Шпенглер бойынша, мәдениеттің мәнісі – бұл халықтың ұжымдық жанының өзін білдіруге ұмтылысы. Әрбір ұжымдық жанға (халыққа) өзіндік көңіл – күйі, сезімталдық әлемі, оның негізінде ұжымдық жан өмір сүретін, сезетін, жасайтын, одан мәдени формалардың бүкіл байлығы шығатын, өзіндік психикалық ілкі рәміз (прасимвол) тән. Шпенглердің мына метафоралық нақыл сөзі белілі: бұл «....ұлы мәдениеттердің әрбірі, кім бұл мәдениетке жататын болса, тек соған әбден түсінікті, дүние сезінудің құпия тіліне ие. Үнді мәдениетінтүсіну үшін, дауыстық жанға ие болу керек, оның негізінде кеңістік пен уақытты ерекше сезіну – ал атап айтқанда – шексіздікке ұмтылыс, жатыр.