«Екеу дегенше, бекем де».
Бірді бірге қосқанда,
Екеу болады.
Жалғызсырап, жасқанбай,
Бекем болады.
«Есеп»
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Бәрін алсын! – дей салдым.
«Бес»
Қарсы алғанда анасы,
Мектебінен Қошайды,
«Бес» алған – ау шамасы,
Бес саусағы шошайды.
Математикалық жаңылтпаштар.
Ұшып кетті үш құс
Ұшып келді ұшқыш.
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым,
Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.
Есет атам ет асатар
Ет асатса, бес асатар.
Қырық үш қызғыш құсқа,
Қырық үш қызғыш құс қосса,
Қанша қызғыш құс болады?
Оңғар тапқан Он жаңғақтан,
Екіден – ақ
Еппен санап,
Әлжан алды,
Қалжан алды,
Балжан алды,
Қанша қалды?
Санамақтар.
Бір дегенім бүркіт, Қалады аңдар үркіп.
Екі дегенім есек,
Білмейді ол есеп. Үш дегенім үкі, Ұстап жеді түлкі,
Төрт дегенім тиін, Есебі оның қиын, Бес дегенім бұлбұл Сайрағанда дүл - дүл. Алты дегенім – арғымақ, Дөңдеу жерден қарғымақ. Жеті дегенім – жайын Жайынның жейміз майын. Сегіз дегенім серке
Енесіне ерке.
Тоғыз дегенім – түлкі,
Жүрген жері күлкі.
Он дегенім оймақ,
Осымен сөзді қоймақ.
Спорттық санамақ.
Бір дегенім – бокс десем,
Екімде мен ескек есем.
Үшіншім – үлкен футболым, Төртім – теннис столым. Бес дегенім – бессайыс, Алты – алуан ат жарыс. Жеті – жүзу, жүгіру, Сегіз – Спартакиада. Тоғыз – турист боп көру
Оным – Олимпиада. Мен де бір спортшы боламын
Талай жүлде аламын!
Бір дегенім – боз далам,
Екі деген – ер бабам.
Үш дегенім – үй, ордам, Төрт дегенім – тау, орман. Бес – баланың бесігі, Алты – алаштың есімі, Жеті – жердің қабаты, Сегіз – саудың санасы. Тоғыз – десем той барам, Он дегенде – ойланам. Мұның бәрі бізде бар,
Он бірді өзің іздеп ал.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға арналған мысалдар.
Ойлан, тап:
□ – 2 < 4 + 3 3 + □ > 7 – 2 6 - □ < 7 + 1
|
5 + □ > 5 6 - □ < 6 7 > 7 - □
|
5 + 3 > 5 + □ 8 – 5 < 8 - □ 8 – 2 < 8 + □
|
5 + □ > 7 9 > 3 + □ 3 + 4 < □ + 6
|
6 + 4 > 6 + □ 10 – 6 < 10 - □ 10 – 4 < 10 - □
|
8 - □ < 4 8 > 10 - □ 10 – 5 < 9 - □
|
□ + 3 > 2 + 5 □ – 5 < 6 – 4 □ – 4 > 1 + 2
|
□ 2 > 4 □ 2 < 4 5 > 3 □
|
5 < 3 □ □ * 3 – 2 6 + 1 * □
|
6 + 1 * □
6 – 1 * □
□ * 3 + 2
|
7 3 * 8 – 2
9 1 > 5 4
□ + 2 < 4 3
|
9 - □ < 8 1
3 + 4 < 2 □
3 + 4 > 2 □
|
1 сыныптарға арналған деңгейлік тапсырмалар.
Тақырыбы: Он көлеміндегі сандар.
І деңгей
Сандарды салыстыр.
0 * 1, 0 * 2, 0 * 3, 1 * 2, 1 * 3, 2 * 3.
Тиісті санды қой.
3 > □, 5 = □, 0 < □, 2 < □, 8 > □, 3 = □.
Қосындының мәнін тап.
1 + 2 = 2 + 1 = 4 + 1 = 3 – 2 = 5 – 1 = 1+ 4 = 5 – 4 = 3 + 2 =
Жазылмаған сандарды тауып жаз.
0, 1, ..., 3, ..., 5, 6, ..., ..., 9, ... .
Салыстыру.
10 см = ... дм 1 дм = ...см
Әйнектердің орнына керекті санды қой.
10 = 1 + □ 8 = 1 +□ 6 = 1 + □ 4 = 1 + □ 3 = □ + 1 7 = □ + 1 5 = □ + 1 9 = □ + 1
Тиісті санды қой. □ + □ = 8 8 - □ = 4
ІІ деңгей
Салыстыпу
3 + 4 > 3 + □ 6 > 10 - □
Жұлдызшаның орнына тиісті санды қой.
6 – 2 > * - 4 3 + 2 < 2 + * 4 +1 = 6 - *
Әйнекшенің орнына қандай сандар тұруы мүмкін?
14 + □ = 16 - □
ІІІ деңгей
1 және 8 цифрларын пайдаланып, екі таңбалы неше сан жазуға болады?
Берілген сандарды пайдаланып азайту амалына өрнек құрастыр және шығар. 3,5,8.
Әріпті өрнектің мәнін тап. а + 2, мұндағы а =0,1,2,3,4,5,6,7,8.
10 – ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |