Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет55/116
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#45944
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ҧлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 
Модуляторға кіретін символдар тең ықтималдықта келіп түседі және олардың арасында 
статистикалық байланыстар жоқ. Жиіліктер жолағы мен қуаттары бойынша берілген 
шектеулері қанағаттандыратын дабылдар жиынынан оған әсер ететін аддитивті Гаусс шуылы 
әрбір жекелеген символды қабылдаудың ең кӛп сенімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен, бір 
мезгілде оңтайлы қабылдау құрылымы анықталады. Осы мәселелер екілік арна (т=2) жағдайы 
үшін неғұрлым толығырақ қарастырылған. 
Шеннон кӛрсеткендей, ақпараттар беру жүйесінің тиімділігі мен кедергіге тӛзімділігін 
арттыру байланыс арнасына кодтайтын, демек декодтайтын құрылғыны енгізу есебінен 
мүмкін болады және хабарлар кӛзі мен байланыс арнасының қасиеттерімен статистикалық 
келісу оның мақсаты болып саналады. 
Оның дәлелдеген теоремалары бойынша, аталған байланыс арнасының ӛткізу 
қабілетіне қанша болмасын жақын келетін ақпараттар беру жылдамдығына қол жеткізілетін 
кодтаудың оңтайлы тәсілінің қолданылуы негізделген. «Модулятор-демодулятор» арнасы 
бӛліктеріндегі операцияларды қоса алғанда хабарлардағы кедергілермен арна қоспаларын кері 
түрлендіру мен дабылдардағы хабарларды түрлендіру бойынша операциялардың жиынтығы 
бұл ретте кодтау болып түсіндіріледі. 
Операциялардың тиісті жиынтығын, демек оңтайлы байланыс жүйелерінің құрылымын 
анықтауға арналардың модельдерін айтарлықтай оңайлататын бірқатар мүмкіндіктерді 
жасаған кезде де қол жеткізілген жоқ. Есептерді оңайлату үшін «модулятор- демодулятор» 
арнасының оңтайлы жобаланған бӛліктері жағдайлары кезінде ең жақсы кодты табу жолымен 
бӛліктері бойынша жүйелерді оңтайландыруға кӛшеді. 
Сондай-ақ, хабарлар кӛзінің статистикалық қасиеттерімен шартталған кодтау 
рәсімдерін және байланыс арнасының статистикалық қасиеттеріне қатысты кодтау рәсімдерін 
бӛлудің дұрыс болатындығы анықталды. Осындай бӛлу түрлендіру үдерістерінің мәнін 
жақсырақ түсінуге оң ықпал етеді. Тәжірибелік тұрғыдан ол, негізгі екі тәуелсіз блоктарды 
кодтайтын, сол сияқты декодтайтын құрылғыларды: дерек кӛзінің кодері мен дерек кӛзінің 
декодері және арнаның кодері мен арнаның декодері жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігімен 
құнды болып саналады. Дискреттік хабарларды беру жүйелерінің нақтыланған құрылымдық 
сұлбасы 11.2- суретте кӛрсетілген. 
Енді, хабарлардың әртүрлі кӛздері мен байланыс арналарының статистикалық 
келісуінің ерекшеліктерін қарастырамыз. 
Дереккӛзден келіп түсетін дискретті хабарлар, артық хабарға ие болады, ал арнада 
кедергілердің зиянды әсерін елемеуге болады деп жорамалдап кӛрелік және бұл бірліктен 
айтарлықтай артып кететін дабыл кедергі қатынастары кезінде шындыққа жақын келетін 
болады. 
Бұл жағдайда, кедергіге тӛзімділікті қамтамасыз ету проблемасын ескерудің қажеттілігі жоқ 
және тиімділікті арттыру есебі сол күйінде қалады. 
Кедергілерсіз дискреттік арна үшін кодтау туралы Шеннонның негізгі теоремасында, 
хабарларды статистикалық тәуелсіз және тең ықтималды символдарға түрлендіру арқылы 
ақпараттарды беру жылдамдығын осы арнаның ӛткізу қабілеттеріне дейін арттыруға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет