ЕҰУ ТҮЛЕГІНЕ ЖАДЫНАМА ҚР «Білім туралы» Заңының 47 б.17-т. сәйкес (бұдан әрі – Заңның) 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін тиісінше ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда Университетті бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Университетті бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары оқуын бітіргеннен кейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуын аяқтағаннан кейін мемлекеттік органдарда немесе жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органның "Қаржы орталығы"АҚ-ға жүктеледі.
Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогтік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары оқу орны бойынша университетті бітіргеннен кейін өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары осы тармақта көзделген мерзімде Университетті бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша нақты білім алған уақытына бара-бар, мынадай жағдайларда:
1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;
3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен Университеттен шығару.