Л-фараби атында ы аза лтты



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата15.03.2017
өлшемі9,01 Mb.
#9967
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

Римма Жа сылы баева, 
        
филология  ылымдарыны  
кандидаты, 
Баспасөз және электронды БА  
кафедрасыны  доценті
ӘБУ НАСЫР 
ӘЛ-ФАРАБИ 
ШЫҒАРМА-
ЛАРЫНДА МОРАЛЬ, 
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, 
ӘДЕПТІЛІК 
НОРМАЛАРЫНЫҢ 
ДӘЙЕКТЕЛУІ
В статье автор проводит анализ этических трак-
татов аль-Фараби и рассматривает их в аспекте 
применения в журналистике.
In article the author carries out the analysis of 
ethical treatises the philosopher al-Farabi and 
cores replenishment in aspect of application in 
journalism.
Ə
бу Насыр Əл-Фараби (
 
арабшасы)    кезінде    «Шығыстың  Арис-
то телі»  атанған  есімі  əлемге  мəшһүр  фило-
соф, ұлы энциклопедист ғалым  болды. Ол көне 
заманның  Платон,  Аристотель,  Гален  сияқты 
ақыл-ой  алыптарының  шығармалары  туралы 
көптеген  трактаттар  мен  түсіндірмелер  жаз-
ды.  Сол  сияқты  ғұлама  ғалымның  əлеуметтік-
этикалық  көзқарастарын  білдіретін  зерттеулері 
де  баршылық.  Əл-Фараби  өзінің  «Риторика», 
«Поэзия  өнері  туралы»,  «Бақытқа  жол  сілтеу» 
туралы  трактаттарында  этикалық,  эстетикалық 
мəселелерге  көңіл  бөліп,  көркемдік,  сұлулық, 
бақыт,  мейірбандық,  білім  категорияларының 
бетін  ашып,  солардың  негізін  дəлелдеп  берді. 
Зерттеулерінде  этиканың  зерттеу  нысаны  –  мо-
раль,  мінез-құлық,  əдептілік  нормалары  екенін 
жан-жақты көрсетті.  
Этиканы  ол,  ең  алдымен,  жақсылық  пен 
жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым 
деп  қарады.  Сондықтан  оның  этика  жөніндегі 
тұжырымдамаларында  жақсылық,  мейірбандық 
категориясы  басты  орын  алады.  Ғұламаның 
этикалық  ойларынан  терең  гуманизмнің  лебі 
еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан 
иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны 

127
құрметтеу,  қастерлеу  керек  деп  түсінеді.  Фара-
би жасаған қорытыңдының басты түйіні – білім, 
мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. 
Журналистің  адамдар  тағдырына  ықпал 
ету  мүмкіндігі  оларға  қоғамдық  жауапкершілік 
сезімін    тудыратындығымен    ерекшеленеді  жəне 
ақпарат қабылдаушылармен  арадағы тікелей жəне 
кері  байланыс  негізінде  біршама  тұрақты  сипат-
ты  қалыптастырады.  Журналист  жазған  туынды 
жайындағы бұқаралық ой, пікірге сүйене отырып, 
оқырманның тілегін жəне қоғам нені қалайтынын 
немесе  қолдайтынын,  неге  қарсылығын  біле  ала-
ды.    Мұндай  мағлұмат  пен  пайым    журналистің 
алдағы ісіндегі ар-ұждан бағыт-бағдарын анықтап 
беретіндігімен  пайдалы.  Ал  ар-ұждан  бағыт-
бағдарын  анықтау  журналист  үшін  əдеп  пен 
мəдениеттің  бір  нысаны  болмақ.  Осы  ретте  Фа-
раби  ақыл-ой  мен  білімнің  биік  мəнін  дəріптеді. 
Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: 
оның  пікірінше,  көркемдік  өмір  шындығының 
өзіне  тəн  қасиет,  ол  болмысты  нақты  түрде  бар 
құбылыстардың,  əлеуметтік  өмірдің  көкейдегі 
елесі. Көркемдік – адамның денесі мен рухани жан-
дүниесінің  адамгершілік  қасиетінің  сұлулығын 
көрсететін белгі деп саналды.
Əл-Фарабидің  айтуынша,  этиканың  ең 
жоғары категориясы бақыт болып табылады. Фа-
раби «Бақыт жолын сілтеу» трактатында: «Бақыт – 
əрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені, ол белгісіз 
бір жетілу болып табылады. Мұны түсіндіріп жату 
артық сөзді керек етпейді, өйткені бұл – мейлінше 
белгілі  нəрсе»,  -  дей  келіп,  «Игіліктердің  ішінде 
бақыт  ең  үлкен  игілік  екендігі  жəне  қалаулы 
заттардың  ішінде  адам  талпынатын  ең  жетілген 
мақсат екендігі айқын», - деп атап көрсетеді [1]. 
Бақытқа,  оған  жетуге  бастайтын  жолға  айрықша 
назар аудара отырып, Əл-Фараби адамның табиғи 
қабілеті  өздігінше  жақсы  қылықты  да,  жаман 
қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік беретіндігін, 
осыдан  келіп  бақытқа  жету  мен  мінез-кұлықтын 
жетілуі  арасында  байланыс  туатындығын: 
«Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі 
біріккенде  –  бұлар  адамшылық  қасиеттер  болып 
табылады. Адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие 
болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір 
мінез-құлықтан  басқа  мінез-құлыққа  ауысуына 
себепші болатын нəрсе – əдет болады», - дейді [1, 
11-12 бб]. Тағы бірде: «Жаман мінез-құлық – ру-
хани кесел»,- екендігін ұғындыра түседі [1, 21 б]. 
Демек, əдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез-
құлыққа жеткізетін əрекеттер жақсы əрекеттер бо-
лып табылады. 
Журналист  əлеумет  мүддесін  көздейді. 
Халықтың  мүддесіне  жат,  Конституцияға, 
демократияға  қайшы  келетін  нəрселер  жур-
налист  үшін  де  жат  болу  керек.  Журналист 
моральдік,  этикалық  жағынан  таза  болуға  тиіс. 
Басқа  мамандық  тəрізді  журналистер  үшін  де 
қажетті  ұстамдылықты  əл-Фараби  жақсы  кұлық 
деп  есептейді,  ал  ұстамды  болу  үшін,  шама-
дан  тыс  молшылық  болса,  одан  жетіспеушілікке 
қарай  ауытқып,  ондай  молшылықтан  арылуы-
мыз  керек  жəне  керісінше,  жетіспеушілік  болса, 
біз  молшылық  жағына  қарай  ауытқуымыз  ке-
рек,  сөйтіп,  мінез-құлқымызда  ұстамдылықты 
қалыптастырғанша осылай ете беруіміз керек. 
Ғұлама  адам  бойындағы  ақыл-парасатты 
этикалық-адамгершілік 
қасиеттерден 
бөліп 
қарауға  болмайды  дегендей  пікір  айтады.  Ақыл 
мен  адамгершілік,  қайырымдылық  өзара  табиғи 
түрде  байланысып  жатқан  құбылыстар  екенін 
түсіндіреді. Əл-Фараби адам өзінің мінез-құлқын 
жетілдіре  түсу  үшін,  ең  алдымен,  ол  өзіне-өзі 
мейлінше  адал  болуы  тиіс.  Сонда  ғана  адам 
өз  бойындағы  ізгілікті  қасиеттерді  барынша 
жетілдіре  түсуге  мүмкіндік  алады.  Əл-Фараби: 
«Қандай  шебер  əдістің  жəрдемімен  жақсы 
мінез-құлыққа  жететінімізді  қарастыруымыз 
керектігін», «Адамның өз ожданы алдында адал, 
шыншыл болуы адам өзіне өзі ізгі қасиетті болуы-
нан,  жүріс-тұрысы  ізгі  болуынан,  жүріс-тұрысы 
ізгі болуынан ғана туады. Ал егер өз бойында жоқ 
бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға, жүріс-
тұрысы  жөнді  адамға  жатқызса,  онда  ол  адамда 
өзі туралы жалған пікір туғандығы. Егер адам өз 
бойында  жоқ  нəрселерді  өзіне  жатқыза  беретін 
болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда бола-
тынын» ұғына түсеміз [1, 19-20 бб].   
Əл-Фараби:  «Қайырымдылық  екі  түрлі 
болады:  этикалық  жəне  интеллектуальдық. 
Интеллектуальдық  –  жанның  ақыл-парасаттық 
жағына  жататын,  қайырымдылық,  мəселен, 
даналық,  парасат  ақыл-ойдың  тапқырлығы  мен 
өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық – 
жанның ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, 
мəселен,  ұстамдылық,  батылдық,  жомарттық, 
əділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді. 
Этикалық қайырымдлықтар мен жаман қылықтар 
адам  жанында  адамгершілік  сападан  туатын 
əрекеттердің  белгілі  бір  уақыт  бойына  көп  рет 
қайталануы  жəне  оған  бой  үйренуі  нəтижесінде 
пайда  болып,  тұрақтайды.  Дəл  өнердегі  сияқты 
мұнда  да  ізгілікті  əрекеттер  қайырымдылыққа, 
теріс  əрекеттер  жаман  қылықтарға  бастайды, 
мəселен,  жазу  өнерінде  осылай  болады:  біз  жа-
зумен  байланысты  əрекеттерді  сан  рет  қайталап, 
оған  дағдылансақ,  мұнан  бізде  жазу  өнері  пайда 
болып, тұрақтайды, егер қайталау арқылы өзімізде 
дағдыға айналдырған бұл əрекеттер жаман болып 
шықса,  біз  жаман  жазып  дағдыланамыз,  жақсы 
болып  шықса,  жақсы  жазып  дағдыланамыз»  [1, 
195-196 бб]. 

128
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Əл-Фараби: «Адамның игі қылықтары мен жақсы 
əрекеттерін  жасауға  көмектесетін  жан  қасиеттері 
–  ізгілікті  қасиеттер,  ал  адамның  пасық  істер  мен 
оңбаған əрекеттер жасауына себепші болатындары 
–  сұрқиялық,  кемшілік  немесе  опасыздық  болып 
шығады» [1, 188 б].  Тіпті «Өнер біткеннің бəріне 
жаратылысынан  бейім  адамның  болуы  шындыққа 
сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық 
жəне  интеллектуальдық,  бəріне  жаратылысынан 
толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, 
ол мүмкін емес. Дəл сол сияқты кемшілік біткеннің 
бəріне  жаратылысынан  бейім  адамның  болуы  да 
шындыққа сыймайды жəне мүмкін еместігін», - ба-
рынша пайымдап, терең ұғындыра түседі [1, 198 б]. 
Тағы  бірде  ғұлама:  «Ақиқат  –  игілік  пен 
қайырымдылық сияқты, барлық істегі көкейтесті 
мақсат.  Ақиқатты  іздеуші  екі  адам  өздерінің 
мақсатын  түсінеді,  оны  біледі,  сондықтан  ол 
мақсат жөніндегі көзқарастарында алалық тумай-
ды.  Ақиқат  пен  қайырымдылықтан  ауытқыған 
жолмен  жүруге  болмайды,  өйткені  адам  ондай 
жолмен жүрсе, ол адасып, абыржиды» [1, 293 б]. 
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз кезде-
ген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты 
екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-
өзі  жетілдіріп  отыруға  тиіс,  адам  тек  ақиқатты, 
айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі 
деп түйін жасайды.
Сауатты  жазып,  сөйлей  білу  –  үлкен  өнер. 
Ол  мол  білімді,  ой  өрісі  мен  қиял  кеңістігін 
қажет  етеді.  Абай:  «Тіл  өнері  дертпен  тең»  деп 
бекер  айтпаған.  Сөйлеудегі  ең  жақсы  қасиет  ой 
пікірін қысқа əрі дəл айтқызып жеткізушілік. Ал-
тын, күміс, гауһардың қымбат саналуы, олардың 
аздығы тазалығы десек, қысқа, қоспасыз, ұғымды 
сөз де қадірлі болып табылады. Сөйлеудің қасиеті 
–  əдептілігі  жəне  əдемілігімен  қоса,  сайып  кел-
генде  шындығында.  Жалған  айту,  өтірік  сөйлеу 
кісілікке, журналист беделіне жатпайды. Сөйлеуге 
қатысты  тағы  бір  əдептіліктің  бір  түрі  орынды, 
əділ  сөзге  тоқтау.  Сөз  қадірін  танып,  мойындау 
дегеніміз  ірілікті,  кісілікті  білдіреді.  Осы  тұста 
Əл-Фараби:  «Жазуға  шеберлік  жазуға  жетілген 
адамда  ғана  болады,  ал  жазуға  жетілу  адам  оны 
тамаша етіп орындауға əдеттенгенде болады. Ше-
бер  жазу  мүмкіншілігі  адамда  жазу  шеберлігін 
үйренуден  бұрын  болады,  ал  жазуға  жетіліп 
үйренгеннен кейін, бұл шеберлік өнерпаздықтың 
арқасында болады» [1, 13 б].
 Əл-Фараби ақыл-парасат пен тəрбиенің рөлі 
туралы,  тəрбиесіз  дағды,  дағдысыз  тəрбие  бол-
майтынын  ескертеді.  Тəрбиесіз  дағды  болмайды 
дейтін  себебі,  мысалы,  жас  нəрестені  алғашқы 
күннен  бастап-ақ  ізгілікті  істерге  бағыттап, 
тəрбиелесе  ғана,  оның  бойына  сол  істер  дағды 
ретінде  қалыптасады.  Сол  сияқты  дағдысыз 
тəрбие болмайды дейтіні, тəрбиенің нəтижесінде 
қол  жеткен  қайырымды  іс-əрекеттерді,  мінез-
құлықты  дағды  арқылы  түрақты  күйге  айналды-
рып  отырмайынша,  адам  ізгілікті  бола  алмайды. 
Кейбір  жастардың  мінез-құлқы,  іс-əрекет  заман 
талабынан шыға бермейді. 
Адам  жаратылысының  жақсылыққа  не 
жамандыққа  бейім  болып  тумайтындығын  айта 
келіп, ол: «Жаратылысынан барлық ізгі, этикалық, 
интелектуальдық  қасиеттерді  бойына  сіңірген 
адамның болуы шындыққа да, ақылға да симайды,  
сол сияқты жаратылысынан барлық өнерге бейім 
адам да болуы мүмкін емес. Дəл сол секілді жара-
тылысынан  барлық  бұзақылыққа  бейім  адамның 
болуы да ақылға симайды», - деп көрсетеді. Бұл 
қорытындыға  Фарабидің  адам  табиғатын  терең 
зерттеу нəтижесінде қолы жетті. 
Зерттеуші  А.  Көбесов  орта  ғасырлар 
заманындағы    ғұлама  оқымысты  Əл-Фарабидың 
ғылыми  бай  мұраларын  біршама  зерттей  келіп, 
былайша баға береді: «Фараби ғылыми шындыққа 
келгенде ешбір үлкен беделге бас имеуі де ғылыми 
этикадағы  үлкен  жаңалық.  Тіпті  Фарабиден  көп 
кейін өмір сүрген орта ғасырлар мен жаңа заман 
ғалымдарының өзі мұндай ғылыми қайсарлық жа-
сай алмаған. Европада жаңа ғылым күні өткен кер-
тартпа «пəленше айтыпты» деген қате пікірлерді 
мансұқ  етіп,  теріске  шығару  барысында  пайда 
болды. Фарабиді бұл тұрғыдан да ескінің көзінен 
гөрі жаңаның басшысы деуіміз жөн» [2].
Қорыта  келгенде,  журналист  тек  қоғам 
алдындағы  ғана  жауапкершілікпен  шектелмейді. 
Оның  ең  басты  əділ  сарапшысы  –  тұрақты 
оқырманы,  көрермені,  тыңдаушысы.  Орта 
ғасырларда  адамзат  білімінің  молайып,  ақыл-
парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген  
əл-Фарабидің пайымы мен парасатындағы негізгі 
этикалық,  рухани  ой-аңғарымдары  –  бүгінгі 
қалам  иелері  журналистер  үшін  де  бағалы  əрі 
құнды.  Осы  мақсатта  біз  ғұлама  тəжірибесіндегі 
негізгі  этикалық  ой  тамызықтарды  бүгінгі  күн 
тұрғысынан саралап, баға беруге тырыстық. 
 
 
1. Əл-Фараби. Əлеуметтік-этикалық трактаттар. – А.: Ғылым, 1975. 3 б.
2. Көбесов А. Əл-Фараби. –Алматы: Қазақстан, 1971.  53 б.

129
БАСПА ІСІ 
ЖӘНЕ 
БАСПАСӨЗ

130
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Назг л Шы ысова,
Филология  ылымдарыны  
докторы
ӨҢІРЛІК МЕРЗІМДІ 
БАСПАСӨЗДІҢ 
ТӘУЕЛСІЗДІК 
ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ 
ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
В статье рассматриваются тенденции развитии 
региональной периодической печати в первые 
годы независимости.
In article tendencies development of regional 
periodicals in the fi rst years of independence are 
considered.
А
вторитарлық-бюрократтық  қо-
ға м нан  демократиялық  қоғам-
ға  қадам  басу  –  бұқараға  ықпал 
ету,  тəрбиелеу  құралы  ретінде 
қолда нылып келген БАҚ-қа да үлкен өзгерістер 
əкелді. 1985 жылы билікке келген М.С. Горбачев 
кеңес қоғамын қайта құруды қолға алды. «Қайта 
құру»,  «Жариялылық»  ұғымдары  қоғамның 
қай  саласымен  болмасын  біте  қайнасып,  жиі-
жиі  айтылатын  болды.    1990  жылдан  бастау 
алған еліміздегі қоғамдық-саяси, экономикалық 
өзгерістер  ақпараттық  қызмет  түрлерінің 
көбеюіне, жаңа басылымдардың пайда болуына 
ықпал  етті.  Тік-иерархиялық  баспасөз  жүйесі 
бұзылып, редакция құрылымдары жетілдірілді, 
газеттердің  көлемі  мен  шығу  жиілігі  өзгерді. 
Бұрын  типологиялық  тұрғыдан  тек  қоғамдық-
саяси,  балаларға  арналған  жəне  салалық  басы-
лымдар  болса,  енді  іскери,  жарнамалық,  сары, 
корпоративтік  басылымдар  көптеп  ашылды, 
жарияланымдар  сипаты  өзгеріп,  тың  пішін, 
жаңа түрге енді. Жаңа бағыттағы, ұстанымы да 
əртүрлі тəуелсіз газеттер шыға бастады, плюра-
лизмге ерік берілді. 

131
Өңірлік  газеттер  нарықтағы  бəсекені, 
оқырмандар  құндылығын  сезіне  білді.  Саяси, 
экономикалық,  рухани  өзгерістер  кезеңінде 
оқырмандарды  жаңаша  ойлауға,  нарықтық 
қатынастарға  бейімдеуге  тырысты.  Еліміздің 
саяси  дамуына  ықпал  етуші  рөлі  артты.  Га-
зет 
беттерінде 
астаң-кестең 
өзгерістер 
қалтарысындағы  жемқорлық  пен  ашкөздік 
ашық  жазылды,  рухани  құндылық  қозғалып, 
ұлттық  мұраға  қатысты  батыл  пікірлер  айты-
ла  бастады.  Нəубет  жылдардың  ақиқаты,  тіл, 
дін,  мемлекеттік,  тарихи  көкейкесті  мəселелер 
көтерілді.  Оқырмандар  «халық  жауы»  атанып, 
жазықсыз жапа шеккен алаш азаматтары туралы 
білді. Ақын-жазушы, ғалымдардың еңбектерімен 
кең  танысты.  Өңірлік  газеттер  тəуелсіздікпен 
бірге келген демократия үрдістеріне бейімделіп, 
өтпелі  кезең  қиындықтарына  төтеп  берді. 
Оқырмандарға  мемлекеттің  ішкі,  сыртқы 
саясатынан,  жүргізіліп  жатқан  түрлі  рефор-
малардан  түсінік  берді.  Бұл  кезеңдегі  газет 
беттерінен  меншік  қатынастарын  жаңарту, 
нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, тау-
ар  өндірушілердің  əлемдік  нарық  жағдайына 
бейімделуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
тақырыптарына  жазылған  мақалаларды  жəне 
мұрағат материалдарына негізделген деректерді 
көптеп 
кездестіруге 
болады. 
Облыстық 
газеттердің  мазмұны  мен  мақалаларының  са-
пасы  артты.  Демократия  үрдістері,  жастарды 
ұлттық  рухта  тəрбиелеу,  əлеуметтік  өткір  про-
блемалар  туралы  өндірте  жазды.  Егемендік 
алып,  қоғамымызға  нарықтық  қатынастар  ен-
ген  кезеңде  еліміздің  саяси-экономикалық, 
рухани-əлеуметтік  өмірін  жан-жақты  көрсете 
білді,  Елбасының  саясатын  байыпты  насихат-
тап, өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарды халыққа 
түсіндіруге  атсалысты.  Басты  құндылығымыз 
–  ұлттық  мүддені  көтеріп,  жастарды  ата  сал-
ты мен дəстүр рухына тəрбиелеуге үлес қосты. 
Кемшіліктер өткір сыналды. 
Ақпарат кеңістігіндегі өзгерістер баспасөзді 
қаржыландыруға  да  ықпалын  тигізді.  Га-
зеттер  мерзімінде  шықпай,  қызметкерлер 
жалақысын  кешіктіріп  ала  бастады.  Қаламақы 
мүлдем  төленбейтін  болды.  Кейбір  журнали-
стер  өзге  салаға  ауысып  кетті  де,  басылым-
да  журналистиканың  ыстығы  мен  суығына 
бірдей  көндігіп,  ысылған,  кəсібіне  берілген 
қаламгерлер  қалды.  Өңірлік  газеттер  аталған 
қиыншылықтарға  төтеп  беріп,  оқырмандарын 
жоғалтпай  сақтап  қалды.  Өзге  ұлт  өкілдері 
көп  шоғырланған  аймақтардағы  облыстық 
газеттердің  орны  оқырмандар  үшін  қашанда 
ерекше  болғандығын  газет  материалдарынан 
байқауға болады. 
Жаңа  шыққан  ақпараттық-коммерциялық 
басылымдар  мемлекеттік  дотацияға  тəуелсіз 
болды.  Ұлттық  сананың  оянуына  байланысты 
кеңестік  баспасөзге  мүлдем  тосын  тəуелсіз 
басылымдардың  полиграфиялық  негізі  əлсіз, 
таралымы аз болғанымен, өткір материалдары-
мен  оқырмандарды  тартты.  Халық  тарихтағы 
ақтаңдақтарды,  биліктің  қызметіндегі  ащы 
шындықты,  «қоғам  қайраткерлерінің»  бұра 
тартқан саясатын бұқаралық ақпарат құралдары 
арқылы білді. 
«Тəуелсіздік  дəуірінің  публицистикасын-
да  ұлттық  тарих,  мемлекеттік  тіл,  оралмандар 
мəселесі,  нарықтық  экономика,  сыртқы  бай-
ланыс,  демография,  ұлттық  рух  мəселелері 
айрықша орын алды. Қазақ публицистикасының 
даму  жолында  тəуелсіздік  талаптарынан 
туған  ұлттық  саяси  бағыт  бірінші  кезек-
ке  шықты»  [1].  Тəуелсіздік  дəуіріндегі  қазақ 
публицистикасының  айшықты  бөлігі  –  өңірлік 
мерзімді  басылымдардағы  өткір  материалдар 
болмақ. 
Бұл кезеңге тəн тағы бір үрдіс – газеттердің 
мазмұны  ғана  емес,  бұрындары  егіз  қозыдай 
«Социализм»,  «Коммунизм»,  «Ленин»  деген 
сөздерді  қатыстырып  қойыла  беретін  қасаң, 
ұраншыл газет атаулары да жаңа заман рухына 
сəйкес өзгерді. 
Өңірлік  газеттерде  тарихи-зерттеу  дерек-
термен бірге жер-су аттарын бұрынғы қалпына 
келтіру,  халқымыздың  əдет-ғұрпын,  салт-
дəстүрін  насихаттау,  жазықсыз  жапа  шеккен 
қайраткер  азаматтардың  өмірі  туралы  матери-
алдар берілді. Өңірлік баспасөздің дамуындағы 
жарқын мысалдар бұл газеттердің   өршіл бет-
бедері мен жаңашыл бағытын айқындай түседі. 
1990  жылы  5  маусымда  «Ақ  жол»  газеті  «А. 
Асқаровтың  ісі:  сот  жүріп  жатыр»  деген  Ұлы 
Отан  соғысының  ардагері,  қайраткер  Асан-
бай  Асқаровтың  Бішкектегі  сот  процесі  тура-
лы  мақаланы  ең  алғаш  батылдықпен  жарияла-
ды. Бұл материалды кейіннен өзге басылымдар 
(оның  ішінде  «Советтік  Қырғызстан»  да  бар) 
көшіріп  басты.  «Ол  кезде  кеңестік  идеология-
дан асып мұндай мақала жариялау ерлік еді» [2], 
– делінген газеттегі мақалада.
Тəуелсіздіктің 
алғашқы 
жылдарында 
өңірлік  газеттер    қоғамдағы  күрделі  оқиғалар 
мен 
жаңалықтарды 
көтеріп, 
əлеуметтік 
мəселелер, мұқтаждықтары туралы ой қозғаған 

132
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
оқырмандардың  хаттарына  сергек  қарауға  ты-
рысты,  түрлі  тақырыптармен  топтамалар  бере 
бастады.  Газет  редакциялары  маман,  қаржы, 
көлік  тапшылығына  қарамастан  көкейкесті 
мəселелерді  қозғап,  түрлі  саладағы  тың 
тақырыптарға  қалам  тербей  бастады.  Тарихи 
мақалалар мен əдеби туындыларды, ұлттық салт-
дəстүр, əдет-ғұрып, мəдениетті дамыту, ана тілі, 
адамгершілік  қадір-қасиеттері,  имандылыққа 
шақырған  батыл  мақалалар  жариялана  бастад. 
Сондай-ақ,  əлеуметтік,  экологиялық  проблема-
лар жиі бой көрсетті. Газеттердің тақырыбы мен 
жанрлары түрленді.
Тəуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы 
газет  жарияланымдарының  бір  парасы  1986 
жылғы  желтоқсан  оқиғасына  байланысты. 
«Ақ  жол»  газетінде:  «Қазақ  халқының  үш 
ғасырдай  созылған  бодандық  бұғауынан 
құтылу  жолындағы  ұлт-азаттық  күресінде 
Қазақстанның  мемлекеттік  тəуелсіздікке  жету 
жолындағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 
себептері,  қатысушылары  мен  қаһармандары, 
ауқымы  мен  саяси-əлеуметтік  мəні,  орны  мен 
маңызын  жан-жақты  зерттеу  əлі  де  қажет. 
Тəуелсіздікке 1991 жылы ғана қайта қолы жет-
кен  халқымыздың  ғылыми,  ұлттық  тұрғыдан 
зерттелмей  келген  көптеген  тарихы  ішінде 
ХХ  ғасырдағы  ұлт-азаттық  күрестер  туралы 
деректер  толық  зерттелді  деу  əлі  ерте»  (АЖ. 
2007.13  қаңтар),  –  деген  пікір  жарық  көрген 
еді.  Жалпы,  өңірлік  баспасөз  бетіндегі  1986 
жылғы  желтоқсан  көтерілісі  туралы  ақиқаттар 
тоқсаныншы  жылдардың  басында  батыл  жа-
риялана  бастады.  Онда  азаттық  таңын  аңсап 
желтоқсан  ызғарына  тоңған  қазақ  жастарының 
оқиға туралы пікірлері ашық айтылды. 
Тарихшылар қазақ халқының ғасырлар бойы 
санасына  ұялап  қалған  империялық-отарлық 
езгіге  қарсы  азаттық  үшін  бейбіт  мақсаттағы 
үлкен  ұстамдылық  пен  зиялы  түрде  болған 
қарусыз  көтеріліс  деп  баға  берген  желтоқсан 
оқиғасына  аймақтағы  жастар  да  қатысып,  əр 
қалада  кішігірім  қақтығыстар  болып  жатты. 
Өңірлік  газеттерде  бұл  оқиғалар  патриоттық 
сезімі  жоғары  жастардың  өз  аузымен  баянда-
лады.  «Қайраттың  рухы  Бауыржанмен  бірге», 
«Нағыз  патриот  жастар  Жамбылда  да  бар  еді» 
(Ж-Т. 2006. 15 желтоқсан) сияқты материалдар 
бұған дəлел. 
Ақтөбе облысы Комсомол ауданында (қазіргі 
Əйтеке  би)  1990  жылы  қазақ  тілінде  тұңғыш 
шыға бастаған «Жаңалық жаршысы» газетіне өз 
қалауымен  журналист  болып  барған  Егенберлі 
Əбдіраев желтоқсанның ызғарына тоңып, талай 
құйтырқысын бастан кешірген азамат. Газеттегі 
«Жүрегімде  мұңы  бар  Желтоқсанның»  атты 
көлемді  материал  осы  Егенберлі  туралы.  1985 
жылы Қазақ мемлекеттік университетінің жур-
налистика  факультетіне  оқуға  түсе  алмағаннан 
кейін  жұмыс  істеп  жүрген  жігітті  алаңдағы 
оқиға  бей-жай  қалдыра  алмайды.  Аяусыз 
соққыдан қасы, қабырғасы, кеуде сүйектері жа-
рылып, бүйрегіне зақым келген жігітті қудалау 
басталады.  Еркін  жұмыс  істеп,  өмір  сүруіне 
партия  ұйымы  көп  тосқауыл  болады,  пар-
тия  мүшелігінен  шығарылады.  1988  жылдың 
қыркүйек  айынан  бастап  аудандық  «Ырғыз» 
газетінің  журналистері  оған  сенім  артып, 
редакцияға жұмысқа орналастырады. Газетте  Е. 
Əбдіраевтің «Қаратаудың басынан көш келеді», 
«Ұрпағы  ұмытпайды  ағаларды»,  «Ауылыңды 
ардақ  тұт,  айналайын!»,  «Бізді  іздейсің  туған 
жер  төскейінен»  деген  салмақты  мақалалары 
жарияланған.  Желтоқсан  оқиғасына  ұлттық 
намысты  ту  етіп,  патриоттық  сезімі  жетегімен 
қатысқанына  Е.  Əбдіраев  еш  өкінбейді.  Оның 
өкінетіні – өзі сүйген журналистік мамандықты 
ала алмағандығы, дер кезінде оқи алмағандығы. 
Қаныпезерлікпен  аяусыз  тұншықтырылған 
көтерілістің  куəгерлері  құрдастарының  «дека-
брист»  деген  кекесін  сөздерін  де,  амандасуға 
шамасы  келмей,  теріс  айналған  кейбір  таныс-
тамырларының қатігездігін де көтерді. Біз сөз етіп 
отырған  мақала  кейіпкері:  «Жазалаушылардың 
іс-əрекеттері  фашистердің  зұлымдығынан  кем 
емес. Олардың айуандықтарын көз алдыма еле-
стетсем, қаным қайнайды. Хайуан екеш хайуан 
да  тап  олардай  қатігездікке  бармас  еді»  [3],  – 
дейді.
Е.  Əбдіраев  бүгінде  Əйтеке  би  аудандық 
«Жаңалық  жаршысы»  газетінің  қызметкері, 
«Аңсау»  атты  жинаққа  бір  топ  өлеңдері  енген. 
Үйлі-баранды  жігіттің  тұрмыс-тіршілігі  мəз 
емес,  дипломы  жоқ  болғандықтан,  қатардағы 
тілші,  жалақысы  мардымсыз.  Мақалада 
желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтың ерлік 
іс-əрекеттері, бастан кешкен құқайлары, көрген 
қорлықтары ғана баяндалмаған, бүгінгі жағдайы 
да  сөз  етілген,  күнкөріс  тауқыметіне  облыс 
əкімі  назар  аударса  деген  мəселе  қойылған. 
Осындай салмақты мақаладағы орфографиялық 
қателерден  көз  тұнады.  Автор  мəтінде  тыныс 
белгілерінің қойылу ережелерін өрескел бұзады.
«Оңтүстік  Қазақстан»  газетіндегі  мақалада 
да  желтоқсан  оқиғасына  қатысып,  түрмеге 
түскен  жігіттің  тағдыры  баяндалған:  «1987 

133
жылдың 17 ақпанында ашық сот болды. Маған 
сөз берген де жоқ. Тек «осы алаңда болғаның рас 
па» деді. Мен «рас, бірақ ешкімді ұрып-соққан 
жоқпын» деп жауап бердім. Сот бітті. Прокурор 
маған 15 жыл сұрады. Ал сот мойындамағаныма 
қарамастан, көзімді бақырайтып қойып 4 жылға 
бас  бостандығымнан  айырды.  «Соңғы  сөзіңді 
айт»  дегенде,  ашынып  тұрып  «бұл  жалған» 
деп  айқайладым.  Бірақ  менің  сөзімді  ешкім 
елеген  жоқ.  Сотталғаным  үшін  емес,  арымның 
тазалығын  дəлелдей  алмағаныма  өкіндім.  Бір 
бүйірден қадалған сызда əрі қандалаға таланған 
күйі тас камерада жата бердім. Бірақ бізді ұрып-
соққан,  соттаған  адамдардың  ешқайсысы  да 
жауапқа тартылмады. Жастық өмірім осылай ар-
палысумен, əділдік іздеумен өтті». Автор мақала 
барысында  Шымкенттегі  желтоқсаншылардың 
əлеуметтік  жағдайына  назар  аударады:  «Со-
нымен  бірге  желтоқсан  оқиғасының  кезекті 
құрбаны,  қазір  Шымкент  қаласында  тұрып 
жатқан М. Шекербековтың əлеуметтік жағдайы 
төмен. Оған қолдау керек. Ол бір ауыз «Жойыл-
сын  Колбин»  деген  сөзі  үшін  сотталды.  Ал  ол 
кезде мұндай сөзді айтуға үлкен батырлық пен 
қайсарлық  керек  болатын.  Біз  егемендігімізді 
алып, тəуелсіз ел атанғанда қатты қуандық. Бірақ 
желтоқсан  оқиғасы  арқылы  көптеген  қазаққа 
рух  берген  жастардың  қазіргі  халі  ешкімді  ой-
ландырмайды.  12  томдық  кітабымызды  да  əлі 
шығара алмай жатырмыз» [4].
Өңірлік  газеттердегі  желтоқсан  оқиғасына 
байланысты материалдарда желтоқсаншылардың 
бүгінгі əлеуметтік жағдайы жиі сөз болады.
Алты  сағаттан  кейін  сүзектен  тұрғандай 
болып,  иіні  салбырап  ауысымды  өткізетін 
қазақ  жұмысшыларына  көрсетілген  тұрмыстық 
əлеуметтік  əділетсіздік  (жолдамамен  келген-
дер  олардан  гөрі  тезірек  жайлы  пəтер  алатын) 
желтоқсан оқиғасымен қатар өрілген мақалада: 
«Мемлекет  басшысы  ұлы  халықтың  бір  өкілі 
болды  дегенді  естіген  ең  төменгі  «қызметтегі» 
аула  сыпырушылар  алақайлап,  еден  жуушылар 
ежірейіп,  күзетшілер  күжірейіп  шыға  келді» 
[5],  –  дей  келіп  автор  зауыттағы  желтоқсан 
көтерілісі  күндеріндегі  жағдайды  баяндай-
ды.  Жұмыстан  жүйкесі  жұқарып,  шаршап 
шыққан жұмысшыларды əскерилер цехтың жи-
налыс  өтетін  залына  тоғытады.  Жиналғандар 
алдында  суырылып  шығып  сөйлеушілер  де, 
болған  оқиғаны  баяндаушылар  да  болған  жоқ. 
Тізбектете  тұрғызып  қойып  аты-жөндерін,  ме-
кенжайларын қағазға қаттап, «ешқайда бармай-
мын» деп қол қойғызып алады. «Егер кімде-кім 
осы айтылғандарды орындамаса, өз обалы өзіне, 
біріншіден, жұмыстан шығарылады, екіншіден, 
жатақханадан  қуылады,  үшіншіден,  пəтер  алу 
кезегінен  сызылады.  Ең  соңында  жеке  басы 
саудаға  түседі».  Дүмпу  мен  дүрбелеңге  толы 
үрейлі  үш  күн  мен  үш  түнде  зауыт  басшы-
лары  мен  тəртіп  сақшылары  күзетте  тұрып, 
химияшылардың  тырп  етуге  мұршасын 
келтірмейді.  Тағы  бір  материалда:  «Бірде  ОК 
лекторлар  тобының  жетекшісі  Ауман  келіп  ба-
яндама жасады. Əрине, əр сөзі қазақты қаралау. 
Қарсы дау айтатын адамның жоғынан өз пікірінің 
құлына айналған ол «мен желтоқсан оқиғасына 
қатысқан  қазақтармен  сөйлестім.  Қызығын 
қараңыз,  солардың  бəрі  бір  ауыз  орысша 
білмейді екен» деп қойып қалды. Оның айтуын-
ша, ұлтшылдық пиғыл орысша сөйлей алмайтын 
қазақтардан шығады екен. Осы кезде облыстан 
барған  Шəймерден  Дəуренов  былай  деп  сұрақ 
қойған  еді:  «Сонда  орысша  судай  сөйлеген, 
тіпті сол ұлттан əйел алған біздің қазақ азамат-
тары 1937 жылы неге атылды? Сіз айтыңызшы, 
Тұрардың,  Сəкеннің,  тағы  басқалардың  кінəсі 
не еді сонда?». Ауман мүдірген жоқ. «Біздің сот 
бекер жазаламайды. Жаңа гуманды мемлекеттің 
құрылымындағы  кедергіге  олардың  бəрінің  де 
кінəсі болған», – деді» [6].  
Жалпы, газет бетінен сөз алған желтоқсанға 
қатысушылар оқиғаның қалай болғанын баяндап 
береді,  өзінің  алаңға  қалай  барып,  көтеріліске 
қатысқанын, 
қазақтың 
ұл-қыздарының 
бойындағы  еліне,  жеріне  деген  патриоттық 
сезімі  мен  намысын  сөз  етіп,  көтерілістен 
кейінгі жазықсыз жазаланғаны туралы деректер 
келтіреді.
«Егер  1986  жылғы  Алматыдағы  желтоқсан 
оқиғасын  бастан-аяқ  көзбен  көрмеген  болсам, 
бұл  жолдарды  жазар  ма  едім,  жазбас  па  едім. 
Бірақ, менің шыққыр көзім сол сұмдықтың тірі 
куəгері  болып,  қыршын  жастардың  құлындай 
шыңғырған  дауысын  естіді»  (ТТ.  1991.  19 
қаңтар), – деп жазды журналист С. Шайманов.
«Қаламгердің  қаһарман  қызы»,  «Намыс 
оты»  тақырыбымен  берілген  материалдар  – 
ақын,  журналист,  Аманкелді  аудандық  газеттің 
редакторы  болған  Е.  Əбдіхалыққожаның  қызы 
Салтанаттың  желтоқсандағы  ерлікке  толы 
қимылдары  мен  əділетсіздікке  ұшырап,  ком-
сомол  қатарынан,  оқудан  шығарылуы  ту-
ралы  (ТТ.  2006.  15  желтоқсан).  Қызының 
басына түскен іске шыдамай, шешесі қайтыс бо-
лады. Мақалаларда алаңдағы қазақ жастарының 
бауырмалдығы,  рухани  бірлігі,  жастардың 

134
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
бойындағы  отансүйгіштігі,  патриоттық  рух 
ашылған. 
Қорыта  келе,  демократияның  алғашқы 
ұшқындары  ақпараттық  кеңістікке  дендеп  ене 
бастаған кезде облыстық газеттер ұшқары сөздер 
мен жеңілтектіктен бойын аулақ ұстап, байсал-
ды, салмақты ұстанымда болды. Мемлекет сая-
сатын дəйекті құптай отырып, алға қадам басуға 
кедергі  жасап  отырған  кемшіліктер  туралы 
ұтымды  жазды.  Тиым  салынған  тақырыптарды 
көтерді.  Жаңа  бағытты,  соны  мазмұнды,  тың 
тақырыпты  өңірлік  газеттер  дамудың  тағы  бір 
белесіне аяқ артты. Бұл кезеңдегі өңірлік газет-
терге тəн ерекшеліктер:
1.  Айтылмаған  ақиқаттар,  ұлттық  мүддені 
көздейтін  материалдар  жариялап,  көкейкесті 
мəселелерді көтеруге тырысты.
2. 
Облыс, 
республиканың 
тыныс-
тіршілігінен мол ақпарат берді.
3. Оқырмандармен хат арқылы тығыз байла-
ныс  орнатты.
Аталған 
жетістіктерімен 
қатар, 
тəуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы  өңірлік 
газеттердің кемшіліктері де бар:
1.  Кейбір  материалдардың  өткірлігі  кем, 
көпсөзділік басым.
2.  Ұсақ тақырыптарды көтереді.
2.  Əлеуметтік-экономикалық  мəселелерге 
терең талдау жасалмайды.
3.  Басшыларды  орынды-орынсыз  дəріптеу 
орын алған.
       4. Газет беттерінде журналистік зерттеу 
материалдары  аз.
1. Жақып Б.Ө.  Публицистикалық шығармашылық негіздері. Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 432 б.
2. 93 Əбілдаұлы Б. Айыбы – əділдікті жақтағаны. Асанбай Асқаров туралы бір үзік сыр // Ақ жол. – 2007, қаңтар – 13.
3. Ахмедиярұлы Қ. Жүрегімде мұңы бар желтоқсанның // Жаңалық жаршысы. – 2007, желтоқсан – 13.  
4. Назарбекова Н. Желтоқсаншы неге үйсіз жүр? // Оңтүстік Қазақстан. – 2006, қыркүйек – 12. 
5. Байшуақұлы С.Үрейлі үш күн мен үш түн немесе одан кейін 134 сөтке өткенде... // Жамбыл-Тараз. – 2006, қараша – 15. 
6. Əлиев Е. Ауман «Бəрінің де кінəсі бар» деген еді // Жамбыл-Тараз. – 2006, қараша – 15. 

135

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет