Кейінірек барлық танылған мәдениеттер әлемдік діндермен (христиандық, исламдық, будистік және т.б.) сусынданған деген қорытындыға келіп, бір адамзат «тарих бәйтерегінің» бұтағы іспеттес деген ой айтады. Олардың барлығы бірлікке ұмтылады, себебі олардың әрқайсысы оның бір бөлігі болып есептеледі. Дүниежүзілік тарихи даму қозғалыс түрінде локалды мәдени жалпылықтан бірыңғай жалпыадамзаттық мәдениетке қарай жылжып отырады. 8 «өркениетті» айқындаған О.Шпенглерге қарағанда А.Тойнби оларды 20-30-ға дейін санап, ең соңында 13 санына тоқтады. Тарихтың қозғаушы күшін құдіретті «басқарудан» бөлек, жекелеген жарқын тұлғалар мен «шығармашылық азшылық» құрайды деп есептейді ғалым.