Л исаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» мм


Тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер



бет8/39
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#122695
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер.
І деңгей

  1. а)Екінші қосылғышы 6 болатын қосындыларды жаз.

ә) а = 0, а = 1 деп алып, а және 8 сандарының қосындысын жаз.
2. а) Азайғышы 3 болатын айырмаларды жаз.
ә) Қосындылардың мәнін тап.
3 + 2 = 4 + 5 = 6 + 2 = 4 + 4 =
3. Бақшада 10 алма ағашы мен 3 алмұрт ағашы өсіп тұр. Бақшада барлығы неше жеміс ағашы өсіп тұр?
4. а)Әріпті өрнектердің астын сыз.
а + 2 , 4 + 2 , 5 – 2, 4 – а .
ә) а = 2 және а = 0 деп алып, 3 саны мен а – ның айырмасын жаз, өрнектің мәнін тап.
5. а) Сыныпта барлығы 20 оқушы бар. Олардың 10 – ы қыз бала. Сыныпта неше ұл бала бар?
ә) Торкөздің орнына тура теңсіздік және тура теңдік орындалатындай сандар жаз.
□ см < 6 см □ см = 5 см
ІІ деңгей

  1. а – ға мән беріп содан кейін жұлдызшаның орнына қажетті салыстыру белгілерін қой.

а * а + 4 а * а – 2

  1. Тауық бір аяқпен тұрғанда 4 килограмм болады, ал екі аяқпен тұрғанда неше килограмм болады?

  2. а - 0 = 0 теңдеуін шешіп көр.

ІІІ деңгей

  1. Жұлдызшалардың орнына қандай амал таңбаларын қойғанда теңдік орындалады?

4 * 3 * 2 = 3 5 * 2 * 1 = 4

  1. Екі таңбалы сан жаз, сонда оның бірлігі ондығынан 8 – ге артық болсын.

Тақырыбы: Теңдеу құру және шешу.
І деңгей

  1. а) Теңдеулерді шеш. 3 + а = 7 а – 4 = 6

ә) Теңдікті жаз. 2 мен 3 сандарының қосындысы 5 – ке тең. 6 мен 3 сандарының айырмасы 3 – ке тең.
2. Теңдеулерді шеш. 10 – а = 1 а – 2 = 6
3. Теңдеуді жаз: а мен 2 – нің қосындысы 5 – ке тең.
4. Теңдеуді шеш. а + 3 = 5 а – 4 = 4 а + 9 = 10 а – 9 = 0
5. Аулада барлығы 9 гүл өсіп тұр. Оның 5 – еуі қызыл қалғандары көк гүлдер. Аулада неше көк гүл өсіп тұр?
ІІ деңгей

  1. Өз ойыңнан бірнеше теңдеу құрастырып жаз.

  2. 10 ағашты үш қатарға төрт – төрттен отырғызуға бола ма?

  3. а – ға мән беріп содан кейін жұлдызшаның орнына қажетті салыстыру белгілерін қой. 6 – 3 * а – 5 3 + а * 1 + 4

ІІІ деңгей

  1. Амал таңбаларын жаз. 9 * 8 * 3 * 2 * 6 = 12

  2. 1,2,3,4,5 сандарына қосу және азайту амалдарын пайдаланып мәні 1 – ге тең болатын санды өрнек құрастырып жаз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет