейіпкер сөздерімен толтырып келген-
де,  еңбегің  ақталса  жақсы.  Ақталмай,  шатысып-
шатасып  жүретін  кездеріміз  аз  болған  жоқ.  Жа-
зып  келген  үнтаспаны  дыбыс  цехына  тапсырып,  
көшірмені  аларда  талай  сөздер  естиміз.  Ең  жа-
маны «брак–жарамсыз» деген «үкім». Бұл сөзден 
кейін, көпке дейін күнің қараң!.. Онан басқалары 
төзімді:  «замечание  по  уровню  записи»–жазы-
лу деңгейі төмен, немесе жоғары;  «нечистая за-
пись»–кейіпкер  сөзіне  шыртқы  дыбыстар  еніп 
кететін жағдайлар.
Енді осыларды талдап танып көрейік. Дыбыс 
жазудың жарамсыз болатын себебі техника тілінен 
мақұрым болғандығымыздан. Р-5-тегі бес тетіктің 
бірі  дұрыс  қосылмаса–жұмыс  жарамсыз  болады. 
Бұл  микрофонды,  тетігін  басып  іске  қоспағанда, 
не  сымдарын  дұрыс  жалғамағанда,  тағы  сондай 
сəттерде орын алатын керіағар жəйттер. Біздерге 
көбіне  опық  жегізетін  тышқанның  көзіндей  ғана 
бір түйме. Оны бір басқанда көзі көгереді –дыбыс 
жазылады, екінші басқанда қызарады– дыбыс жа-
зылмайды. 
Екінші  жағдайда  əлгі  бес  тетіктің  бірінен 
қате  кетеді.  Кейіпкерді  сөзге  дайындап  болған 
соң,  репортердің  «күйін  келтіру  рəсімі»  болады. 
Аппаратты іске қосып, микрофонды қолға алып: 
«рас,рас-два...» дей отырып дыбыс жазу деңгейін 
қоямыз.    Осыдан  кейін  кейіпкер  сөйлейді.  Біз–
журналистер сөз тыңдай отырып, дыбыстың жа-
зылу деңгейін бақылаймыз. Сөйлеуші адам дауы-
сын бірқалыпта ұстап сөйлесе арман жоқ қой, кей 
кісілер өзі жақсы білетін жəйттерді айтқанда, неме-
се ойы мəнсабын өсіріп арқаландырып жібергенде 
екпіндеп, тіпті елеріп сөйлейді. Мұндайда  дыбыс 
деңгейінің құлақшасымен арпалысып отырасың! 
Ал  үшінші  жағдайдың  машақаты  көп.  Ол 
үшін  сөйлеушіні  жазуды  бастардың  алдында 
басқалардың    тыныштық  сақтап  отыруын,  бала-
ларды  алысырақ  ұстауын  өтінесің.  Бірақ  оларға 
түшкірме, жүтелме дей алмайсың ғой! Бола қалған 
жағдайда, мұндай «бүлдіргілердің» жарасы жеңіл. 
Не  монаж  кезінде  кесіп  тастаймыз,  не  табиғи 
құбылыс деп «ақтап аламыз». Бұл істе кесірді көп 
келтіретін екінші бір деңгейдегі  оқыс дыбыстар. 
Дыбыс жазып отырғанымызда үй түбіндегі терек-
ке қарға қонып алып қоймай қарқылдайды, неме-
се сиыр мөңірейді, түйе боздайды,..ал есек ақырса 
ше?!.  
Міне  біздің  заманның  журналистері,  ой-
зердесінің  жарынан  көбін  осыларға  құрбан  етіп-
ақ, талай тамаша хабарлар жасаған! 
О  кездегі  монтаждың  да  қиындықтары  мен 
қызықтары    жетерлік  еді  .  Жалпы  «монтаж» 
термині  грек  тілінен  аударғанда  құру,  құрылым 
дегенді  білдіреді.    Радиодағы  монтаж,  жазылған 
мəтіндерді  белгілі  бір  ретпен,    яғни  логикалық 
жүйемен  құрастыру  болып  шығады.  Құрастыру 
принципі 
радиосценарийде 
көрсетілген 
талаптарға  негізделеді.  Онда  диктор  мəтіні, 
кейіпкер сөзі сонан соң, қай жерде қандай музы-
ка немесе табиғи дыбыстар берілетіні рет-ретімен 
нақтыланатыны белгілі. Десек те дəл солай, сцена-
рийде жазылғандай болып хабар шыға бермейтіні 
анық.    Радиода  да  телевизиядағы  сияқты  сцена-
рий, болған емес, болатын жəйттерді, оқиғаларды, 
құбылыстарды  баяндайды.  Өз  кезегінде  мұндай 
шығармашылық  журналистерді  болжам  жасауға 
мəжбүр етеді. Ал болжам əрдайым ақтала бермейді. 
Ақырында  хабар  жаңа  сценариймен  жасалып 
шығады. Бұл оңай шаруа емес, мұндайда радио-
журналист қырқуға түскен ешкінің күйін кешеді. 
Жоғарыда  айтылғандай,  жолсапардан  алып  кел-
ген  үнтаспадағы    жазбаларын  монтаждаудың 
қиындығын  көпшілік  түсіне  бермейды.  Жасыра-
тыны  жоқ,  біздің  қазақтың  бəрінің  тілі  орамды, 
сөзі сұлу, сөйлемі жинақы бола бермей-ді. Кейде 
ойы  терең,  айтары  бағалы  азаматтарымыздың 
бізге  берген  сұхбаттарын  тыңдарманға  түсінікті 
етіп  жеткізу  үшін,  жүйкеміз  жұқаратын  кездер 
болады.  Шұбар сөйленген кейіпкер сөзін маман 
монтажшылардың  өзі      «тазалаудан»  бас  тарта-
ды. Осындай сəтке алғаш  тап болғанымда, маған 
көмекке  келген  тəжерибелі  журналист  –  Мəлік 
Шыбынтаев  болатын.  Ол  менің  материалымды 
алып,  өзі  монаждады.  Белуардан  келетін  темір 
жəшіктің  (МЭЗ-28)  үстінде  айналып  тұрған 
екі  табақ  үнтаспаны  қолмен  бір  айналдырып, 
бір  тоқтата  тұрып,  қажетсіз  фразалардың  екі 
жағындағы  паузаларды  дəл  тауып,  сол  жерден 
тырнақпен кесіп, жарамсыз сөздерді алып тастап, 
дұрыс тіркесті ацетонмен жалғау арқылы монтаж 
жасады.  Сол  өнерді  кешікпей  мен  де  үйрендім. 
Міне радиожурналистің  техникамен жұмыс істей 
білуі керек деудің мəні осыдан.  
Қазіргі  журналистерімізге  қолмен  монтаж 
жасаудың  қажеті  жоқ.  Əйтсе  де  кейіпкер  сөзін 
«тазалау» жұмыстары жетілдірілген копьютерлік 
техника-мен  атқарылады.  Яғни,  техника  өзгер-
генмен  радиожурналистің  сөзмəтінді  ре-дакция-

22
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
лаудағы  сөйлемді  кесіп-жалғау  жұмысы  сол 
қалпында,  инемен  құдық  қазғандай,  төзім  мен 
тапқырлықты  қажет  етеді.  Сондықтан  бүгінгі 
журналис-тика  шəкірттері  өз  кезеңінің  замана-
уи  технологиясын  уақытында  игеріп,  мең-геріп 
жүргендері орынды. Əсіресе, компьютердің, сағат 
сайын  қосылып  тұратын,  жаңа  тəсілдерін  тез 
үйренуге дағды алған студент осы ғасырдың озат 
азаматы болады.
*    *    *
Қазақ  радиосы  деректі-ақпараттық  берілім-
дерге  маңыз  бергеннен  гөрі,  тарихи-танымдық, 
ұлағатты-тəлімдік  тақырыптардағы  салауат-
ты  хабарларға  көбірек  ықылас  қояды.  Мұндай 
шығармалар  ауызеке-əдеби  тілмен  көркемдеу 
тəсілдерін барынша мол пайдалану арқылы жазы-
лады. Ал оны көп ретте дикторлар оқиды. 
Қазақ  радиосыны  ата  дикторы  Əнуəрбек 
Байжанбаевтың мəтін оқу шеберлігіне мен де куə 
болғанмын.  
Əнекеңді  алғаш көрген  сəт əлі күнге есімнен 
кетпейді. Редакция құлаққа ұрғандай тып-тыныш. 
Əркім  өз  жұмысын  жазып,  тылсым  толғаныс 
күй  кешіп  отырғанбыз...Кенет:  «Хаммаңа  бір 
сəлем!»  деген  зор  дауыс  естілді.  Бəріміз    елең 
еттік. «Ох, əнекең келді!» -деп Мəлік Шыбынта-
ев ағамыз орнынан тұрып, тысқа шықты. Мен де 
ере шықтым,өйткені Мəлік аға маған жетекшілік 
жасайтын.
–Ой,  Əнеке-ай,  шығуға  сылтау  таппай  отыр 
едім,  келгеніңіз  қандай  жақсы  болды,–  деп  қол 
алысты.
–Иə  солай,  мен  болмасам  сендердің  шылым-
пылым дарың  шегілмей,  пырым-пырымдарың 
шығады ғой, жүр!-деп екеуі ілгерілеп кете барды...   
Бір күні менің материалымды  диктор оқитын 
болды. Мəлік ағайым мені жетектеп, дыбыс жаза-
тын студияға əкелді. Студияда баяғы Əнекең отыр.  
–Кəне,  əкел,-деп  қолын  созды.  Мен  жаз-
ғанымды   ұстата қойдым.
Ол материалды алды да, жылдам көз жүгірте 
бастады.  Кенет,  «Мына  жерде  үтір  болу  керек 
емес  пе?  –деді  де  өзі  жөндеді.  Сəлден  кейін,  – 
мынаның қате-      сі көп,жөндеп əкеліңдер!»–деді 
де материалымды маған қарай ысырып тастады.  
Мен  жасқана  жүрексініп,  материалымды  алып, 
жетекшіме қарадым. Ол– иə, жылдам қайта қарап 
шық,-деп Əнекеңмен екеуі тысқа шығып кетті.  
Мен намыстан жарыла жаздап,материалымды 
шұқшия отырып  оқып шықтым, алып бара жатқан 
ештемесі жоқ екен, бір тасымал, бір үтір, екі əріп 
қатені жөндедім.
Материал  оқылды,эфирден  өтті.  Бірақ, 
сондағы  не  редактор  емес,не  бас  редактор 
емес  жəй  ғана  диктордың  маған  «қоқанлоққы» 
жасағанына күйініп біраз жүрдім.  Кейін байқасам 
ол кісі мендейлерді басынан қысып, ширатып ала-
тын ағалық əдеті бар екен.
Əнекең көп жағдайда, алдына келген мəтінді 
дайындықсыз  оқитын.  Бірде  қазақтың  шоқ тығы 
биік режиссерларының бірі – Сұлтан Ходжиковтың 
«Ардагерлер»  деген  деректі  телефильмінің 
қазақша  мəтінін  ырғағына  келтіріп,  ықыластана 
желдіртіп  оқып  отырған.  Кенет  зор  үн  тынып 
қалды да, пыс-пыс еткен дыбыс шықты. Қарасам 
Əнекең  жылап  отыр  екен.  Мен  диктор  блогінің 
еігін  ашып  қасына  келіп,  «Не  болды,  аға?»-деп 
үрейлене құрақ ұштым. Ол кісі сəл отырды да, ба-
сын көтерді:-Кешегі соғыстың сұмдық сəттері көз 
алдыма келіп, өксітіп жіберді ғой!» деп күрсінді.
Міне бұл Əнекеңнің өзіне ғана тəн дикторлық 
феномен  еді.  Қағазға  түскен  мəтінді    алдын-ала 
қарап шықпай, бірден оқи отырып, оның мəнін де, 
мағынасын да түсініп отыратын. Сол арқылы дау-
ыс ырғағын, үн бояуын дəл кетіріп оқитыны содай, 
кейде өз жазғанымды өзім танымай қалатынмын. 
Қазақ радиосының өткеніне үңілсек, талай та-
лант  тарландарын  танытуға  болады.  Ендігі  тілек 
– солардың ізбасарлары олардан да озық шеберлік 
үлгісін көрсетсін демекпін.
            
 1. Н.Омашұлы, «Ұзынқұлақтан Қазақ радиосына дейін». «Санат» -2007ж.

23

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет