32
33
кінші ыдыстағы сүттің мөлшері біріншідегіге қарағанда 2 есе артық. Әр ыдыстан 10 литрден сүт құйып алғанда, екінші ыдыста біріншіге қарағанда 3 есе артық сүт қалды. Алғашқыда әр ыдыста неше литр сүт болған еді?
«Сиқырлы шаршының » бос тор көздерін толтыр.
28
Қайраттан жасын сұрағанда, ол: «Енді 1 мұшелден кейін, бұдан 2 жыл бұрынғы жасымнан 2 есе артық жаста боламын», - деп жауап берді. Қайрат нешеде?
Шаршыларды сиқырлы деп атауға бола ма
7
16
2
3
15
6
1
10
8
12
14
13
5
9
4
11
15
0
14
11
5
6
13
9
7
10
12
2
1
3
8
4
20.Салыстыр:
1 + 2 + 3 = 1 * 2 * 3
1 + 1 + 2 + 4= 1 * 1 * 2 * 4 1 + 1 + 1 + 2 + 5 = 1 * 1 * 1 * 2 * 5
Салыстыр: 6 – 3 – 2 = 6 : 3 : 2 8 – 4 – 2 – 1 = 8 : 4 : 2 : 1
10 – 5 – 2 – 1 – 1 = 10 : 5 : 2 : 1 : 1
22.Салыстыр: 1 * 9 + 2 = 11 3 * 9 + 4 = 31 ............... 2 * 9 + 3 = 21 4 * 9 + 5 = 41
Не байқадың? Қорытынды жаса? Жазуды әрі жалға.
23. Салыстыр:
1 * 9 + 2 = 11 12 * 9 + 3 = 111
123 * 9 + 4 = 1111
....................... Не байқадың? Жазуды жалғастыр.
24. Салыстыр:
1 * 8 + 1 = 9
12 * 8 + 2 = 98
123 * 8 + 3 = 987
........................ Не байқадың? Жазуды жалғастыр.
25. Салыстыр :
777 х143 = 111 111
777 х 286 = 222 222 ................................... Не байқадың? Қорытынды жаса. Жазуды әрі қарай жалғастыр.
26 . Салыстыр :
37 х 3 = 111
37 х 6 = 222 ................................... Не байқадың? Қорытынды жаса. Жазуды әрі қарай жалғастыр.
27.«Сиқырлы шаршының» сырын аш.
16
4
2
3
11
13
10
15
1
5
8
Мынадағы әрбір санды 1 – ге арт тырып жазсақ,
9
«сиқырлы шаршы » шыға ма?
28. «Ата, жасыңыз нешеде?» - деп сұрағанда, Қожекең: «Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсе, менің өтірік жасым шығады. Ал шын жасымды айтпаймын. Оны халық біледі», - депті. Қожанасырдың өтірік жасы нешеде?
29 . «Әкең неше жаста?» - деп сұраған досына Азат: «Мен әкемнен 5 есе жаспын, інімнен 5 жас үлкенмін, ал әкем мен інім екеуінің жасын бірге алғанда 61 – ге тең», - деп жауап берді. Азат неше жаста?
30. Теңдеу тура болатындай етіп, амал таңбаларын қой (жақшаларды да пайдалануға болады):
600 * 40 * 20 * 8 = 18 600 * 40 * 20 * 8 = 292
600 * 40 * 20 * 8 = 612 600 * 40 * 20 * 8 = 7200
600 * 40 * 20 * 8 = 548 600 * 40 * 20 * 8 = 24028
600 * 40 * 20 * 8 = 308 600 * 40 * 20 * 8 = 23840
31. Кітап бетін нөмірлеу үшін 187 цифр қажет болды. Осы кітаптың неше беті бар?
32. 1 цифрын 7 рет, 3 цифрын 6 рет пайдаланып және амал таңбаларын қолданып, мәні 1000 – ға тең өрнек жазып көрсет.
3 3. Бұл «сиқырлы көпбұрыш»
бола ма, тексер. Мұндағы әрбір
с анды 6 – ға арттыр. Сонда
к өпбұрыш қабырғасына
о рналасқан 4 санның
қосындысы нешеге тең
б олады?Сонда «сиқырлы
көпбұрыш» шыға ма?
34. Оқушы 48 беттік қалың дәптер жасады. Осы дәптердің беттерін нөмірлеу үшін барлығы неше цифр қажет?
35. Бір өсімдіктің 400 дәні 5 г тартса, екінші өсімдіктің 40 дәні сонша тартады. Осы өсімдіктердің әрқайсысының 100 грамында неше дәннен болады?
36. Саусақтың көмегімен бір таңбалы санды тоғызға көбейтуді үйрен. Ол үшін екі қолыңды үстелге қой. Сол жақтан бастап санағанда, 9 – ға көбейтілетін санды көрсететін саусағыңды бүгіп белгіле. Сонда бүгілген саусағыңның сол жағында орналасқан саусақтар саны нәтиженің ондығын, ал оң жағында орналасқан саусақтар саны нәтиженің бірлігін білдіреді. Тексер.
3 7. Таяқшалардан мына сияқты
фигура құрастыр да, 3 таяқшаны
а лып қой, сонда 7 шаршы қалатын
болсын. Төрт түрлі шешу жолын
тап және оларды бір – бірімен салыстыр.
Олар жайында не айтуға болады?
3 8. Таяқшалардан мына сияқты
фигура құрастыр да, 4 таяқшаны
а лып қой, сонда 7 шаршы қалатын
болсын. Төрт түрлі шешу жолын
тап. Олардың ұқсастығы неде?
Айырмашылығы неде?
39. Бір орам шөпті жылқы 1 айда, ешкі 2 айда, қой 2 айда жейді. Үшеуі бірігіп бір орам шөпті қанша уақытта жеп бітіреді?
40. Бірі екінші әрі 2 – ге артық, әрі 2 есе артық болатын сандарды тап. Бірі екіншісінен әрі 2 – ге кем, әрі 2 есе кем болатын сандарды тап.
41. Текше пішіндес хауыздың тереңдігі 3м. Осы хауызды толтыру үшін оған неше куб метр су құю керек?
42. Баласы 10 жаста, ал әкесі 46 жаста. Неше жылдан кейін әкесі ұлынан 2 есе үлкен болады?
43. «Дәужан» қант орталығында бір қап қант 2600 теңге (массасы 50 кг), ал базарда 2520 теңге (массасы 45 кг) тұрады. Қантты қайдан сатып алған тиімді болар еді?
44. Жер бөлісі кезінде шаруа қожалығына периметрі 800 метрге тең тік төртбұрыш пішінді бақшалық жер қоршап алу тапсырылды. Бақшаның ауданы мейілінше үлкен болу үшін оның өлшемдерін қандай етіп алу керек?
45. 28 + 8 – 36 = 35 + 10 – 45 теңдігі тура ма, тексер. Оны мына түрге келтірейік: 7 * 4 + 4 * 2 – 9 * 4 = 7 * 5 + 2 * 5 – 9 * 5. Осы теңдікті мына түрде жазайық: (7 + 2 - 9) * 4 = (7 + 2 - 9) * 5. Соңғы теңдіктің екі бөлігін де (7 + 2 - 9) өрнегіне бөлсек,4 = 5 шығады. Неге былай болып шықты? Осы есептеудегі қатені тап.
46. Дөңгелек пішіндес көлдің жағалауына кен байыту комбинаты мен демалыс үйін, олардың арасы мейлінше қашық болатындай етіп, қалай салуға болады?
47. 60 және 12 сандары берілген. Осы сандардың қосындысының және көбейтіндісінің мәндерін тап және салыстыр. Не байқадың? Осындай қасиетке ие сандардың тағы да жұптары бар. Жұптардың бірінде ғана жалғыз үш таңбалы сан 110 болады, ал қалғандары екі таңбалы сандар. Осындай жұп құрайтын сандарды тап.
48. Ауданы 64 м²- ге тең болатындай етіп, тік төртбұрыш пішінді қора салу керек. Өлшемдерін қандай етіп алғанда, оның қабырғаларын салуға материал аз мөлшерде жұмсалады?
49. Тиімді тәсілмен есепте:
37* 59 + 41 * 37 + 63 * 59 + 41 * 61
50 . Ондықтары 1 – ге тең, ал бірліктерінің қосындысы 10 – ға тең екі таңбалы сандарды көбейту үшін ондықтарын қосып, шыққан санның жанына олардың бірліктерінің көбейтіндісінің мәнін жазса болғаны. Мысалы: 14 * 16 = 224, өйткені 1 + 1 = 2: 4 * 6 = 24 17 * 13 = ... 15 * 15 = ...
51 . Ауылдан қалаға машина ұзындығы 150 км қара жолмен ең көп дегенде сағатына 50 км, ал ұзындығы 160 км асфальт жолмен сағатына 80 км жылдамдықпен жүретін болса, қалаға осы жолдардың қайсысымен жүргенде тез жетуге болады?
Екі таңбалы санды 25 – ке көбейту үшін оны 100 – көбейтіп,
4 – ке бөлсе болғаны. Мысалы: 24 * 25 = (24 * 100) : 4 = 2400 :4 = 600
12 * 25 = 16 * 25 = 48 * 25 =
53. Беті ашық екі аквариум бар. Біріншісінің қыры 2 дм текше пішіндес, ал екіншісінің өлшемдері 2 дм, 4дм, 6дм тік бұрышты параллелепипед пішіндес. Әр аквариумның көлемін тап. Әр аквариумның барлық жақтарының ауданын тап.
54. Екі ұшы жалғанып, тұйықталған жіпті тор көз дәптердің таза парағына қойып, әр түрлі пішіндегі фигуралар, міселен, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы және дөңгелек жаса. Тор көздерді санау арқылы осы фигуралардың әрқайсысының аудандарын тауып, оларды салыстыр. Не байқадың? Ең үлкен ауданды қамту үшін жіпке қандай пішін беру керек екен?
55. Теңдіктерді салыстыр.
25 * 11 = 250 + 25 = 275 25 * 15 = 250 + 125 = 375 25 * 19 = 250 + 225 = 475 Жазуды жалғастыр.
56. Төрт цифрын 4 рет және амал таңбалары мен жақшаларды пайдаланып, 3 санын қалай шығарып алуға болады?
57. 24 * 37 = (24 : 3) * (37 * 3) теңдігінің тура екендігін дәлелде. Төмендегі көбейтінділер үшін де осы сияқты теңдіктер жазып, олардың мәндерін тап: а) 15 * 37: ә) 27 * 37: б) 18 * 37: в) 21 * 37.
58. Кез келген үш таңбалы сан ойла. Оның оң жағынан сондай санды тіркеп жаз. Сонда шыққан санды 7 – ге бөл. Бөліндінің мәнін ойлаған санға бөл. Нәтижені 11 – ге бөл. Сонда шыққан санды екі еселе. Нәтиженің цифрларын қос. сонда 8 шығады. Бірнеше мысал келтіріп, салыстырып көр. Не байқадың?
59. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысының мәні ең кіші екі таңбалы санға тең. Ал оның ондықтарын көрсететін цифр бірліктерін көрсететін цифрдан 4 есе артық. Бұл қандай сан?
60. Қосындысының да мәні, көбейтіндісінің де мәні 6 – ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап.
61. Теңдіктерді салыстыр:
37 * 3 = 111 37 * 6 = 222
............ Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп теңдіктерді жазуды жалғастыр.
62. Екіншісі біріншісінен 3 есе артық, ал үшіншісі екіншісінен 3 есе артық болатын кез келген үш санның шеткі екеуінің көбейтіндісін ортаңғы санмен салыстыр.
63. Тізбектес төрт санның шеткі екеуінің көбейтіндісінің мәнін ортаңғы екеуінің көбейтіндісінің мәнімен салыстыр. Не байқадың?
64. Теңдіктерді салыстыр:
999 * 4 = 4 * 1000 – 4 999 * 5 = 5 * 1000 – 5
.................Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп теңдіктерді жазуды жалғастыр.
65. Теңдіктерді салыстыр:
15873 * 7 = 111111
15873 * 14 =222222
..................Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп теңдіктерді жазуды жалғастыр.
66. Жанармай құю бекетіне бір мезгілде екі автомашина келді. Олардың біріне жанармай құюға 4 мин, ал екіншісіне 2 мин уақыт кетеді. Жанармай құю бекеті автомашинаның мұнда бөгелген әр минуты үшін айып төлейді. Автомашиналардың қайсысын бірінші жіберген тиімді болады?
67. Байтілеудің үш түлік малының (қой, сиыр және жылқы) саны 3936. Сиыры барлық малының 123 – тен бір бөлігіндей, ал жылқысы сиырынан 54 есе артық. Байтілеудің қанша қойы бар?
68. Қарындашты қағаздан көтермей және бір сызықты екі рет бастыра жүргізбей, суреттегідей фигуралар сыз. Әр фигура үшін сызуды бастайтын нүктені тап. осындай неше нүкте бар, ол нүктеде неше сызық түседі?
69. 1,2,4,5,6 және 9 цифрларын пайдаланып, бірі екіншісінен 5 есе артық болатын үш таңбалы екі сан жаз.
70. Теңдіктерді салыстыр:
3367 * 33 = 111111 3367 * 66 =222222
.................Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп теңдіктерді жазуды жалғастыр.
71. Теңдіктерді салыстыр: 142857 * 2 = 285714
142857 * 3 = 428571
142857 * 4 = 571428
142857 * 5 = 714285
142857 * 6 = 857142
..........................Не байқадың? Көбейтіндінің мәнінде 1,4,2,8,5,7 цифрларының қайталануының қандай ерекшелігі бар?
72. Теңдіктерді салыстыр:
2 + 4 = 2 * 3 2 + 4 + 6 =3 * 4 Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп теңдіктерді жазуды жалғастыр.
73. Теңдіктерді салыстыр:
1 + 3 = 2 * 2 1 + 3 + 5 =3 * 3 Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп теңдіктерді жазуды жалғастыр.
7 4. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларын әр бағандағы, әр бағандағы және кез келген басқа да түзу сызық бойындағы дөңгелектерге орналастырғанда сол цифрлар арқылы жазылатын үш таңбалы сан 3 – ке бөлінетін болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |